«Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн» факультеті «Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы



бет1/27
Дата03.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#108640
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
СРС БУБТ
қмж, қмж, қмж, Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн» факультеті

«Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы

білім алушының өздік жұмысының әдістемелік нұсқауы
TK TOTD 4305 «Былғары және үлбір бұйымдары технологиясының негіздері»

пәні бойынша


6В07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандықтың білім алушыларына арналған

Алматы, 2021



БӨЖ №1
Жұмыстың тақырыбы: Былғарының өңдеу процесінің кезеңдері жайлы түсінік

Жұмыстың мақсаты: Былғарыны өңдеу кезеңдерді жайлы түсінік қалыптастыру
Жұмыстың мазмұны

1. Былғарыны өңдеу кезеңдеріне шолу жасау


Әдістемелік көрсеткіш

1. Жібіту процесі. Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді - жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесі және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату, яғни «жас тері» қалпына жеткізу.

Егер тері консервілегеннен кейін тұрып қалған болса, теріні міндетті түрде жібіту керек. Жібіту жеңіл көрінгенмен, күрделі және маңызды операция, ол терінің сапасына әсер етеді. Келесі операцияларды қанша сапалы істеп, жібітуді нашар орындаған болсаңыз, тері бәрібір ірі, іші қатты және онымен жұмыс істеу жағдайы ыңғайсыз болады. Жібітуді орындамас бұрын терідегі кір, қан, тұз және ерігіш белоктар (альбуминдер, глобулиндер) кетіріледі. Жібіту дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан белоктық заттарды аз шығындай отырып, толық және бірқалыпты суландыру қамтамасыз етіледі, сонымен қатар шикізаттардан мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп, шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек (әсіресе мех терілері үшін).

Жібіту процесінде жеткіліксіз және бірқалыпсыз суландырылған тері, басқа процестерді жүргізгенде терінің беткі қабатының тартылуына немесе қатты болуына себеп болуы мүмкін. Бірқалыпсыз суландырылған мех терілері жеткіліксіз созымдылыққа ие болуы мүмкін. Жібіту кезіндегі белоктық заттардың өте көп шығын болуы былғары құрылымының босаңқы болуына алып келеді. Мех және былғары шикізаттарын жібіту процесі, әдетте мынадай реагенттердің қалыптасуымен жүргізіледі: натрий хлориді, натрий корбанаты, әртүрлі беткі белсенді заттар (ПАВ), натрий гексафтормиликаты, қалий хлориді.

Бұл реагенттерді жібітетін суға не жібітуді жеделдетуге көмек ретінде немесе бактерияның өсіп-өнуін тоқтататын антисептиттік заттар ретінде қосады. Натрий гексафторсиликаты ең көп тараған антисептикке жатады. Кейбір кезде аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне қолданылатын былғарыны өндіру үшін, әсіресе қой мен ешкі терісін қолданылғанда жібітетін суға жібіту соңында кальций гидроксидін қосады.

Жібіту процесінде температураны процестің ұзақтылығы, жібітетін сұйықтың рН-ын және оның құрамындағы аз тұзының бактериалдығын, жібітуден кейінгі шикізаттардың серпімділігін және суландырылған дәрежесін бақылайды. Мақсатқа сәйкес, зертқаналық (лабораториялық) жағдайда, оқтын-оқтын терінің әр қабатының суландырылу дәрежесі тексеріледі. Жібітетін сұйықтықта жоғарғы мөлшерде азотты заттар болса, онда терінің бүлінгендігін дәлелдейді. Жібітуден өткен терінің бар ауданы жұмсақ болуы керек, кескен кезде кесінді ақшыл-күңгірт түсте болып, терінің ылғалдылығы 67% төмен болмауы керек. Мех пен былғары шикізаттарының сулану дәрежесін кептіру әдісімен анықтайды.

Шелдеу процесі. Тері әбден суланғаннан соң, оның майлы және бұлшық ет қабаттарын біріктіретін тін талшықтар мен шел қабаттарын шелдейді. Бұл поцесс «шелдеу» деп аталады. Шелдеу екі рет жүреді: бірінші жібітуден соң, екінші илеуден кейін. Бірінші шелдеу пикельдеуге теріні дайындайды, жақсы иленген тері қышқыл мен ас тұзы ертіндісін жақсы сіңіреді. Шелдеуге қарапайым пышақ және арнайы доға тәріздес пышақ, қозғалмайтын пышақ қолданылады. Терінің ұзындығы, сосын ені бойынша бүктейді де, пышақка әкеліп, алдыға артқа қозғалта отырып шелін алады. Үшінші әдістегі пышақ керісінше жоғары қаратылған. Теріні майсыздандыруға қолданатын құралдармен де шелдеуге болады. Лезвия және басқа да барлық құралдардың өткір болғаны дұрыс. Қозғалатын құралды қолданғанда теріні стол және тақтайға шегемен бекітіп қояды. Шелдеудің екі әдісі бар: «кесу» және «қырқу». Бірінші әдіс өткір құрал көмегімен орындалады. Бұл әдіс кезінде терінің шел жақ май қабатын лезвиямен кесіп алмау керек, ол үшін ұқыпты және мұқият жасаған дұрыс. Қырқу әдісінде шел жақ май қабатын қырқып, сосын жартылай өткір құралмен өзеңнен бөлектейді.

Пикельдеу процесі. Пикельдеу - былғары жартылай фабрикаттарын илеуге даярлау үшін және өзеңнің талшықты құрылысын жұмсартып сонымен қатар, мех терілерінде илеуге даярлау үшін қолданылады. Бұл процесте тері өңдеу пикельде яғни, өзеңнен коллеган талшықтарын кептіру мен борпылдақтар, ас тұзы мен қышқыл ертіндісінде жүреді.

Пикельдеуді жарғақты консервіленгенде де қолданады. Былғары өндірісінде пикельдеу үшін күкірт, кей кезде сірке қышқылын, ал мех өндірісінде күкірт және сірке, көбінесе құмырсқа қышқылын, қолданады. Қышқыл тек өзең бетінің борпылдақтануына әсерін тигізеді. Бейтарап түз ретінде әдетте, натрий хлоридін пайдаланады. Тұз теріні ісіндіреді де, кейін жарылуына әкеліп соғады. Ертінділер келесі концентрацияға сәйкес болғаны жөн: H2 SO- 9-12 г/л, ас тұзы - 50-60 г/л. Оптимальды температура 25-28оС, жібіген және шелденген теріден ертінді 5-6 есе артық болады. Теріні пикельдегенде орташа 10-12 сағат ұстайды, егер оның температурасы мен концентрациясына параметр қойылса, тіпті бірнеше күн жатса да ештеңе етпейді.

Осыдан кейін тері жұмсақ және икемді болады да, одан өнім жасау оңайға соғады. Егер қайтадан жуып кептірсе, тері қатайып кетеді. Бұны болдырмас үшін, тағы бір операция илеу қажет. Илемес бұрын теріні ертінділерден жуып, сығып, мех жағын жоғары қаратып, оның үстіне тақтай жауып, жүкпен бастырады да, 2-3 тәулікке қояды. Сосын бейтараптау керек. Бейтараптау үшін 1-1,5 г/л сода және фотографиялық гипосульфит - 10 г/л концентрациялы зат пайдаланылады. Теріні осы ертіндіде 20-60 минут ұстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет