Ұлттық тарихымызға назар аударсақ, қазақ халқының қаншама буын ұрпақ өкілдері елі мен жерін қорғау жолында күресті, сол жолда жанын беріп, қанын төкті. Сол ата-бабаларымыздың арманы азаттық, бастандық болатын



Дата11.01.2022
өлшемі17,32 Kb.
#111280
Байланысты:
15-апта Мәңгілік ел


Ұлттық тарихымызға назар аударсақ, қазақ халқының қаншама буын ұрпақ өкілдері елі мен жерін қорғау жолында күресті, сол жолда жанын беріп, қанын төкті. Сол ата-бабаларымыздың арманы азаттық, бастандық болатын. Бірақ олар тәуелсіздіктің сағымында көреалмай кетті. Дегенмен, кейінгі ұрпақтың сол азаттыққа жететініне сеніп кетті. Олардың бар арманы елдің тұтастығы мен бірлігі, тәуелсіздігі болатын. 

Қазақ елі тәуелсіздік алған уақыттан бері, өзіндік мемлекеттік немесе ұлттық идеясын іздестірумен болды. Түрлі пікірлер, сан алуан ұсыныстар болды. Бірақ, ұзақ уақыт бір ортақ тоқтам жасалған жоқ. Енді, міне халықты ортақ мақсатқа топтастырушы идея өз шешімін тапты. Ол әр қазақстандықтың мақтанышы мен Отанға деген патриоттық сана-сезімін қалыптастыратындығы сөзсіз. 

Елбасы ұлттық идея жайында: «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды, ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деді. Президент өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті. 

Академик О. Ысмағұлов: «Мәңгілік ел» ұғымы еліміздің тарихында ежелден бар. Бұл термин Түркі қағағанаты тұсында да қолданылған. Түркілер өздерінің ұлы мемлекетін «Мәңгі ел» деп атағаны тарихтан мәлім. Орхон ескерткіштерінде, Күлтегін жазбаларында да «Мәңгілік ел» сөзі ұшырасады. Демек, бұл кездейсоқ келген этнотермин емес. Қазақтар бағзы заманда қалыптасқан ұлт. Біздің тарихымыз – өз бой-бітімімізде, өз сүйегімізде таңбаланып қалған» [1], – дейді. 

«Мәңгілік ел» бүгін ғана айтыла салған атау емес. Тарихымызға көз жіберсек, түркі дәуірінде Тоныкөк абыздың айтқан сөзі бар екен: «Мәңгілік ел болып қалыптасуымыз керек. Біздің бектеріміз бен қағандарымыз өзге жұрттың алдауына түспеуі керек. Аға буын қателессе, ол кейінгі жас ұрпаққа да қиындығын тигізеді. Сондықтан, біз шектес, шекаралас елдермен сарабдал саясат жүргізуіміз керек» деген. 2003 жылы шыққан Елбасының «Тарих толқынында» атты кітабында біздің қазақтың ата тарихы он екі асқарлы белеске бөлінген. Соның бір белесінде Түркі қағанаты туралы айтылған. «Мәңгілік ел» қалыптасты деп нақты көрсетілген. 

«Мәңгілік ел» идеясының көтерілуі мен «Мәңгілік ел қақпасының ашылуы өте орынды. Себебі, бұл жаһандық жағдайда елдігімізді, тұтастығымызды сақтау үшін аса қажет, үлкен идея деп білемін. «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде біздің қазақ халқы титулды ұлт, ал біздің жерімізді мекендеуші өзге этностар сол ұлттың төңірегінде топтасып, әрмен қарай бейбіт өмір сүріп, саяси тұрақтылқты сақтауы тиіс. Ол үшін қазақ халқы бекем болса дейміз. Қай жағынан мықты болуы керек? Алдымен өз тілін құрметтеу, үйрету тетіктерін жетілдіруі қажет [2]. 



Астанада Елбасы: «Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін-де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет