Менің ойымша, қаланың адамдары мен ауылдың адамдарының арасында көптеген айырмашылықтар бар: - Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда - қазақи. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы...барлығы сақталған... - Ауыл адамдары ерте ұйықтап, ерте тұрады. - Қала адамдары кеш жатып, кеш тұрады. - Қаладағы тіршілік үнемі қызу үстінде. Күні-түні қозғалыс! Адамдары да соған бейімделген. - Ауылда тып-тыныш...таза ауа...тамаша табиғат...қорада мал) Адамдары да соған бейімделген. Ауылда тұратын адамдар үшін - қалада тұру қиын. Ал қала тұрғындарына - ауыл тіршілігі қиын. Сонымен қатар, ауылда көп нәрсені өздері қолдарымен жасайтын болса, қалада дайын затты сатып алады. Сосын...мінездерінде ерекшеліктер бар. - Ауылдың баласы - жуас, момын, денелі. - Қаланың баласы - елгезек; қағылез; (шустрый), нәзік. Барлығы бірдей ЕМЕС, әрине! Бірақ көп жағдайда осылай болады! Сосын...бұл тек менің көзқарасым!
Әрине айырмашылығы бар!Қалада тұратындар көбіне салт-дәстүрді,әдет-ғұрыпты біле бермейді!Ал ауылдың адамдары,ауылда қарт адамдар көп болады ғой.Көпті көрген ата-әжелердің немерелеріне айтып отыратын қызықтары көп!Ауылдың қара топырағына аунап өскен біздің кеменгер ақындарымыз көп!Олардың ауылдың атқан таңына,батқан кешіне арнаған өлеңдерін білеміз!Ауылдан ақындар шықса,қаладан ғалымдар шығып жатады!Ауылданда ғалым шығаруға болады бірақ ауылда техника жетпейді!
Қала өмірі
Қала, шаһар — тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар ауданы, Өнеркәсіп ауданы, Сауда ауданы, кейбірінде Әкімшілік басқару ауданы секілді негізгі аудандарға бөлінеді. Онда негізінен ғимарат, көше, бақша секілді негігі құрылыс нысандары болады. Қалада біршама дамыған қызмет көрсету, сауда жасау, тазалық, тұрғын үймен қамдау, қатынас-тасымал, ойын-сауық кешендері, спорт кешендері қатарлылар болады. Қалалар қала ауданы және қала маңы ауданы деп бөлінеді.
Ауыл өмірі
Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық.
Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді.
Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды.