Семей полигоны



Pdf көрінісі
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#152869
түріСынақтар
Байланысты:
Семей полигоны



Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ 
полигондарының бірі, аса маңызды 
стратегиялық объектісі болды. КСРО 
заманында Қазақстан аумағында атом 
бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 
18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық 
полигоны ашылды. Бастапқысынды 
адамдарға, жануарлар мен табиғатқа 
тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар 
жасалды. Сосын оларды жер астына 
жасай бастады. Атом бомбаларының 
жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей 
маңындағы радиациялық әсер аймағында 
тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан 
азап шекті.


Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы 
саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты 
құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі 
немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында 
әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық 
зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға 
тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп 
болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат 
жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан 
отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып 
өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат 
пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей 
бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке 
көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің 
ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа 
таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын 
адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып 
кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. 
Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен 
даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында 
жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың 
кесірткелердің өлі денесі табылған. 


НЕВАДА-СЕМЕЙ 
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын 
табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» 
қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді.



Оны басқарған – 
белгілі қоғам 
қайраткері, ақын 
Олжас Сүлейменов.
Олжас Омарұлы 
Сүлейменов (1936) — орыс 
тілді қазақ ақыны, 
тілтанушы, саясаткер, 
ядролық қару-жарақтарды 
жаппай қолдануға қарсы 
тұрушы, Төтенше жəне 
Өкілетті Елші. Қазақстанның 
Еңбек Ері (18.05.2016 ж.)


Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға 
мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО жəне АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. 
Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, 
сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған 
Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, 
өмірге нəресте əкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз 
үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз 
«Невада - Семей» қозғалысын құрдық».
Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», 
«Сынақтар тоқтатылсын» деп мəлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық 
ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде əңгіме бола бастады. Түрлі елдердің 
парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сəулелердің 
зардаптары жайлы дəрігерлер мен ғалымдардың ашық əңгіме қозғауға батылдары жетті. 
Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың 
бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау 
туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы 
ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев Семей полигонын жабу 
туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.



Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ 
халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, 
атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей 
полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен 
Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға 
мораторий жарияланды.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны 
жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында 
Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық 
құрылды.


Рахмет сіздерге, сау болыңыздар 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет