Неліктен Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандары» деп аталады? Тарихи концепт (фокус): дәлел
Бастапқы білім
Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.
Оқу мақсаттары
5.2.2.1 археологиялық –ескерткіштерді салыстыру
5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
Бағалау критерийлері
Шілікті мен Бесшатыр ескерткіштеріне қатысты бейнематериал сұрақтарын құрастырады.
Археологиялық ескерткіштерді венн диаграммасы арқылы салыстырады
Әлеуметтік топтарды анықтайды
Дескрипторлар
Оқушы Шілікті мен Бесшатыр ескерткіштері туралы бейнематериалдағы сұрақтарға «Автор орындығы» арқылы жауап береді.
Оқушы археологиялық ескерткіштерді Венн диаграммасы арқылы салыстырады.
Оқушы әлеуметтік топтарды жіктеп, кесте толтырады.
1. Грек, парсы, рим жазба деректерімен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).
2. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды, сақтардың ерлігін, әскери жетістіктерін, өнер туындыларын сипаттайды (тыңдалым және айтылым дағдысы).
3. «Берел өңірінің тарихқа берер мағлұматы мол» тақырыбында ой-толғау жазады. (жазылым дағдысы). Тайпа тайпалық бірлестік, абыздар,жауынгерлер,егіншілер мен малшылар,мемлекет, көсем, патша, әскери демократия, археология, оба, қорған, ескерткіш