Қорытынды
Қорытындылай келе, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты ықпалдастығына, сондай-ақ, Вашингтонда болған кездесулердің бірқатар нәтижелеріне тоқтала кеткім келеді.
Америка Құрама Штаттарымен арадағы қатынас Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Астана мен Вашингтон оларды екі ел президенттерінің 2006 жылғы қыркүйектегі Бірлескен мәлімдемесімен бекітілген принциптерге негізделген стратегиялық әріптестік қатынас ретінде қарастырады.
Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздіктері салаларында:
— жаһандық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық атом энергетикасын дамыту үшін жоғары байытылған уранды пайдаға жарату бойынша бірлескен қадамдар жасайды;
— Қатерді Бірлесіп Қысқарту бойынша Нанна-Лугара бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
— «Жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы күрес жүргізу қауіпсіздігі бойынша бастамалар» аясында ықпалдасады.
2008 қаңтарында біздер Қазақстан қарулы күштерінің әсерін арттыру, бейбітшілікті қолдау және Каспий теңізіндегі әскери инфрақұрылымды дамыту бойынша Қазақстанның әлеуетін нығайту мақсатында Әскери Ықпалдастықтың екінші бесжылдық жоспарына қол қойдық.
Энергетика салаларында:
— Қазақстан «Chevron», «ExxonMobil», «ConocoPhillips», «Parker Drilling», «Halliburton» бірлесе отырып, көмірсутегі шикізатын өңдеу және Каспий кен орнына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске асырады.
— Бұған дейін аталғанындай, «ҚазАтомӨнеркәсіп» американдық «Westinghouse» компаниясының тең иегері болды. Бүгінгі күні біздің мақсатымыз атом энергиясының үлкен әлеуетін бейбіт мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуде біздің әріптесіміздің қолдауына ие болу болып табылады, өйткені бұл әлеует Қазақстанның мұнай және газ секторымен байланысты.
Экономика салаларында
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде жеке сектордың бірінші кезектегі рөлін мойындай отырып, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары Қазақстанның жеке меншік мен мемлекеттік секторларына инвестициялар салу мақсатында Мемлекеттік–жекеменшік экономикалық әріптестік Қазақстан-американ бастамашылығын іске қосты. Әріптестіктің сонымен қатар, маңызды өңірлік кезеңдері бар, атап айтқанда, Ауғанстанды қоса алғанда Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық бірігудің дамуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |