Бір халық – бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халқы)



Дата25.03.2023
өлшемі16,71 Kb.
#173025
Байланысты:
6аааа


Бір халық – бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халқы)
Қазіргі кезде жер шарында шамамен 4 мыңнан астам этнос бар. «Этнос» грек тілінен аударғанда «халық» деген мағынаны білдіреді. Әр халықтың қалыптасу тарихы және өзіндік атауы бар. Мәселен, қазақ, орыс, өзбек, татар т.б. Халықтың қалыптасу үдерісі этногенез деп аталады. Халықтың шығу және даму тарихын этнология ғылым саласы зерттейді. Ал этнография – халықтың рухани, материалдық мәдениетін зерттейтін ғылым саласы.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы Тәуелсіздігін алғаннан кейін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде еліміздегі этностар қазақ халқымен бірлесе отырып, ынтымақта дамудың қазақстандық моделін жасады.
Елбасы бастамасымен 1995 жылы 1 наурызда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. ҚХА-ның басты міндеттері – мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
ҚХА құрылған күннен бастап өз жұмысын жандандырып, түрлі этномәдени шараның ұйытқысына айналып келеді. Қазақстанның әрбір облысында кәріс, орыс, өзбек, татар, шешен, неміс, түрік, еврей, грек, славян т.б. мәдени орталықтар ашылды. Ұлтаралық келісімнің шаңырағы іспеттес ең алғашқы Достық үйі 1992 жылы Өскеменде құрылды.
Этномәдени бірлестіктердің мәдениет күндері, ұлттық мерекелері, «Наурыз», «Құрбан айт», «Рождество», «Сабантуй», «Сольналь», «Остерн», «Песах», «Масленица», «Пасха» мерекелері кеңінен аталып келеді. Корей этномәдени бірлестігінің аға буын өкілдері жастарға корей тілін үйретіп, дәстүрі мен мәдениетін дәріптеп жүр. Мысалы, Кореядағы «Сольнальді» Қазақстандағы «Наурыз» мерекесімен салыстыруға болады. «Сольналь» ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл күні «Чаре» атты ата-бабаларын еске алу салтын жасайды. Туған-туысқандармен бірге таңғы ас ішіп, көрші-қолаңға бас изеп, сәлем береді. Бұл дәстүр «Сэбе» деп аталады. Ал татар ұлттық мәдени орталығы қолөнермен шұғылданып, салт-дәстүрін жаңғыртып келеді. Олардың «Сабантуй» атты дихандар мерекесі – ерте көктемнен егін салып, жер өңдеген егіншілердің тойлайтын ұлттық дәстүрі. «Сабан» татарша «соқа» деген сөзді білдіреді. Мұның өзі еліміздегі барлық этностың ауызбіршілікте өмір сүруіне, қоғамдық келісімнің берік нығаюына зор ықпал етеді. Сонымен қатар еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіріп, тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуына үлес қосады.
Жалпы алғанда, Республикада Қазақстандағы барлық этностың мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажет жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

2-дереккөз
- Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея
- мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар. 
- Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! 
НұрсұлтанӘбішұлыНАЗАРБАЕВ,
ҚазақстанРеспубликасының тұңғыш Президенті 
1.Тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.



Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдық келісімнің маңызды тетігі»
деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз?
Ойыңызды дәлелдеңіз.


Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің кепілі болды ма? Дәлел келтіріңіз.




«Ел бірлігі доктринасы» мемлекеттік құжатының бейбітшілік, келісім мен толеранттылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына баға беріңіз




2. Тапсырма.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы-татулық пен бірліктің кепілі» тақырыбына, ПТМС формуласын қолданып, эссе жазыңыз.
Позиция «Қазақстан халқы Ассамблеясы-татулық пен бірліктің кепілі Қазақстан халқы Ассамблеясы-татулық пен бірліктің кепілі деп санауға болады/болмайды?»
Түсіндіру(себебі...)
Мысал (мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар(қорытынды жасаймын....)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет