Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
10 мин
|
Бастапқы стимул. Оқушылармен амандасу.
Ой шақыру мақсатында тақырыптың маңыздылығын ашу үшін оқушыларға қорғандардың суреті көрсетіледі.
Сұрақтар қойылады. Оқушылар жауабынан кейін сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийлері, дескрипторлар түсіндіріледі. (3 мин)
Б Шілікті мен Бесшатыр қорғандары туралы бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериалмен жұмыс жасауда қажет ететін сұрақтарды оқушыларға алдын-ала таныстыру. Берілген сұрақтарға жұп болып ақылдасу.
Шілікті және Бесшатыр қорғандары қайда орналасқан?
Шілікті қорымынан қанша қорған табылған?
Жерлеу рәсімінің қандай ерекшеліктері бар? (Білу және түсіну дағдысы)
Оқушылар бейне сюжеттен көрген-білгендерін «Автор орындығы» арқылы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін оқушыларға табылған қорымдардың орналасқан жерін кескін картаға белгілеуді тапсыру. (7 мин)
|