Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14
Абылайды хан
көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің 
ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болдыАбылай Ресей мен Қытай империяларының арасында 
орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай əскерлері жоңғарларды жойып, 
Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад 
Дурранимен келіссөз жүргізді. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс 
болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы 
дəлізде жерленген. Абылайдың артында 12 əйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай 
қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Абылай осылайша үш 
(Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттердің ортасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын 
сақтай білді.
3.
 Моғолстан
— 
14 ғ.
 орталығында құрылған мемлекет. Ол 
Шағатай əулеті
 иеліктерінің шығыс бөлігінде 
қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған 
Тоғлық Темір
 (1348—1362) болды. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай 
ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 
Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Əмір Темір мемлекеті 
құрылған. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уəйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде 
қалады. Хандық билік үшін талас енді Уəйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың 
нəтижесінде дулат əмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс 
хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір əулеті əбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-
бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға 
оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде 
ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет