Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14
6билет 
1.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы 
болған Ф. И. Голощекиннің есімімен жəне қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін 
сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі 
қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы 
бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа əрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай 
делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс 
саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. 
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркəсібін ұсақ жəне орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені 
шикізат базасы ету. 
1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы: республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,1930 жылы 
сəуірде 56,4%-ы,1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.Ауыл шаруашылық өнімдерін жəне малдарды 
күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауда-
нының халқына 297000 малға салық салынды,. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.Кулактарды жою ісі 
қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады. Күштеп 
үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды.
2
. Қозғалыстың басты мақсаты: – Хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, жер 
мəселелеріндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
Жəңгір хан Орынбор губернаторынан Исатай Тайманов пен Махаммбет Өтемісов жəне олардың кейбір серіктерін 
бұқараны ресми тəртіп пен патша үкіметінің даладағы саясатына қарсы «бүлікшілікке бастаушылар» етіп көрсетіп, 
оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрайды. 1836 ж. 17 наруызда сенімді билерге жолдаған хатында хан 
былай деп жазады: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар 
Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып хан ордасына жеткізуге əмір етемін». 
Азаттық қозғалысының бастапқы кезеңіне тəн белгілері: Халық хан билігіне ру басшыларына күрт наразылық 
білдіріп, оларды орындарынан алуды талап етті, екіншіден хан жəне бай сұлтандардың саясатына қарсы 
бағытталған қозғалысқа жаңадан ауылдарды тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді, қарулы жасақтар құрылып 
жатты. Сонымен қатар сұлтандар, билердің ауылдарына шабуыл жасалып, малдарын тартып алып, қоныстарын 
талқандау жиілей түсті. Көптеген ауылдар Исатай мен Махамбетті қолдап, Исатайдың қол астына келеді. Исатай 
мен Махамбеттің серіктері, көтеріліс басшылары: Сарт Еділұлы, Тінəлі Тайсойғанұлы, Иса Төлегенұлы, Имантай 
Қондыбайұлы т.б. ерлікпен күресті. Жəңгір ханның қарулы топтары Исатай туы астына топталған старшындардың 
ауылдарын жиі тонады. Бұл жағдай Орынбор генерал-губернаторы атына Исатай Тайманұлы Иманбай 
Қалдыбайұлы, Досхан Дағанбекұлы, Елжан Тұманбекұлы т.б. белгілі старшындар қол қойған шағымның түсуіне 
себепші болды. Тарихи маңызы: Хан сарайындағылардың іс-əрекетіне біршама шек койылды. Хан билігінің 
əлсірегенің көрсетті. Патша үкіметіне көтерілісті қолдаған старшындармен санасуына тура келді.Хандық билеу 
жүйесінің жойылатындығын көрсетті. Сипаты жағынан ұлт-азаттық бұл тартыс – отаршылдыққа жəне əлеуметтік 
езгіге қарсы бағытталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет