9билет
1.
Есет батыр Көтібарұлы(1807–1888) — халықтың əйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық
саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, 1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек
қорғанына шабуыл жасаған. 1847–1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан,
Хиуа хандықтарына қарсы
шықты. 1847–1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен жəне кіші
Борсық құмдары мен
Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей
империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы
Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі,
негізінен, ұсақ қимыл-əрекеттермен сипатталды. 1861 жылы Есет
Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі
болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879
жылы ол
қызметтен босатылды. Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774–1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа,
Қоқан
хандықтарының езгісіне жəне Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 1845 жылдың
көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады.
Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың
əскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап,
тонап
кетеді. Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға
ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін
қорғауға Жанқожа 700 сарбазбен қарсы шығады. Құрамында екі мың əскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің
төңірегіне шоғырланады.
2.
Ресей отаршылары жойған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысында Орта Азия республикаларының
жерлерін белгілеу үшін 1917 – 25 жылдары атқарылған іс-шаралардың нəтижесі. Ақпан революциясынан кейін,
бұрынғы патша өкіметіне бағынышты болған Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мəселесі
алдыңғы орынға шықты. Қазақ АКСР-і мен Сибревком арасындағы шекараға байланысты даулы мəселе Қазақстан
пайдасына шешіліп, 1922 жылы 26 қаңтарда ұлан байтақ жерлер толық, біржола берілді. 1921 жылы11
сəуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мəселесі көтерілді.
Мұндағы халықтардың тарихи
байланыстарының тереңдігі мен ұлттардың бір-бірімен аралас жəне тығыз орналасуы ұлттық республикалардың
шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Қазақ АКСР-інің басшылығы РК(б)П ОК-нен Жетісу мен
Сырдария облысының қазақ аудандарын республика құрамына қосуды сұрап, өтініш білдірді. 1924 жылы 9
сəуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, Орта Азияны ұлттық
республикаларға бөлуге əзірлеу комиссиясын құрды. 1924 жылы 27 – 28 қыркүйекте РК(б)П Қазақ облысы
комитетінің (Қазобком) II пленумы болды. Қазақ АКСР ОАК төрағасы С.Меңдешев пен РК(б)П ОК Орта Азиялық
Бюросының (Средазбюро) мүшесі С.Қожановтың “Орта Азиядағы ұлттық межелеу туралы” баяндамалары
тыңдалып, талқыланды. 1924 жылы 27 қазанда қабылданған КСРО Конституциясына сəйкес КСРО ОАК-нің екінші
сессиясында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің Қазақ АКСР-іне қосылғандығы
туралы қаулысы бекітілді. Межелеу нəтижесінде Орта Азия аумағының 45,7%-ы, яғни 797,9 мың км² жері Қазақ
АКСР-іне қосылды (оның ішінде 112 мың км² Қарақалпақ автономиялық округі бар, ол 1930
жылы шілдеде
РКСФР-ге берілгенге дейін Қазақстанның құрамында болды).
3.
Шыңғыс хан
Орталық Азияны бағындырғаннан кейін жаулап алған жерлерін төрт ұлының (Жошы, Шағатай,
Үгедей, Төле) үлесіне бөліп бергені белгілі. Бүгінгі Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл,
Тарбағатайдан Балқаштың сол жақ жағалауына дейінгі жерлер
Достарыңызбен бөлісу: