Практикалық жұмыс №3. Бейметалдар тақырыбына эксперименттік есептер. «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер. Мақсаты



Дата08.04.2020
өлшемі15,9 Kb.
#62006
Байланысты:
Практикалық жұмыс. №3 Бейметалдар тақырыбына эксперименттік есептер 08.04.2020 РМ101

Практикалық жұмыс №3. Бейметалдар тақырыбына эксперименттік есептер. «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер.
Мақсаты: Сапалық реакция көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау.


  1. Хлорид – ионға сапалық реакция

Төрт сынауыққа 5-7 тамшыдан: бірінші сынауыққа кальций хлориді, екіншісіне барий хлориді, үшіншісіне калий хлориді, төртіншісіне натрий хлориді ерітіндісін құйыңдар.

Әр сынауыққа 2 тамшыдан күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Барлық сынауықтағы нәтижелерді салыстырыңдар. Ұқсастық байқала ма? Оны немен түсіндіруге болады? Барлық ионды теңдеулерді салыстырыңдар.

Хлор анионына Cl- қандай ион реактив болатынана қорытынды жасаңдар.


  1. Сульфат- ионына сапалық реакция.

Бір сынауыққа сұйылтылған күкірт қышқылын, екіншісіне натрий сульфатын құйыңдар және әрқайсысына барий хлориді немесе нитраты ерітіндісін қосыңдар.

Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар. SO2-4 ионына қандай зат реактив болып табылады?




  1. Нитрат – ионына сапалық реакция.

Сынауыққаа 0,5 г натрий нитратын (немесе басқа нитратты) салып, тұзды толығымен жабатындай етіп концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар, содан кейін мыс ұнтағын қосып қыздырыңдар. Қандай газ бөлінді? Сынауықтағы ерітінді түсі неге көгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.


  1. Фосфат – ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1-2 мл натрий фосфаты ерітіндісін құйып, осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.


  1. Карбонат – ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күміс нитратын қосыңдар. Не байқалды? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Түзілген тұнбаға 0,5 мл сұйылтылған азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.



  1. Аммоний ионына сапалық реакция

Сынауыққа 5 – 7 тамшы аммоний сульфаты ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы концентрлі сілті ерітіндісін қосыңдар. Дымқыл лакмус немесе фенолфтолеин қағазын дайындаңдар. Сынауықтың қабырғасына тигізбей шетіне индикатор қағазын ұстап тұрып, сынауықтағы қоспаны қыздырыңдар.

Индикатордың түсі өзгере ма? Неге? Аммоний ионына қандай реакция сапалық болып табылатыны туралы қорытынды жасаңдар.

Есептік кестені толтырыңдар.




Реакция теңдеулері

(Иондық теңдеуі. Тұнбаның түсі қандай?)



Бақылау қорытындысы


1





2


Лддло

Джинсы


3





4





5









6









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет