Сынып сағаты: «Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі». «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын иегере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс».
Сара Алпысқызы
С. Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген
- Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?)-деген сұрақтарға жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет деген.
Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың негізін қалаушы Сүйіспеншілік құндылығы.
Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі.
Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі.
Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы Сүйіспеншілік.
Сүйіспеншілікті табиғаттан, ата-анамыздан үйренсек болады.
Сүйіспеншілік – өмірдің негізі.
Неге риясыз сүйіспеншілікті күнмен теңейді?
Өйткені күн бәріне бірдей жарқырайды?
Сүйіспеншілік – өмірдің негізі.
«Ақиқат» аңыз әңгіме. Бір күні аспанда данышпандар жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір данышпан: «адамға бақыт жіберейік»,- дейді, екіншісі «ақыл жіберейік»,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір данышпан ойланып:
«Ақиқатты жіберейік»,- дейді.
Ал екіншісі: «ақиқатты адамға жайдан-жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін ақиқаттың мәні болады», -дейді.
Данышпандар Ақиқатты біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады.
Сол кезде бір данышпан: «Біз одан да Ақиқатты адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі ақиқатты тани алады» – деген екен. Ақиқат бізге тумысымыздан берілген сый екен.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны Ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, Сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз Дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде Тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.
«Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат- оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы – өмірі»!
Өзгені танымас бұрын, өзгені сынамас бұрын өзімізді-өзіміз танып, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып, өзімізді рухани жаңғыртайық!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!