Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқын



бет1/3
Дата21.02.2022
өлшемі60,68 Kb.
#132747
  1   2   3
Байланысты:
Балаларды аламтор желісіндегі ауіпсіз мінез- л ын алыптасты
3 сөж инк

Тақырыбы: Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқын
Қазіргі кезде өмір сүруді интернетсіз елестету мүмкін емес, яғни цифрлы технологиялар балалар мен жасөспірімдерге даму мен білім алу аясындағы шексіз мүмкіндіктерді ашады. Өкініштісі, интернетті қолданушылардың бәрі де осы мүмкіндіктерді барынша пайдалана алмайды. Басты себебі, өсіп келе жатқан ұрпақтың, сондай ақ атааналардың цифрлық біліктілік деңгейі әлі де болса төмен екендігінде. Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, балалар мен жасөспірімдердің интернет белсенділіктері жоғары болғанына қарамастан олардың цифрлы технологияларды қауіпсіз қолданудағы білімдері мен дағдыларының деңгейлерін әлі де жетілдіру қажет екенін көрсетеді.
Сондықтан, соңғы кезде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің интернетті қолданудың ережелері туралы, оның ішінде ғаламдық желінің өсіп келе жатқан ұрпақтардың қауіпсіздік мәселелеріне де көп көңіл бөле бастады. Осыған байланысты алдымызда басты мақсат тұр, ол - ақпараттық қоғамның дамуына әсер ету, яғни өмір сүрудің әртүрлі міндеттерін шешу үшін сандық технологияларды қолдануда толықтай қабілетті және жауапты, оның толық құқылы азаматын қалыптастыру болып табылады.
Интернетті пайдаланудың қауіпсіз тәсілі бар ма …? Иә, мүмкін, балаларымыздан телефонды алып қойсақ болады ғой, деп ойлау да ақымақтық болар, бұл ой тіпті жағдайды ушықтырады, яғни баланың заманауи дамуынан тиып өзінің қоғамынан қуылған болар еді. Бірақ, біздің нақты әрекетіміз бар, - ол оларды саналы және қауіпсіз қолданудың жолдарын үйрету.
Сонымен, компьютердегі бала қауіпсіздігінің алғашқы шарты– компьютерде ұзақ отыру зияны туралы ақпартатандыру; екіншіден – компьтерде отыру орнын дұрыс ұйымдастыру; үшіншіден – күн тәртібі ережесін сақтау.
Біздің міндетіміз - зиянды әсер ететін ақпараттар арқылы, соның ішінде Интернетте таратылатын ақпараттардан баланың денсаулығы мен оның дамуына, атап айтқанда физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік сезімдеріне қауіп әкелетін тәуекелдерді жою
Ғаламтордың балаға қандай қаупі болуы мүмкін? Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.
Төртке бөліп қарастырайық:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет