Сабақ Тақырыбы: Менің арманым Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттері: дұрыс ой, дұрыс сөз, достық, қайырымдылық, ізгілік, еңбекқорлық



Дата27.12.2016
өлшемі268,33 Kb.
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №30 қазақ орта мектебі

Мерзiмі: 13.09.2016 жыл.

№ 5- сабақ

Тақырыбы: Менің арманым

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: дұрыс ой, дұрыс сөз, достық, қайырымдылық, ізгілік, еңбекқорлық

Мұғалiм: Бегимова Айнагуль Курашовна

Класс 4 "А" Оқушылар саны 33




Сабақ мақсаты: Армандай білу -дұрыс әрекет құндылығының негізі екені туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне, оған қол жеткізуіне ықпал ету.

  • жақсылық жасай білу, дұрыс сөз айтып, дұрыс ой ойлау іскерліктерін дамыту;

  • оқушыларды бүкіл адамзатқа қайырымды, ізгі ниетті, бойы таза болуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(слайдтар, плакаттар, парақшалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т



2.Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

"Менің арманым" әңгіме жазу. (Әңгімелерін тыңдау.)


  • Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар

  • Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

  • Арманға қалай қол жеткізуге болады?




Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Арман-адамға қанат»

Халық даналығы



Мағынасын қалай түсінесіңдер?

(мәнін түсіндіру)

(Жақсы ниетпен армандау адамға зор қуат беріп, дұрыс әрекетке талпындырады, өмірге құштарлықты арттырады.)

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту. Дәптерге жазып алу.





Сергіту сәті

Күліп қағып қолымды, 1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрып досыма, қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен, маңдайынан сипайын,

Ыстық алақаныммен, қолыңды бер, қысайын.





  1. Әңгімелеу. (Мұғалім сыйы)

Арман мен ақыл. Қ.Мырза Әли

Шіркін-ай күйші болсам,

Бал тамған бармағынан!

Шіркін-ай, биші болсам,

Шығып бір арманымнан!

Шіркін-ай әнші болсам,

Кәдімгі күміс таңдай!

Шіркін-ай батыр болсам,

Айбаты арыстандай!

Шіркін-ай ғалым болсам,

Тілдескен даналықпен!

Әлемге мәлім болсам,

Ашқан көп жаңалықпен!

Көзіңнен күлімдеген

Бір ұшқын сезіп пе ең сен?!

Алдымен білім деген

Бәйгеден озып келсең.

Актердің, ақынның да

Жанына ғылым керек.

Оқудың озатына

Арман да таяу болар.

Білімнің боз атына

Мінбеген жаяу қалар.


  • Ақын кім болуды армандайды?

  • Өлең неліктен "Арман мен ақыл" деп аталған?

  • Білімнің арманға қандай қатысы бар?

  • Бәйгеден озу үшін алдымен не керек делінген?

  • Білімнің боз атына мінбеген жаяу қалар дегенді қалай түсінесіңдер?

Арманның адам болашағына әсері қандай?

  • Барлығымыз биші, әнші, күйші, дәрігер, ұстаз болуды армадаймыз. Бірақ бәрінің ішінен біреуін таңдау үшін қайда жүгінеміз?

  • Арманды адам мүмкіндігімен шектеуге бола ма?






  1. Шығармашылық жұмыс.

1. Топтық жұмыс

Оқушылар екі топқа алған парақшаларындағы топ атына сәйкес бөлінеді. Топтарға баспалдақтар сызылған плакаттар беріледі. Әр топ мүшелері өз армандарына қандай "қадамдар" арқылы жететіндігін сатыларға жазып шығады. Екі топ мүшелері жазып шығады, оқиды, тақтаға іледі.



2.Ойын-жаттығу

-Оқушыларға алған парақшаларына жоғарыда көрсетілгендей, өз армандарын, не үшін олай армандайтынын өлең қатарына салып айтады.

Мысалы:


Шіркін-ай, ұстаз болсам, шәкіртке білім берген! т.с.с

  1. Топпен ән айту.

«Дос болайық бәріміз!»

(Сөзін жазған Х.Талғараеев

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев)

  Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті!

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы:





5. Үйге тапсырма. 6-сабақ "Өсиет әңгіме", тапсырма-1, 8 бет

Бүгінгі сабақта айтылған тәтті армандарыңыз шынайы өмірде ақиқатқа айналсын деген тілекпен сіздерге тәтті сыйлаймын.







6. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Бүгінгі айтылған барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.



Сабақ аяқталды. Рахмет!





Арман

Арман

Арман

Арман

Арман

Арман

Қиял

Қиял

Қиял

Қиял

Қиял

Қиял

Жүрек

Жүрек

Жүрек

Жүрек

Жүрек

Каталог: uploads -> doc -> 0cac
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cac -> Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу