Симфониялық оркестердің қосымша аспаптары
Арфа тәріздес аспаптар әлемнің барлық халықтарында кездеседі. Бұл аспапты жай ғана садақтан жасап шығара салған. Ерте замандарды аңшы садақтан жасап шығара салған. Ерте замандарды аңшы садақтың кергесін тартқан кезде дыбыс естіген. Сөйтіп иілген ағашқа тағылған жалғыз ішекті арфа аспабы пайда болған екен. Арфаның ең көне түрі Ежелгі Мысырда табылған. Ол аспапқа 5000 жыл болды. Мысырда арфа кең тараған аспаптардың бірі. Бұл аспапты патша сарайлары мен қарапайым халақтың үйенен де көруге болатын
Фортепиано- симфониялық оркестердің аспаптардың біреуі де фортепиано аспабымен теңесе алмайды. Өйткені бұл аспаптың диапазоңы кең, ол симфониялық оркестердегі ең төменгі дыбыстан бастап ең жоғарғы дыбыстың аралығын қамти алады. Фортепиано аспабында көпдауысты шығармаларды ойнау өте жеңіл әрі ыңғайлы.
Фортепианоның көне түрлері клавесин және клавикордтан басталады. Бұл аспапттар Еуропада XIV-XVII ғасырлар аралығында пайда болған. Әсіресе, клавесин мен клавикорд ақ сүйектер ортасында кең тараған аспап болды. Оларды шеберлер тасбақаның сауытын, бағалы ағаштарды пайдаланып, жылтыратып, әшекейлеп, өте әдемі етіп жасаған. Аспапты көбіне ақсүйек бикештер ойнаған.
Қазіргі таңда фортпиано ең танымал аспап болып отыр. ХХ ғасырда жаңа электрлі музыкалық синтезатор аспабы пайда болды.Ол аспапта табиғаттың барлық дыбысын салуға болады. Сонымен бірге синтезатор барлық музыкалық аспаптардың дыбысын бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |