Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер



бет1/5
Дата29.10.2022
өлшемі0,6 Mb.
#155586
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер (копия)

Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер

Афферентті немесе сезімтал жүйке талшықтары— мүшелер мен ұлпалардан қозуды ОЖЖ-е өткізетін жүйке талшықтары.

  • Афферентті немесе сезімтал жүйке талшықтары— мүшелер мен ұлпалардан қозуды ОЖЖ-е өткізетін жүйке талшықтары.
  • Эфферентті жүйке талшықтары— ОЖЖ-нен қозуды мүшелер мен ұлпаларға өткізетін жүйке талшықтары.

Перифериялық нерв жүйесі
Афферентты (сезімталды) бөлімі
Эфферентты (орындаушы) бөлімі

Жергілікті жансыздандырушылар

  • Жергілікті жансыздандырушы дәрілер – жүйке ұштарының сезімталдығын тежейді.

Қолдану әдістері бойынша:

  • 1) Аппликациялық анестезия жасау үшін қолданылатын заттар (анестетик ауыз қуысының сілемейлі қабатына, жараның бетіне енгізіледі): кокаин (2% - 5 ml), тетракаин (дикаин) 2-4%, лидокаин 2%, пиромекаин ерітінділері 1-2 %, сонымен қатар анестезин (ұнтақ, таблетка, жақпамай, балауыз).
  • 2) Инфильтрациялық анестезия жасау үшін қолданылатын заттар әр қабатты бірте-бірте сіңіру жолымен жүзеге асырады (прокаин, лидокаин, бупивакаин, артикаин, тримекаин, ропивакаин). Инфильтрациялық жансыздану кезінде алдымен жансыздандыратын жергілікті теріге, содан соң төмен жатқан қабаттарға біртіндеп егіледі.
  • 3) Өткізгіштік немесе аумақтық анестезия кезінде қолданатын заттар (анестетикті нерв бойымен енгізеді; нерв талшықтары бойынша қозудың берілуі тежеледі, яғни сол нервімен иннервацияланатын аумақтың сезімталдығы жойылады): новокаин (1-2 %), тримекаин (1-2%), лидокаин ерітінділері (0,5-2%).
  • 5) Интралигаментарлық және пульпа ішіне енгізу: лидокаин, мепивакаин, артикаин препараттарын қолданады. кіші жамбас мүшелеріне, шатқа, аяққа, содан соң операциядан кейінгі жағдайларда, босануда және емдік блокада үшін қолданылады.

жанама әсерлері

  • жүйке жүйесінің қоздыруы мен депрессия туғызып, жүрек қан тамырларын тежеуі мүмкін.
  • Жалпы әлсіздік, жүректің айнуы, құсу, аллергиялық реакциялар, тырысулар ж.т.б
  • Ұрыққа улы әсер көрсетуі мүмкін, себебі олар плаценталық тосқауылдан жақсы өтеді.
  • Босану кезінде әйелдердің тегіс және салалы бұлшықеттеріне әртүрлі әсер етеді, жатырдың жиырылу белсенділігін және толғақ тиімділігін өзгертуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет