Тексерген: Рүстем Кәмшат Молданқызы Орындаған: Асанова Жумагул Аслиддиновна Қазақстан және АҚШ: қарым-қатынас кезеңдері және болашағы



бет1/3
Дата18.03.2023
өлшемі48,22 Kb.
#172821
  1   2   3
Байланысты:
Қазақстан -АҚШ
Классный час «Стремление к знаниям, трудолюбие и патриотизм»

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

«Қазақстан және АҚШ: қарым-қатынас кезеңдері және болашағы»
Тексерген: Рүстем Кәмшат Молданқызы
Орындаған: Асанова Жумагул Аслиддиновна

Қазақстан және АҚШ: қарым-қатынас кезеңдері және болашағы
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды. Бұндай қатынастар біздің ел үшін маңызды болып саналады.
Қазіргі АҚШ Еуразияның жаңа ұлы державасы атануға ашық түрде талас жүргізіп отыр. АҚШ-тың жетекші саясаттанушыларының бірі, стратегиялық және халықаралық мәселелерді зерттеу орталығының кеңесшісі З. Бжензинскийдің пікірінше, «Американың әлемдік деңгейде жалғыз ұлы державалық рөлі Еуразияға қатысты толыққанды және ашық стратегия жасаудың қажеттілігін нық бекітіп отыр. Бжезинский алдымен АҚШ-тың Еуразияда саяси плюрализмді бекіту қажеттігін айтады. Ол үшін басымдық АҚШ-қа қарсы коалиция құрылудың мүмкіндігін жоққа шығаратын саяси әдістер мен дипломатиялық басқаруға берілуі тиіс. Еуразияны америкаландырудың екінші кезеңінде америкалық басқарумен трансеуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруы мүмкін стратегиялық әріптестер пайда болуы керек. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша, мұның бәрі ғаламдық деңгейдегі ұзақ саяси жауапкершілік жүйесінің негізі болуы мүмкін.
Қазіргі саяси үдерістер зерттеушілерге әлемнің дамуын анықтайтын болашақтың түрлі жолын болжауға итермелейді. Алғашқысы ХХІ ғасырдың басында басталып, бірнеше онжылдықтарға созылатын АҚШ-тың күштілігімен сипатталады. Екінші сценарий АҚШ-тың ғаламдық деңгейдегі маңызды геосаяси бәсекелестерінің көшін бастаған Қытайдың немесе Еуро Одақтың әлемдік аренеаға шығуымен анықталады, бұл ретте әлем биполярлық-екі полярлық әлемге айналады. Үшінші болжам ретінде көп полярлық жүйе алынады, Қытай, Германия, Ресей, Үндістан тәрізді елдер өзіндік аймақтарда әсер ете алатындай жол. Осы болжамдардың мемлекеттердің геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда өзіндік тетіктерін ұсынады.
АҚШ Қытаймен геосаяси тұрғыда тіл табысу үшін көптеген жолдарды қарастыруда. Олардың бірі ретінде Қытаймен шектесетін Қазақстан мен Моңғолия елдеріне ерекше назар аударуын атап өтуге болады. Қытаймен шекараласа Қазақстанға назарын аударуы түсінікті: шекаралас аймақта этникалық, мәдени-тарихи, діни сабақтасқан байланыс бар. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районында этникалық қазақтар көп шоғырланған.
АҚШ-ты Қазақстанның көршісі деп атау қиын. Алайда, Орта Азиялық аймақтың геосаясаты туралы айтқанда, АҚШ-тың көреген «көзі» мен «ұзын қолын» ескермеу тағы да қиын.
АҚШ соңғы екі-үш жыл көлемінде ғана өзінің аймақтық геосаяси көзқарастарын қайта қарастырып, Қазақстанға айрықша назар аудара бастады. Осыған дейін, Құрама Штаттардың геосаяси бағыты барлық Орталық Азия республикаларымен, Ауғанстанмен шектесетін Өзбекстанға бұрылып келген. Алайда, 2005 жылы Әндіжанда болған қанды қырғын Ташкент пен Вашингтонның қарым-қатынасын суытып, американдықтардың Астанаға қарай белсенді қадамдар жасауына мәжбүр етті. Бұған қатысты дәйектер де табыла кетті. Қазақстанға аймақтағы ең ірі американдық инвестиция құйылған, Қытаймен ұзақ шекарасы бар, мұнайдан басталатын мол табиғи қоры «Үлкен Орталық Азияны» құру жоспарын жеңілдетеді.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста Қазақстанның негізгі мақсаты – супердержаваны өзінің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін ең алдымен эконмикалық және диломатиялық әдіспен дәлелдеу, осы арқылы мәртебелі бонустар иелену.
Менің бұл тақырыпты алғандағы мақсатым Ақш пен Қазақстан арасындағы қарым қатынасы туралы ой қозғау.
Бұл мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: Қазақстан мен Ақш арасындағы жан—жақты байланыстардың мақсатын, алғашқы қадамдарын, экономикалық саясаттарын, тартылған инвестициялар мен сауда саттықтың экономикалық қатынастары туралы білу.
Қазақстан өзінің әлеуетін жүзеге асыру және әлемдік экономикаға кірігу үшін АҚШ мемлекетімен саяси, әлеуметтік—экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларында тең серіктестік қатынастарды белсенді дамытуға ұмтылды.
Қазақстан –Американ қатынастары 1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШ—тың Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде ресми тануымен басталды. АҚШ Қазақстанмен қатынастарды дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынастар орнатты. Алғаш күннен бастап ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастар үлкен қарқын алып, жоғары деңгейде сақталынып келеді.
АҚШ—тың Қазақстанға үлкен назар аударуының бастысы қазақстан аумағында 1040 ядролық оқтұмсығы бар стационарлық тіректегі СС-18 атты 104 ракеталардың болуымен айқындалады. Олармен қоса ҚР аумағында 240 қанатты ядролық ТУ-95 атты 40 стратегиялық бомбылаушы орналасқанды.
Қазақстан президенті Н.А.Назарбаевтың АҚШ мемлекетіне алғашқы ресми сапары 1992 ж. Мамырында болып өтті. Бұл сапар барысында кең көлемді екі жақты ынтымақтастықты дамытуға негіз қаланды.
Қазақстан 1992 ж. 22 мамырында Стратегиялық шабуыл қарулары—жарақтары туралы келісімнің (СШҚ—1) тең құқылы жақтарының бірі ретінде Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қарусыз мемлекет болуға өзіне міндеттеме алды. Сонымен бірге, Қазақстан басшылығы ядролық қаруды бөлшектеу және пайдаға асыру барысында АҚШ мемлекетімен ынтымақтастық жасаудың маңызын түсініп, екі жақты қатынастардың «ядролық құрайтынын» өтпелі деп бағалап, ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа негіз жасау жөнінде жүйелі қадамдар жасауға кірісті.
Қазақстан-Американ қатынастарының дамуында маңызды кезең 1992 ж. Алматыға АҚШ Вице-президенті А. Гордың ресми сапары болды. Өткен келіссөздер барысында Континетаралық баллистикалық ракеталардың шахталық-жүргізу қондырғыларын бөлшектеу туралы келісімге және оны жүзеге асыру бойынша бес келісімге қол қойылды. Континетаралық баллистикалық ракеталардың шахталық-жүргізу қондырғыларын бөлшектеу туралы келісімге сәйкес Қазақстан аумағында жалпы сомасы 84,5 млн. доллар көлеміндегі СШҚ бөлшектеуде Қазақстанға көмектесу белгіленді.
Қазақстанның ЯҚТК-не қосылуы МАГАТЭ тарапынан ядролық қауіпсіздікті бақылау процедураларының орындалуын, сондай-ақ екі жақты мақсаттағы ядролық материалдар үстінен экспорттық бақылау жүйесін орнатылуын көздейді.
АҚШ әкімшілігінің сыртқы саясатының басым міндеті жарылғыш материалдарын заңсыз сату оқиғаларын болдырмау болып табылады. Осы тұрғыда жағымды қадам ретінде Қазақстан басшылығы АҚШ-қа 600 кг жуық жоғары сапалы уранды сату бойынша «Сапфир» операциясын қарастырды. Материалдарды тасымалдауға дайындау үшін Үлбі зауыты аумағында шағын лаборатория салынды. 30 жуық американдық мамандар бір ай ішінде байытылған уранды 7000 контейнерден тот баспайтын құрыштан жасалған 1400 канистрге тиелді. Үш С-5 самолеті бұл шикізатты Өскеменнен шығарып, Довереге (Делавэр штаты) АҚШ ӘӘК базасына жеткізді. Одан күшейтілген күзетпен уранды Теннеси штатындағы «Оук-Ридж» зауытына тасымалдады.
«Сапфир» операциясы Қазақстанның ЯҚТК-не қосылуы үшін жүргізілді, республикаға оны қорғау бойынша шығын тартудың пайдасы болмады. Оның үстіне ол Қазақстан және бүкіл әлем үшін қауіпті бола бастады, соған сәйкес бұл уранды сату туралы шешім қабылданды. Уран сенімді қолда болып, әскери мақсатта қолданбайтындығына ҚР-н сендірген АҚШ-пен келіссөздер басталды.
Сөйтіп, 1995 ж. 26 мамырда Қазақстан аумағындағы ядролық қару мәселесіне нүкте қойылды.
1994 ж. 14—16 ақпанда Президент Н.Назарбаев АҚШ-та ресми сапармен болып, оның барысында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында серіктестік қатынастарды дамыту және терендету үшін негіз жасайтын негізгі құжат — «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қойылды.
Осы негіз жасаушы кұжат 17 баптан тұрады әрі саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау мәселелері мен өзге салаларда екі мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін нақты баяндайды.
Хартияда екі мемлекеттің қырғиқабақ соғысының аяқталуымен, ҚР өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізуімен берілген тарихи мүмкіндікті, ұзақ мерзімді қатынастардың дамуы, достастық, өзара сенім мен құрмет үшін берік негіз жасауға ықылас білдіруші елдер арасында мүлдем жаңа әрі тиімді қатынастарды құру мүмкіндіктерін пайдалануға ниет танытандығы туралы айтылады. Сонымен бірге, құжатта Қазақстан Республикасының қарқынды және өзара пайдалы байланыстарды дамыту үшін екі жақтың әлуетін толық пайдалануға қол жеткізе отырып, демократия, жеке меншік, еркін нарық, заңның үстемдігі және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды құрметтеу принциптерін ұстанатындығы атап өтілді.
Екі елдің көптеген мәселелер жиынтығы бойынша одан тығыз байланыстарды дамытуға ұмтылатындығы атап өтілді. Осы мақсатпен олар саясатта, экономикада, мәдениетте, білім беруде, экологияда, ғылым мен технологияда және өзге салалардағы байланыстарды күшейтуде.
АҚШ-ты демократияны дамытуға үлес қосу, инвестицияны қорғауды қамтамасыз ету, терроризм мен есірткі тасымалымен күреспен қатар, Қазақстанның Ауғанстанды қайта қалпына келтіру үшін экспорттық ағынға бейімделуіне қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, Пентагонның әскери операцияларына жергілікті елдердің саяси қолдауы да маңызды.
Бүгінде қазақтың мұнайлы «астанасы» Атырауда АҚШ қаржыландыратын әскери базаның ашылуынан кейін, АҚШ пен НАТО Астанамен Каспий теңізінде бірлескен мүдделерді қорғау мақсатында Қазақстанның әскери-теңіз флотилиясын құру жайлы келіссөздер жүргізуде.
АҚШ-тың Орталық Азия аймағына назар салуы Каспий арқылы Иранға қысым жасаудың жаңаша тетігі ғана емес, геосаясаткер Вадим Цымбурскийдің айтуынша Қазақстанды уысында ұстау – АҚШ-тың ғаламдық гегемондық стратегиясының маңызды бөлігі. Ресейлік ғалымдардың айтуынша, ТМД мен Балтық маңы елдерін Финляндиядан Қытайға дейін созылып жатқан және Еуразияның ірі өркениетті орталықтарын бөліп жатқан алып тұтас Ұлы Лимитроф белдеуінің бөлігі ретінде қарастырған жөн, Бұл белдеуге Шығыс Еуропа, Қап тауы мен Орталық Азия да енеді. АҚШ болса, осы белдеудегі маңызды орталықтарды басқарғысы келеді.
Көмірсутек шикізатына бай Қазақстан үшін өз байлығын өзгеге жеткізетін құбырлардың маңызы зор. Мұнай-газды тасымалдауда Қазақстан үшін маңызды бірнеше бағыттар бар. Алғашқысы КТК – Солтүстік Каспий мұнай құбыры, оның ең жоғарғы өткізу мүмкіндігі жылына 67 тоннаны құрайды. Алайда, барланған мұнай-газ қорының молдығын ескерсек, Қазақстан үшін 2007-2008 жылдары келесі құбыр мәселесіне де маңыз беру керек: ол – «Баку-Жейһан» жобасы немесе Самара – Балтық елдері тармағы немесе Парсы шығанағына Иран арқылы шығатын жол болатыны әлі нақтыланбаған.
Қазір Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы жаңа бір «көзі» – ол әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризммен күреске қосылуда. Ал АҚШ осы үшін өз кезегінде Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін қолдау көрсетуде.
2006 жылы мамыр айында АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейнидің Қазақстанға сапары кезінде, Қазақстанның жетістіктеріне өз ризашылығын білдірген. «Қозғалыстың бағыты анық: демократиялық және экономикалық реформаларды жалғастыру, заң билігін күшейту, жемқорлықпен күресті кеңейту, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және қауіпсіздіктің сенімді саясаты»,- деді Чейни. – «Дамудың кілті осында».
Қазақстанға тартылған шет елдік 45 миллиард доллар инвестицияның үштен бірі – американдық инвестиция. Энергетика саласында 300-ден аса американдық компаниялар жұмыс жасауда.

Ресей Қазақстан үшін мәңгі дос және көрші болғанымен, Қазақстанға құйылған инвестицияның басым бөлігін АҚШ салып отыр. Экономикалық мағынада АҚШ Қазақстан мен Канада үшін бірдей жағдайда: себебі көршілес Канада үшін де, алыстағы Қазақстан үшін де АҚШ алып инвестор. Осыдан АҚШ-тың Канада үшін ғана емес, Қазақстан үшін де «бірінші дос» болғысы келетіндігін көруге болады. Ал АҚШ-пен достық көп міндет жүктейді, бұл ретте Ресеймен де дәл осындай жағдай туындайды.


Қазақстанның экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан Америка компаниялары әскери база ашуды ұсынуы әбден мүмкін. Бұл мәселе, әсіресе, Өзбекстандағы Карши-Ханабад нысанының жабылуынан кейін өзектілігін артырды. Басқа жағынан алғанда, Америка үшін Қазақстан Өзбекстаннан да маңызды. Себебі, Қазақстанның Каспий маңы мемлекеті болуының өзі атап өтерлік.
Қазақстан – АҚШ арасындағы екіжақты тауар айналымы жыл сайын 2 миллиардтан артып отыр. Каспий аймағындағы мұнай мен газдың барланған қорының 75 пайызының Қазақстанда болуы мен Америкадан Қазақстанға құйылатын болжамды инвестицияның көлемі алдағы онжылдықта 100 миллиард доллардан артуы екі ел арасындағы әріптестіктің нығаю мүмкіндіктерін көрсетеді.
Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары қазіргі заманғы халықаралық жағдайдың мазмұнына үндес келіп, көп салалы ықпалдастықты дамытуға бағытталған кең ауқымды қамтиды. Жоғары деңгейде тұрақты өткізіліп келе жатқан дәстүрлі кездесулердің нәтижесінде қол қойылған маңызды құжаттар – Демократиялық әріптестік туралы хартия, Экономикалық серіктестік жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасы, «Қазақстан – АҚШ жаңа қатынастары туралы» президенттердің Бірлескен мәлімдемесі және Энергетикалық серіктестік туралы декларация және басқалары екі жақты ынтымақтастықтың берік шарт-құқықтық базасын құрайды.
Құрама Штаттардың біздің елімізбен көп қырлы қатынастарын арттыра беруге құлшыныс танытып отырғаны аңғарылады. Мұның бір себебі, бүгінде әлемдік саясаттың белсенді орталығына айналып отырған Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттің туын ұстап, аймақтағы лайықты әріптес екенін таныта білген Қазақстанмен байланыстарын бекемдей түсуге Американың алысты көздеген стратегиялық мүддесі жатқаны анық.
АҚШ-пен энергетикалық саладағы ынтымақтастық ел экономикасының ілгерілеуіне игі ықпалын тигізуде. Каспий бассейніндегі қорлардың басым бөлігіне иелік ететін Қазақстанның энергетикалық жобаларына әлемнің бірқатар елдерінен ең ірі компаниялардың, соның ішінде америкалықтардың белсенді қатысатыны белгілі. Қазіргі замандағы мұнай мен саясаттың жымдасып кетуі америкалық сыртқы саясатта мұнай мәселесінің, соның ішінде Қазақстанмен қатынастардың басымдылығын белгілейді. Парсы шығанағындағы ірі мұнай қорларына иелік етуші мемлекеттер Ирактағы тұрақсыздық пен Иран төңірегіндегі күрделі жайттардың бұған қатысы жоқ деп айту, әрине, қиын.
Энергетикалық саладағы ынтымақтастықтың бір бағыты мұнай-газ өндірісіндегі қызмет көрсету секторын дамытуды көздейді. Бірлескен іс-қимыл шеңберінде мұнай-газ жабдықтарын өндіруге, газды пайдалануға, мұнай-химия, көлік, телекоммуникация, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындар салу жобалары бар. Жаңа технологияларды енгізуге баса назар аударылған. Бұл қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды, өйткені шикі мұнайды экспорттау тәуелділігінен босап, мұнай-газ саласын әр алуан өндіріс көзіне айналдыруға қолайлы мүмкіндік туады.
Мемлекет басшыларының екі елдегі жеке секторды жақындастыру, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Хьюстон бастамасы айтарлықтай мәнге ие, оған сәйкес экономикадағы басым секторларға Америка инвестицияларының молырақ келуіне жол ашылуы тиіс. Өз кезегінде бұл кіші және орта бизнестің сандық және сапалық өсуін ынталандырып, орнықты дамуға ықпалын тигізбек. Қазіргі уақытта біздің елімізде 400-ге жуық бірлескен кәсіпорын, 100-ден астам америкалық компаниялардың өкілдіктері тіркелген.
Біздің еліміздің АҚШ-пен қарым-қатынастарының алғашқы кезеңінде ең алдыңғы қатарға шыққан ядролық қаруға байланысты түйін екі тарап үшін де оңтайлы шешімін тапқан болатын.
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы дүние дидарын елеулі өзгерістерге ұшыратып, халықаралық қоғамдастық алдына жаңа міндеттер жүктегені мәлім. Бұл жағдайлар Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастарына да тың мазмұн қосты. Қарусыздану мен таратпау ісіне елеулі үлес қосқан Қазақстан халықаралық терроризмге қарсы күреске бағытталған іс-қимылдарға батыл және сенімді түрде араласты. Жаһандық қауіп-қатердің терроризм, экстремизм, сондай-ақ сепаратизм және есірткі тасымалы тәрізді жағымсыз құбылыстарына қарсы күреске Қазақстанның белсенді нысанда қатысуы, жалпы, әлемдік қауымдастық тарапынан әділ бағаланады. Қазақ елі Орталық Азия мемлекеттерінде нарықтық және демократиялық өзгерістердің кепілі, бүкіл өңірді саяси тұрақтылық, экономикалық даму мен гүлденуге бастайтын күш ретінде қарастырылып отырғаны шындықтан алшақ емес.
12-қыркүйекте Ақ үй ресми хабар таратып, АҚШ президенті Джордж Буш 2006-жылдың 29-қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдайды», деп жария етті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі хабарлады.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Тони Сноудың баспасөз мәслихатында мәлімдегеніндей, «Қазақстан — Орталық Азиядағы маңызды стартегиялық әріптес болып табылады. АҚШ президенті мен президент Назарбаев демократияны ілгерілету, лаңкестікпен күрес, энергетиканы диверсификациялау, гүлденуді жаппай тарату, екі елдің де еркіндік пен қауіпсіздікті қолдайтынына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайды».
Осыған байланысты АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаев : «президент Н.Назарбаевтың сапары қарсаңында өзара стратегиялық әріптестігімізді одан әрі нығайта түсуге пейіл екенімізді мәлімдейміз»,- деп атап көрсетті. «Кейінгі жылдары АҚШ-та Қазақстан сенімді дос әрі әріптес деген пікір орнықты. АҚШ бұл елмен бірлесіп лаңкестікке қарсы соғыста, халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қару-жарақтың таралуына жол бермеу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еркіндік пен демократия орнату ісінде көп іс тындырды»,- деді ол. «Біздің елдеріміздің бейбіт әрі гүлденген болашақ орнату үшін бірлесіп көп нәрсе тындыра алатындығы жайлы мәселе президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Джордж Буштың алдағы келіссөздеріне арқау болмақ. Біз алдағы кездесу екі халық арасындағы достықты тіптен нығайта түседі және Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік үшін жаңаша көкжиектерді ашады дегенге сенеміз»,- деді АҚШ-тағы Қазақстан елшісі.
АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған және онымен 1991-жылы дипломатиялық байланыс орнатқан елдердің бірі. 2001-жылы Қазақстан мен АҚШ президенттері екі ел арасындағы қарым-қатынасқа «ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік» деген сипаттама берді. Қауіпсіздік пен қару таратпау; энергетикалық әріптестік пен демократия саласындағы диалог оның шешуші құрамдас бөліктерінің бірі.
1991-жылдан бастап Қауіп-қатерді бірлесіп азайту жөнідегі Нанн-Лугар бағдарламасының аясында АҚШ Қазақстанға бұрынғы Кеңестер Одағынан мұраға қалған, көлеміне қарай әлемдегі төртінші орындағы ядролық қару қорынан құтылуға, халықты жаппай қырып жоятын қару-жарақты өндіру мен сынау инфрақұрылымын жоюға қолдау көрсетті. Бүгінде бұл саладағы ынтымақтастық уранды қару-жарақтан басқа мақсатта байыту саласында дамып келеді.
2001-жылдың 11-қыркүйегіндегі лаңкестік әрекеттерінен бері Қазақстан АҚШ-қа лаңкестікпен күрес және Ауғанстанды қалпына келтіру салалары бойынша кең көлемді қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан халықаралық коалиция құрамында Иракқа өзінің әскери контингентін жіберген Орталық Азиядағы жалғыз және санаулы ғана мұсылман елдерінің бірі болды.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. АҚШ Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор. Мұнда 400-ден астам АҚШ компаниялары жұмыс істейді. Олар елге 15 млрд. доллардан астам инвестиция салды.
Екі ел арасындағы қарым-қатынас 1991 жылдың 25 желтоқсанында Америка Құрама Штаттарының Қазақстанның мемлекеттік тәуел­сіз­дігін тану оқиғасынан бастау алды. Содан бергі аралықта ынты­мақтастық аясы уақыт өткен сайын кеңи және жан-жақты дами отырып, стратегиялық әріптестік си­па­тына д­ейін көтерілді. Мемлекеттер арасында шарттық-құқықтық қатынастардың берік негізі қалып­тасқан.
Осы ретте Елбасының Құрама Штаттарға әр сапарының жақсы нә­тижелерге қол жеткізгендігін айт­сақ, 2006 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында Вашингтонға жасаған сапары барынша жемісті болғандығын атап көрсеткен жөн. Осы сапар барысында тараптар екі елдің жан-жақты ынтымақтастық аясын одан әрі кеңіте түсуге ықы­ласты екендіктерін тағы бір дәлелдеді. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда, инвестиция және қоғамды демократияландыру салала­ры бойынша стратегиялық ынты­мақ­тастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Мәлімдемеде айтылған ой-ниет жүзеге асу үстінде.
Қазақстанның әлемдегі төтінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей атом полигонын жа­буын жоғары бағалаған АҚШ жап­пай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі шаралар аясында КСРО-дан қалған бұрынғы әскери әлеуетті еліміздің ғылыми, ауыл шаруашы­лығы және денсаулық сақтау сала­ларында қолдануына, яғни бейбіт мақсатта пайдалануына жәрдемдесуін жалғастыратындығын білдірді.
Елбасы 2008 жылғы 18 қарашада АҚШ-тың жаңа сайланған Президенті Барак Обаманы теле­фон арқылы құттықтап, сөйлескен кезінде мемлекеттердің басшылары екі жақты стратегиялық ынтымақ­тастықтың жай-күйі мен болашақ көкжиектерін талқылаған еді.
2009 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ыcтамбұл қаласында өткен Өркениеттер альянсының ІІ форумы шең­берінде АҚШ Президенті Барак Обамамен жүздесіп, АҚШ басшы­сын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақстан аумағында бейбіт мақсатта пайдалану үшін Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттігінің бақылауындағы ядролық отын банкін орналастыруға дайындығы жөніндегі мәлімдемесі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Барак Обамаға Елбасының елімізге ресми сапармен келу туралы шақыруын тапсырды. “АҚШ-тың Қазақстанмен қарым-қатынастары стратегиялық сипатта” екендігін тағы бір қуаттаған Барак Обама өзінің Орталық Азия аймағы­на сапармен шығуды жоспарлап отырғандығын, сол са­пар­да ал­дымен “АҚШ-тың досы мен сенімді әріптесі” саналатын Қазақстанға келетіндігін жеткізген болатын.
Мұнан кейін 2009 жылдың 3-5 мамыры аралығында еліміздің сол кездегі Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің АҚШ-қа сапары болып, оның шеңберінде М.Тәжин АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен, басқа да ресми тұлғалармен кездесулер өткізді. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты және аймақтық мә­селелер жөніндегі ынтымақтасты­ғының көкжиектері, соның ішінде жаппай қырыпmжою қаруын таратпау, Ауғанстандағы ахуал, эконо­мика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, сапар барысында М.Тәжин АҚШ-тың беделді ғылыми-зерттеу орталығы саналатын “Сыртқы саясат жөнін­дегі кеңесінде” баяндама жасады.
2009 жылдың 9-10 маусым аралығында Астана қаласына АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары У.Бернс бастаған америкалық де­ле­гация келді. У.Бернс Елбасы Н.На­зарбаевпен, Премьер-Министр К.Мәсімовпен және Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен кездесулер өткізді. Америка тарабы АҚШ Президенті Б.Обаманың Мәскеуге (6-8 шілде 2009 ж.) сапарының, соның ішінде Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етіп, Қазақстан-Америка қатынас­тарының көкжиектері, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядро­лық қаруды таратпау, 2010 жылы Қа­зақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы және басқа да мәселелерді талқылады.
Енді экономикалық ынтымақтастық мәселелері туралы әңгіме қозғайтын болсақ, Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі. 2009 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларын құрады (экспорт – 612,6 миллион, импорт – 1,4 миллиард дол­лар), бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 3,3 пайызына тең. Сауда айналымының 2008 жылмен салыстырғанда 500 мил­лион АҚШ долларына төмендеуі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс салдары екені түсінікті.
АҚШ-пен сауда-экономикалық ынтымақтастықта Қазақстан үшін инвестиция тартудың маңызы зор. Бұл фактор елдің тұрақты және қарқынды дамуына себепші және қазақстандық көп қырлы саясатты тиімділікпен пайдалануда жемісті қызмет етеді. Мәселен, 1993 жылдың маусымынан бері АҚШ-тың Қазақстанға салған тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 30 миллиард долларға жеткен екен. Өткен жылдың 9 айында ғана осы елден 1,5 миллиард доллардың тікелей инвестициясы келген. Бұл 2008 жылдың осы мерзіміндегіден 6,3 пайызға артық.
Қазақстанда АҚШ капиталы­ның қатысуымен 350-ден астам кә­сіпорындар жұмыс істейді. Аталған кәсіпорын негізінен шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру, құрылыс, фармацевтикалық тауарлар сату, қонақ үйлерге қызмет ұсыну, көлік-экспедициялық қызмет көрсету, геологиялық барлау мен іздеу (ғылыми зерттеулерсіз) жұмыстарын және басқа да салаларды қамтиды.
“ШевронТексако”, “Эксон­Мо­бил”, “КонокоФиллипс”, “Орикс/КеррМакГи” сияқты америкалық компаниялар еліміз экономикасы­ның дамуына үлкен үлес қосып, алдыңғы орындарды иеленуде. Америкалықтардың қатысуымен құрылған “Теңізшевройл”, “Аджип ККО”, “Каспий тұрба құбыры кон­сорциумы”, “Қарашығанақ инте­гра­циялық ұйымы” сияқты ком­па­ниялар мен бірлескен кәсіпорын­дар еліміздегі ірі жобаларды жүзеге асыруға белсене үлес қосып келеді.
Сонымен қатар, энергетика саласындағы Қазақстан мен АҚШ әріптестігі жөніндегі арнаулы комиссия жеті-сегіз жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Осы уақытқа дейін бұл комиссия алты отырыс өткізіп, оларда мұнай-газ, электр энергетикасы, атом энергетикасы, ядролық технологияларды таратпау, қоршаған ортаны қорғау секілді маңызды мәселелердегі әріптестік қатынастарды одан әрі дамытудың жолдары қаралды.
Екі ел арасындағы әріптестіктің тағы бір қыры ретінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік саласында Қазақстан мен АҚШ-тың бірлескен бағдарламасының жүзеге асырыла бастағандығын атап өтуге болады. Бағдарламаның мақсаты осы мәселедегі әріптестікті тереңдетудің сенімді де тиімді негіздерін әзірлеп, қалыптастыру болып табылады.
Ал екі ел арасындағы қорғаныс пен қауіпсіздік салаларындағы ын­ты­мақтастық Қазақстанда әскери реформаларды қолдауда бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды қам­тиды. ІMET және FMF бағдарла­малары шеңберінде қазақстандық офицерлер мен сержанттар Қазақ­станда және АҚШ-та дайындықтан өтеді. Сондай-ақ еліміз әскери күштері жеке бөлімдерінің америкалық техникамен және сайман­дар­мен жаб­дықталуы жүзеге асырылады. Ше­караны сақтау және экстре­мизм­ге қарсы күрес бағдарламалары бойынша жұмыс жалғас­тырылуда.
2008 жылдың 1 ақпанында АҚШ Қорғаныс министрінің кө­мекшісі М.Шиверстің елімізге жасаған сапары аясында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кезекті бесжылдық әскери ынтымақтастық жос­парына қол қойылғандығы бел­гілі. Бұл жоспар 2012 жылға дей­інгі кезеңдік шараларды қамтиды.
АҚШ Президентінің “Блэр хаус” ресми резиденциясында өт­кен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің шақырылуы, Ресеймен арада стратегиялық қару-жарақ жөніндегі жаңа шартқа қол қойылуы, АҚШ-тың жаңа ядро­лық стратегиясының қабылдануы Барак Обаманың халықаралық қауіпсіздік саласындағы белсенді­лігі мен жетістігінің айқын көрінісі болып табылатындығын атап көр­сетті. Мұның өзі ядролық қарусыз әлем құру жолындағы аса үлкен қадам болып табылады.
Мемлекет басшылары Қазақ­стан мен АҚШ-тың көпжоспарлы қимыл-әрекетін кеңейту мәселесін талқылай келе, осы мәселемен тұрақты айналысатын жұмыс ко­миссиясын құру туралы келісімге келді. Бұл комиссияға екі ел сыртқы саясат ведомстволары бас­шыларының орынбасарлары жетек­шілік ететін болады.
Кездесу барысында Ауған­стандағы жағдай, Орталық Азия мен Еуразиялық кеңістіктегі оқиғалар барысы туралы нақты әң­гі­мелер болды. Бұл әңгіме Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы төңірегінде де өрбіді.
АҚШ Президенті Қазақстан­ның өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігері мен жүргізіп жатқан жұмыстарына қолдау білдірді.
Елбасы Барак Обаманы Аста­нада үстіміздегі жылдың қараша айында өтеді деп жоспарланып отырған ЕҚЫҰ саммитіне қаты­суға шақырды.
Қазақстан мен АҚШ президент­тері екі жақты қарым-қатынастың бас­қа да өзекті мәселелерін тал­қылады.
Қазіргі кезеңде ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастарды дамытудың негізгі факторлары. Ядролық, химиялық және басқа да жаппай жою қару-жарақтарын жою мәселелері. Қазақстан-америка ресми құжаттары. «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы. Қазақстандағы америкалық инвестициялық саясаттың ерекшеліктері. Мұнай-газ саласындағы қазақстан-америка ынтымақтастығы.
Америка Құрама Штаттары — алғашқылардың бірі болып Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін таныған және біздің мемлекетіміздің «табыстары тарихында» маңызды роль атқарған ел. АҚШ сондай-ақ қазақстандық экономиканың ең ірі инвесторы және негізгі сауда-саттық әріптестерінің бірі болып табылады. Қазақстан экономикасына салынған американ инвестицияларының жалпы көлемі 12 миллиард доллардан асып түсті, бұл барлық шетелдік инвестициялардың үштен бір бөлігіне жуығын құрайды. Американ компаниялары инвестициялармен бірге Қазақстанға жаңа білім, инновациялар мен технологиялар әкелді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымының көлемі 2005 жылы 2004 жылғымен салыстырғанда екі еседен астам артты, сөйтіп екі миллиардқа (1,87 млрд.долларға) жуықтады. 2005 жылы АҚШ Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі табысты дамудың моделі ретінде таныды. Вашингтон Қазақстанды өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздіктің шешуші факторы ретінде бағалайды. Бүгінгі күні қазақстан-американ қатынастары жаңа сапаға ие болып отыр. АҚШ Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі болашағы зор, стратегиялық әріптес деп біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет