Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет1/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14


1билет 
1.
Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш 
қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы 
Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін 
жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа 
шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мəселелерді шеше алмаған əлжуаз, тұрақсыз 
саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық- зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ 
еліндегі асқынған жер мəселесі шешілмеді, казак əскері,қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз 
жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында 
ұлттық мемлекекеттілік туралы мəселе талқылауға түсті. Осы мəселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 
жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нəтижесінде,«Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді 
бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы-
Ə.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт қазынасын 
құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты. 
Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай жəне рухани-мəдени 
өзгерістердің нəтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық 
езгіден азат етіп, тəуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мəдени қауымдастыққа енуін 
қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.1920 жылдың 5 наурызында Əскери-революциялық комитет 
Алашорданы таратуға арнайы шешім қабылдағанға дейін Алаш қозғалысы ұлт-азаттық қозғалыс ретінде біртұтас, 
мақсатты саяси, əлеуметтік, мəдени үдеріс болды. Қазақ мемлекетін құру сəтсіздікке ұшырағанымен, Алаш 
қозғалысының азаттық идеялары, мəдени, ғылыми басқа да дəстүрлері кеңестік жылдардың өзінде қазақ 
қоғамында өмір сүріп жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары 
тəуелсіздік жылдарында қайтадан жаңғырды. 
2.
“Жеті жарғы” атауын алғаш рет Əз Тауке хан тұсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған 
Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының əскери 
губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ əдет-ғұрып, заңережелеріне қатысты деректерді мол жинайды. 
Тəуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тəртіп 
пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің 
қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мəселелер: Жер дауы. Үй-іші мен бала тəрбиелеу. Ұрлық-
қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті 
жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бəсеңдетті. Ел 
бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты. 
3
. парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін
Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Археологиялық ескерткіштері:Бұлар қорымдар, жартастағы 
суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы 
алқаптан табылды. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Арал өңірі сақтар мəдениеті 
Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет