Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш


 1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркəсіпті дамытуға



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14
2.
 1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркəсіпті дамытуға 
арналды. 
Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркəсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркəсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3. Кəсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту. 
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркəсіпті басқару жүйесін өзгерту жəне мемлекеттік жоспарлау 
жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен 
заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. 
Қабылданған шешімдерге сəйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі жəне 
экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық 
министрліктер құрылып, өнеркəсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз жəне ағаш өңдеу, азық – 
түлік т.б. кəсіп орыңдары біріктірілді. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы жəне өндіргіш 
күштерді орналастырудағы əміршіл-əкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының 
нəтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық 
өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» 
ұстанымы сақталды. Ұлттық мəдениет, салт-дəстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар 
аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол 
кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. 
Аса маңызды мəселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде 
ғана болды.Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол 
берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар 
республикадағы күрделі əлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет