Астана қаласы
М. Тынышпаев атындағы ҚазККА
Ақмола колледжінің
ІІ санатты информатика
пәні оқытушысы
Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна
Ашық сабақтың әдістемелік жоспары
Тақырыбы: Windows- тың стандартты қосымшасы
Пән:_ Информатика негіздері және есептеу техникасы
Мамандық, тобы: ҒС-14/1
Күні: 16.10.2014ж.
Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Windows- тың стандартты қосымшаларында жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу;
Студенттердің тәжірибелік жұмыс жасауына, тиянақты орындауына жағдай жасау;
Болашақта алған білімдерін өз мамандықтарында қолдана білуге баулу
Әдістері: Кембридж әдісі бойынша, топтық жұмыс, «ББҮ» стратегиясы.
Сабақ жабдығы: ТҚЕ плакаты, ДК, тақта.
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, сурет, әдебиет
Күтілетін нәтиже:
Топтасып жұмыс істей білуге
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Шығармашылық қабілеті дамиды.
Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру және студенттерді түгендеу
ІІ Үй жұмысын тексеру:
Топ екіге бөлінеді: Paint
WordPad.
Топтардың басшысы сайланады.
Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі
Екі топтан бір- бір студент шығады кезекпен үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қояды.
Операциялық жүйе түрлері?
Операциялық жүйе дегеніміз?
Файл дегеніміз не?
Бума дегеніміз не?
Жарлық /ярлык/ дегеніміз не?
Операциялық жүйенің негізгі міндеттері, оларды ата?
Иерархия дегеніміз не?
Операциялық жүйені кластарға бөлу?
ІІІ Жаңа тақырыпты зерделеу
Жоспар
WordPad;
Күнтізбе;
Блокнот;
Калькулятор;
Paint
Нығайту: Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамсыз етеді мысалы:
- мәтіндік құжаттар дайындау;
- графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
-жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
- математикалық есептеулерді орындау және т.б.
Бұл қосымша программалар «Стандартты» тобында орналасады.
Бағдарламаларды іске қосу жолы:
Бастау Пуск
Барлық бағдарламалар Все программы
Стандарттық Стандарные
Таңдаулыны аламыз
Достарыңызбен бөлісу: |