Жоспар
Кіріспе 3
1. Жүйе және құрылым ұғымдары 4
2. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипатының белгілері 5
3. Қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдар 6
Қорытынды 7
Пайдаланылған әдебиеттер 8
Кіріспе
Тіл біздің ойымызды туғызып, оны жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, ол адамдардың сан ғасырғы мол тәжірибесін сақтайды және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
Дыбыс - тілдің материалдық бірлігі, сөздің құрастырушы бөлшегі. Ол тілдік форма болып саналады. Ендеше, сөз де, сөз тіркесі де, сөйлем де тілдік формалар, тілдік элементтер болып есептелінеді. Сөздің формасы оның дыбыстық құрамынан көрінеді де, мазмұны оның мағынасынан белгілі болады. Тілдегі әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем кандай да болсын белгілі бір мағынаны, ұғымды, ойды білдіреді. Ұғым мен мағына және ой тілдік бірліктердің мазмұны болып табылады.
Тілдік форма мен мазмұнның арасындағы байланыс, яғни сөз бен мағынаның арасындағы байланыс - табиғи байланыс емес, ол шартты байланыс. Мысалы, "ұннан иленіп, табаға пісірілген тағам' деген ұғым мен оның нан деген лексикалық атауының арасындағы байланыс - табиғи байланыс болса, дүние жүзі халықтарының бәрі оны нан деп атаған болар еді. Жоқ. Олай емес, оны біреу - нан, екіншілер - хлеб, үшіншілер - brot (нем.), төртіншісі - bread (ағыл.) деп атайды. Олай болса, олардың арасындағы байланыс - кейіннен қалыптасқан шартты байланыс екен.
Адам өз ойын сөйлеп, не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын, түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса, ол анық, айқын ойлай алады.
Бұған қарап, тіл мен ойлау тепе-тең, бірдей нәрсе деп ұғып қалуға болмайды. Неміс ғалымы В.Гумбольдт солай деп ұққан. Ол әр 41 түрлі тілдердің болуы әр түрлі ойлаудың нәтижесі, - деп есептеді. Бұл мүлде қате тұжырым болатын.
"Тіл мен ойлау тепе-тең" деп қателесушілер сияқты, "тіл мен ойлаудың арасында ешқандай байланыс жоқ, олар бір-бірінен мүлде бөлек" деп, қате тұжырымдаушылар да жоқ емес. Мәселен, американдық ғалымдар Л.Блумфильд пен З.Харрис осылай дейді. Алдыңғы пікір қаншалықты қате болса, соңғы пікір де соншалықты қате.
Сонымен, тіл мен ойлаудың арасына тепе-тендік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен- бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады.
Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі болады. Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |