Сабақтың тақырыбы: Біз оқимыз, ойлаймыз және ойнаймыз.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: модуль бойынша алған білімдерін еске түсіріп бекіту, оқушылардың
интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: тіл байлығын өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін
жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: бірін – бірін тыңдауға, достыққа және бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қағаздар, сандық, қоржын,асықтар, тақта, бор, экран.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, мәртебелі қонақтар! Бүгінгі біздің «Біз оқимыз, ойлаймыз және ойнаймыз» сыныптан тыс сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа 2 топ қатысады- «Сұңқар», «Тұлпар». Сол топ балаларының білімдерін қазір ортаға салып саралаймыз. Ендеше, біздің еңбегімізді бағалау үшін біз ортаға әділқазылар алқасын сайлап алайық.
«Біз оқимыз, ойлаймыз және ойнаймыз» - сайысымыз V кезеңнен тұрады.
1-кезең «Бәйге»
2- кезең «Мерекелер»
3- кезең «Пантомима»
4- кезең «Спорт»
5-кезең «Өнер сайысы»
Жарысты бастамас бұран ережемізді қайталап еске түсірейк.
Алтын ереже:
Тыныш отырып тыңда!
Уақытты үнемдей біл!
Тез ойлан!
Сауатты жаз!
Мұқият бол!
Басқаны тыңдай біл!
1-кезең «Бәйге»
Әр топ кезек-кезекпен сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген балаға «асық» беріледі. 1 асық - 1 ұпай деп саналады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап береді. Оқылған сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек.
1. Қазақстанда неше облыс бар?
2. Қазақстан Республиканың мемлекеттік рәміздерін ата.
3. Сен қай республикада тұрасың?
4. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
5. Сен қай мектепте оқисың?
6. Мектеп қай көшеде орналасқан?
7. Сен неше жастасың?
8. Қазақтың ұлттық тағамдары қандай?
9. Қазақ тілі сабағында не істейсіңдер?
10. Қазақстанда неше теңіз бар?Қандай?
11. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
12. Қазақстанның екінші астанасын ата.
13. Қазақстанның 3-ші астанасы?
14. Қазақстанның төртінші астанасы?
15. Бір аптада неше күн бар?
16. Бір жылда неше ай бар?
2- кезең «Мерекелер»
Балалар, қане, сандарды атайық! Бұл - әрбір сұрақтың бағасы. Суретке қарап қандай мейрам екенін дұрыс айтып беру керек. Қандай санды таңдап алсаң, дұрыс жауап берілгенде, сонша ұпай саналады. Ойыншы жауап бере алмағанда, екінші топ жауап бере алады, және де осы ұпай сол топқа беріледі.
10 ұпай – 9 мамыр
20 ұпай – 22 наурыз
30 ұпай – 1-2 қаңтар
40 ұпай – 16 желтоқсан
50 ұпай – 1 мамыр
60 ұпай – 8 наурыз
Ал енді әділқазылар қортынды шығарғанша, біз бәріміз ойын ойнайық «Дұрыс па, бұрыс па?» деп аталады. Мен өз ойымды айтамын, дұрыс болса, тұрып қол шапалақтаңдар, бұрыс болса, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар. Сонымен, бастайық.
1. Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны.
2. Бесбармақ – француздардың тамағы.
3. Наурыз – Шығыс қазақтар мейрамы.
4. Блины – қазақтың ұлттық тағамы.
5. Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақтың балуаны.
6. Масленица мейрамында бауырсақ пісіреді.
7. Қымызды жылқының сүтінен жасайды.
8. Наурызды күзде тойлады.
9. Мектепте біз дұрыс жазуды, оқуды үйренеміз.
10. Абай Құнанбаев – орыстың ұлы ақыны.
11. Қазақстанның астанасы – Карағанды.
12. Қазақстан – біздің Отанымыз.
3- кезең «Пантомима»
Сандықтың ішіндегі карточкаларға жазылған тапсырмаларды бірінші топ алып, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетеді. Ал екінші топ оның қандай дәстүр екенін анықтайды.
І топ
* тілашар
*тұсау кесер
ІІ топ
* бесікке салу
*шашу
4- кезең «Спорт»
Бұл кезенде І топ ұлттық спорт ойындарын жазады, ал ІІ топ Қазақстандық олимпиада чемпиондарының атын жазады. Тақтаға шығып күн шуағын құрастырады. (Күн сәулесін)
Қай топтың күн шуағы бірінші жарқырайды? Қане, бастаймыз?
Жауабы дұрыс, қатесіз болса әр күн шуағына 5 ұпай береміз.
Ұлттық спорт ойындары
арқан тартыс
аударыспақ
көкпар
бәйге
қазақша күрес
қыз қуу
теңге алу
асық
Қазақстандық олимпиада чемпиондары
Александр Винокуров
Зульфия Чиншанло
Ильин Илья
Майя Манеза
Светлана Подобедова
Ольга Рыпакова
Серік Сәпиев
Әділқазылар қорытынды шығарғанша біз бәріміз ойын ойнайық. «Аударыспақ» деген ойын.
Мына ұзын орындықты ат деп есептеңдер. Әр топтан бір-бір адам шығады, орындықтын екі жағына қарама қарсы тұрып бір-бірін итеріп аттан түсіру керек. Атта қалған бала жеңімпаз болады
5-кезең «Өнер сайысы»
Ал енді бірінші топ өздерінің «Қара жорға» биін көрсітеді, ал екінші топ ән айтады «Туған жер».
Әділқызылар қорытынды шығарғанша, біз бәріміз ойын ойнайық.
«Тақия» - ойын
Ойынның шарты: ортаға әр топтан төрт адамнан шығады, сосын
1- дегенде бір-бірімен құшақтасып «Ассалау мағалейкум» деп амандасады
2- дегенде тақияларын бір-бірімен ауыстырып киеді
3- дегенде тақияларын шешеді
Ал енді, сөз әділқазыларға беріледі. Олар әр топтың жинаған ұпай санын айтады. Қай топ жеңімпаз екені анықталады. Оқушылардың білімдері бағаланады.
Қорытынды.
- Балалар, бүгін сендерге бүгінгі жарыс сабағы ұнады ма?
- Несімен ұнады? (Көп ойнадық, ойладық, ән айтық, би биледік)
- Осымен сабағымыз аяқталды. Сайысқа қатысушыларға рахмет.
Құрметті ұстаздар, мәртебелі қонақтар назарларыңызға көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |