Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
Сабақтың мақсаты: Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы, заттың жарық пен көлеңкесімен, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу.
Білімділік:Натюрморт туралы түсінік беру, геометриялық денелерден тұратыннатюрморттың құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету. Алған білімдерін сурет салу барысында жүзеге асыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрете отырып эстетикалық талғамын арттыруға баулу, көлемдік-кеңістіктік ойлануы мен визуальді қабылдаудың мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылық:Заттың кеңістіктегі үлгісін саналы, аналитикалық қабылдай білуді дамыту, оның пластикасын, құрылымын, пропорциясын, түс қатынасын және бейнелеу шеберлігін қалыптастыру. Геометриялық дене үлгілерді салу жаттығулары арқылы оқушылардың салу үдірісінде сәулеттік және табиғи пішіндерді талдай білуін дамыту.
мольбертке қойылған 55х75 көлемді планшетке геометриялық дене қойылымын салу; өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақ дайындау, сұрақ қою; дәптермен жұмыс - жаңа тақырыпты қысқаша дәптерге жазып отыру Сабақтың материалдық-техникалық көрнекілігі:
Интерактивтік тақта, геометриялық денелер қойылымы, нұсқа 4 кезеңдік геометриялық денелерден тұратын натюрморт долбарларын салу үлгісі, әртүрлі геометриялық денелердің салынуының видеоролигі, слайд-суреттер.
Пәнаралық байланыс:
Тарих, Өнер тарихы, Перспектива, Сурет, Кескіндеме, Композиция.
оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу, топ аттарын қойып, таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру:
(үй тапсырмасын қорғау,өткен тақырып бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы өзара бақылау және топқа ұпай жинау)
Оқушының өзі таңдаған суретшінің шығармасын немесе әдемі туындысын қарындашпен орындап келу және жұмысын қорғау. Яғни, қорғау кезінде таңдаған суретшінің өмірбаяны мен туындыларына тоқталу. Суретін бейнелеп келген туындыны таңдаған себебіңіз, не үшін ұнады және суретші несімен қызықтырды деген сұрақтарды қамтып жауап беру. (Әр топтан шығып жұмысын қорғаған оқушының тобына ұпай қосылып отырады және бағалау кезінде жеке оқушы бағаланады).
Өткен тақырып бойынша 2 топ бір-біріне сұрақ қояды. (5 сұрақ – 1ші топ 2ші топқа және 2ші топ 1ші топқа кезектесіп қояды).
«Мен сізді танимын!»ойыны. Бұл ойын арқылы өткен сабақты еске түсіреміз, яғни, бұл ойын өткен сабақта танысып білген суретшілер туралы болмақ. Қазір сіздердің алдарыңызда бірнеше адамның суреті көрсетіледі, сол суретте бейнеленген адамды бірінші болып қол көтеріп тауып және оның қысқаша өмірбаяны мен туындыларын айтып өткен оқушының тобына ұпай қосылып отырады. Сондақтан, естеріңізде болсын, танып тұрған бейнеңізді тек қана бірінші болып қол көтеріп жауап беріңіздер. (Интерактивті тақтада адам бейнелері көрсетіледі).