Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз



Дата10.05.2020
өлшемі12,57 Kb.
#66941
Байланысты:
тақпақтар


  1. Әрқашан дос біргеміз,
    Ажырамас іргеміз.
    Ілгері жүріңдер,
    Достық жырын біліңдер.
    Ту қып ұстап бірлікті,
    Еңбекті сүйіңдер.



  1. Доспен бірге ойнайсың,  
    Доспен ойнап тоймайсың.    
    Өзіңнің жақын досыңнан,
    Артық досты таппайсың.   



  1. Екі деген – екі дос,
    Бірін - бірі қимайтын
    Артық кемді етпей сөз,
    Бірін - бірі сыйлайтын
    Досыңа бол адал жан,
    Бірдей бөліс сынақты
    Бір нүктеге қадалған,
    Екі көзің сияқты.




  1. Достар бірге жүреміз,
    Бірге ойнаймыз, күлеміз.
    Бірге балық аулаймыз,
    Міне біздер қандаймыз.
    Орман, көлге, шыңға біз,
    Саяхатқа шығамыз.
    Бөлінбейді іргеміз,
    Әрқашан да біргеміз.




  1. Досы үшін дос көнеді бейнетке,
    Дос деген сөз ең қадірлі жер - көкте,
    Жақсылардың айрылмас досы көп.
    Қолын берген қиыншылық кездессе.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет