Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрінісін бейнелегенімен қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.
Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Және қазақ халқының танымал суретшісі Гүлфайрус Ысмайылова өзінің натюрмортында қазақ қыздарының ұлттық бас киімі – сәукелені бейнелеген. Бұл жай бас киім емес, қалыңдықтың үйлену тойында киетін бас киімі. Бұрынғы кезде оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отырған. Ал Голландиялық натюрморттардың негізгі тақырыбы – таңғы ас. Суретшілер күмістен жасалған бағалы әрі мөлдір шыны ыдыстарды, жібек маталар мен ас мәзірін бейнелегенді ұнататын.
Яғни, тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалған әр түрлі натюрморттарға мынадай суреттер арқылы мысал келтіруге болады. Натюрморттың жемістер мен гүлдерді, аң-құстар мен балық аулау, тұрмыстық керек-жарақтар, таңғы ас, музыка аспаптары бейнеленген түрлері мен гүлдер натюрмортын және қазіргі заманға сай натюрморттарды да тамашалап көрейік:
Достарыңызбен бөлісу: |