Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқын


Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!



бет3/3
Дата21.02.2022
өлшемі60,68 Kb.
#132747
1   2   3
Байланысты:
Балаларды аламтор желісіндегі ауіпсіз мінез- л ын алыптасты

Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!

  • Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:

  • Өз үйінен, ауласына алыстап кетпесін.

  • Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын. Бірден бөлектеу кетіп қалсын.

  • Танымайтын адамдарға есік ашпасын.

    Компьютерге тәуелділіктің алдын-алудың кейбір аспектілері: 1. Экономикалық аспект: Интернетте жұмыс істеуде қысқа уақытқа болса да шыға алмауы және көңілін басқаға бөле білмеуі; Интернет туралы жабысқақ пікірінен арылыту кезінде ашуланшақтық пен реніштің болуы; Интернетте жұмыс жасау қалауы бойынша уақыттың созылуы, сол уақыт сеансы кезінде нақты уақытты жоспарлай алмай қалуы, Интернетте көп ақша жұмсауға талаптануы, тіпті қарызға батқан күнде де тоқтай алмауы; 2. Тұлғааралық аспект: Интернеттегі жұмыс ұзақтығы мен жиілігін азайтамын деп достарына және отбасы мүшелеріне өтірік айтуға дайын тұруы, Интернетте отырғанда үй жұмыстары мен сабақтарын дайындауды, маңызды жеке кездесулерді, сүйікті істері туралы ұмытып кетуге деген қабілетілік пен бейімділік; кінәдан немесе дәрменсіздік сезімдерінен, мазасыздықтан немесе депрессиядан арылу үшін интернетте отырып эмоционалды көңілді көтеру мен өзіндік эйфория сезіміне ие болуға деген ұмтылыс пен қабілеттілік; мұндай өмір сүрудің сын-пікірлеріне құлақ аспауы; Интернеттегі жұмыспен айналысу барысында досын жоғалтуға және құрбы-құрдастарының ортасынан шығуға дайын болуы;
    3. Денсаулық аспектісі: ұйқының азаюы, жеке гигиенасын сақтаудағы физикалық белсенділіктің төмендеуі; тамақтану туралы үнемі ұмытуы мен тәбетінің болмауы.
    Балалардың психикалық және физикалық денсаулығына, тұлғалық дамуы мен әлеуметтенуіне қауіптілік белгілері: - Егер бала оны ойыннан алшақтату кезінде агрессияны көрсетсе және сіздің өтініштеріңізге жауап беруді тоқтатса; - Егер сіз компьютерде өткізетін уақытты азайтсаңыз, бала депрессияға түссе, баланың көңіл-күйі жабырқаулы болса;
    - Жеткіншек оқушы оқуда және (немесе) құрдастарымен қарымқатынаста қиындықтарға тап болады.
    - Бала сізден ғаламторда қанша уақыт өткізетінін және қандай сайттарға кіретінін сізден жасырады.
    - Бала үнемі компьютерлік ойындар мен Интернет туралы ойлап жүреді және қызыға сөйлеседі, виртуалды әлемге оралуды қуанышпен күтеді.
    - Балаңыздың күн тәртібі, оның ішінде диета және ұйқы режимі бұзылады.
    Сурет 17 - Балалардың психикалық және физикалық денсаулығына, тұлғалық дамуы мен әлеуметтенуіне қауіптілік белгілері:
    Интернеттегі тәуелділіктің көріністерінің пайда болуы көбінесе басқа тәуелділіктерді немесе психикалық бұзылуларды жасырады. Интернетке тәуелділік симптомдардың кеңеюі, ықтималды пайдаланушылардың санының көбейуюі, баспасөздегі алдапарбаушылық қазіргі уақытта психикалық денсаулық бойынша мамандар мен осы құбылысты зерттеушілер үшін өте өзекті.
    Біз балаларымызды туғаннан қауіпсіздігін қалай сақтаймыз? Қауіпсіздік мақсатында біз ең алдымен балаларымыздан инелер, қайшылар және басқа тесу және кесу заттарын жасырамыз, онымен балалар өздерін кесіп, салып алатындығын түсіндіріп, балалардың есейгенше бұл өткір заттарды ересектердің бақылауымен (ата-ана, тәрбиеші) қолдануды үйретеміз, содан кейін әр уақытта қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертіп отырамыз. Дәл осылай осы заманда бәрін қамтитын интернет желісін де балаға қалай пайдалану керектігін, одан нені біліп, нені үйренетінін түсіндіріп, ашып айтып, көрсетіп беру керек. Бірінші сұраққа жауап беруде келесісі пайда болады: Ал қалай бақылаймыз? Ол үшін не істеу керек? Баланы зиянды ақпараттарды алудан қалай қорғауға болады? Міне, сол сияқты Windows арқылы балаға төнетін қауіпі бар, денсаулығына кері әсерін тигізетін ақпараттардан сақтауға және баланың қандай ақпарат көздерін қолдануда қауіп бар екенін ескеріп, бала компьютерде немен айналысып отырғанын бақылау керек болады. Әсіресе жаңа Windows Vista операциялық жүйесі ауқымды мүмкіндіктерге жол ашады. Оны, құрастырушылар балалардың компьютерге отыруында қауіп қатері бар дей келе дұрыс ұйымдастыруда қауіпті азайтуға, оперативті жүйені орналастыру үшін үлкен инструменттер жиынын ойластырады. Балалар шынайы өмір мен виртуалды әлемнің және ата-аналар медиациясының кезеңінде өмір сүруде. Осы үшін біз баланың интернет желісін пайдалануында қауіпсіздігі үшін арнайы 10 бағдарлама тәсілдерін ұсынамыз [19, 20]. Баланы, оның қоңырауларын бақылауға, сондай-ақ басқа қосымшалармен жұмыс жасауында шектеуге көмектесетін 10 бағдарламалардың тізімі KidLogger.net, StaffCounter.net. Балаларды қажетсіз интернет парақшалары мен қосымшаларынан шектеуде келесі тәсілдерді ұсынамыз.
    Біршама уақыттан бері өте қызықты және қауіпсіз құрал бар «Компьютерден компьютерге демалыс» деген. Оған көңіл көтеру ретінде қарауға болады, дегенмен оны көзге арналған тренажер ретінде сәтті қолданылып келеді. Айтып отырғанымыз SIRDS (Single Image Random Dot Stereograms) стереокартинасы туралы – қараған кезде әртүрлі стереоэффектісі пайда болатын графикалық бейнелер. Бұл әдеттегідей стереофотография емес, ал арнайы генерацияланып салынған нысандар. Сырт көзге шашылған ретсіз түрлі түсті нүктелер мен үзінділер белгілі бір қалыпта одан керемет көлемді бір бейнені көруге болады. Осындай суреттері бар альбомдар сатылымда бар.
    Интернетте осы тақырыпқа арналған бірқатар ресурстар бар, осы http://sirds.lipetsk.ru и http://basik.ru/stereo/Dictures қоса алғанда. Қазіргі кезде Алматы қаласында «АУЭС - Касперский Лабораториясы» ғылыми білім беру лабораториясы бар. «Касперский Лабораториясы» кибер-қауіптерден қорғану бойынша тренингтер ұйымдастыру қағидаларының жаңа әдістерін ұсынады — Kaspersky Automated Security Awareness Platform (ASAP) платформасы қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

    Адамның дамуына қатысты компьютердің оң аспектілері Адамның даму кезеңінде компьютердің оң әсерін жоққа шығара алмаймыз. Айталық, компьютердің пайдасы: -оқу мүмкіндігін кеңейтеді -ғаламтор жүйесіндегі әртүрлі тақырыптағы көптеген ақпаратқа қол жеткізе аламыз. Бала оқу-үйрету ойындарының көмегімен санау және жазуды жылдам үйреніп алады. Себебі, тапсырмаларды орындаған кезде компьютердің көмегікөп. Өз жауабының дұрыс-бұрыстығын тексере алады. Ол үшін атаанасының жұмыстан келуін немесе қолы босағанын күтудің қажеті жоқ.


    7
    Тәжірибеден байқағанымыздай, мектеп қабырғасындағы балалар оқуүйрету ойындары кезінде ойынның барлық деңгейінен қайтадан өткенді қуана құп көреді. Себебі бұған дейін өте алмаған деңгейді, бір-екі рет жеңіп көрген соң, қайталау, жаңа деңгейге шығу оған өте қызық. Мұны әдеттегі сабақпен салыстырар болса, айырмашылық бар. Өйткені мектепте жүргенде оқушыда түсінбеген тақырыптан қорқу, қашқақтау секілді белгілер болса, ойын кезінде ондай қобалжулар болмайды. Қайта ойынның тапсырмасын орындап, жаңа деңгейге өту – балаға әлдеқайда жеңіл. Сол үшін мұндай бағдарламалар мектеп бағдарламасымен салыстырғанда, баланың есінде жақсы сақталады. Әрі тиімді. Бала немесе жасөсіпірім ойынның әр деңгейінен өтер кезде бар зейінін соған аударады. Ойындағы барлық құралды мұқият пайдалана отырып, берілген тапсырмалардың шешімін табу - баланың қызығушылығы мен құлшынысын арттырады.
    Ғаламторда адам өзіне қажеттінің бәрін табады. Керек ақпаратқа қиналмай қол жеткізуге болатынын ескерсек, бала мүны кішкентай күнінен ұғынып, зерттей бастайды. Баланың өз бетімен ізденіп, өздігінен зерттеу жүргізуі де - білім алудың бір түрі. Болашақта осынша ақпараттың қолданушысы өзі болғандықтан, оны жақсы білуі, қажет мәліметтерді дереу тауып алуды меңгеруі тиіс. Ол үшін ғаламтордағы іздеу жүйесін дұрыс қолдануды, негізгі сөздердің құрылымдары секілді түрлі әдіс-тәсілдерді білуі керек. Өзін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап тапқан сайын бала өзіне беймәлім ақпараттарды іздестіріп, қызыға түседі. Сөйтіп, іздену арқылы бала бойындағы талпыныс артып, әлемді танып, ата-ана, ұстаздың көмегінсіз жаңа ақпараттарға қол жеткізе бастайды. Осылайша, баланың дербес ойлау, пайымдау жүйесі қалыптасады.
    Адамның дамуына компьютердің кері аспектілері Адамның даму жолында компьютер әсерінің кері аспектілері де бар. Олар: -Виртуалды әлемге адамның біржола беріліп кетуі – оған тәуелділікті қалыптастырады -жаһандық желіде кері әсерін тигізетін түрлі жағдаяттарға тап болуы мүмкін

    Медиабілім мектеп бағдарламасына енгізілуі керек Медиабілім - оқушыларды бұқаралық байланыс заңдылықтарына жетелейтін бағыт. Бұл сала жеткіншектерді алған ақпаратын талдай алуға, дұрыс қабылдауға үйретеді. Сол арқылы киберқылмыстың алдын алуға, бұқаралық коммуникациялық құралдардың заңсыз әрекетінен өзін қорғай алады. Медиа сауаттылық қазіргі технологияларды мақсатты пайдалануға, ақпараттың мазмұнын сыни талдауға, оны жауапкершілікпен пайдалануға ықпал етіп, мұғалімдер мен оқушылардың кәсіби дайындығына да оң әсерін тигізеді. Бұл саланы дамыту киберқылмыстардың алдын алу және интернетті пайдалану қауіпсіздігін арттырудың тиімді шарасы ретінде танылды. Осы туралы Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің министрлер комитеті ұсынымында да айтылған. Медиабілім беру балаларды бұқаралық коммуникация құралдарының жағымсыз әсерінен қорғауда маңызды рөл атқарады, жасөспірімдерді медиа ортада өзін қалай ұстауға үйретіп, медиа мәдениетті меңгеруге ықпал етеді. Мұны азаматтық қоғамды дамытудың алғышарты деп те есептеуге болады. Мемлекет ақпараттық қауіпсіздікті сақтай отырып, барлық аудиовизуалды медиа қызметтерде, электрондық ақпарат құралдарында балалардың денсаулығын, ақыл-ойын, адами қасиеттерін дамытуға жұмылуы керек. Бұл – халықаралық құқық талабы. Қазіргі ғаламның өзекті мәселесі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өйткені бүгінде ақпаратық кеңістікте интернеттің рөлі өсіп, адамның құқы мен бостандықтарына зорлық жасау, қатыгездікті насихаттайтын ақпараттың көбеюі, жалған мағлұматты тарату белең алды. Сондықтан


    37
    болашақ ұрпақты интернет арқылы теріс дүниетанымын қалыптастырудан қорғайтын шараларды қолға алу маңызды-ақ. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мемлекеттің ғана міндеті емес, оны қамтамасыз етуге әрбір мектеп, әр отбасы атсалысуы керек. Өзге әріптестерім секілді мен де жалпы білім беру бағдарламасына медиақауіпсіздік сабақтарын енгізуді ұсынар едім. Өйткені технологияның қарыштап дамыған қазіргі заманында бұл сала өзінен-өзі сұранып тұр әрі өскелең ұрпаққа тигізер көмегі де көп болар еді. Медиабілімнің міндеттері мынадай болу керек: 1.Ел аумағында таратуға тыйым салынған, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттарды оқушылар мен студенттерге таныстыру; 2.Сананы улайтын теріс ақпараттардың ақпараттықтелекоммуникациялық желілерде, әсіресе, интернет және ұялы байланыс телефондары арқылы заңсыз таралу тәсілдері туралы оқушыларды құлақтандыру; 3.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін халықаралық қағидаттармен жастарды таныстыру; 4.Балалар мен жасөспірімдерге интернетті және ұялы байланысты, басқа да электрондық құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелеріне үйрету, ақпараттық-коммуникациялық желілердегі қоғамға қауіп төндіретін, балалардың психикасына кері әсер ететін кибербуллинг, буллицид секілді қауіпті тәсілдерден қалай қорғану керегі түсіндіріледі; 5.Оқушылар арасында интернет және компьютер ойындарына тәуелділіктің алдын алу; 6.Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып, қылмыс жасауды болдырмау.
    Бұдан қандай нәтижеге қол жеткіземіз? -Медиақауіпсіздік сабағында балалар интернет және ұялы байланыс желілерінде таралатын ақпараттарды сыни талдай алады; -Шынайы ақпаратты жалған ақпараттан ажырата алады, өзіне қауіп төнетін мағлұматтардан өзін қорғай алады; -Өзінің денсаулығына және психикасына кері әсер ететін ақпаратқа еріп кетуден аулақ болады; -Өздерінің сенгіштігін, тәжірибесіздігін асыра пайдаланған және ол арқылы өздерін заңсыз әрекетке итермелегісі келген әрекеттерді сезе біледі; -Жарнамалық және басқа ақпараттарды ұсынған кезде қолданылатын қулық әрекеттерді анықтай алады;
    38
    -Ақпараттық-коммуникациялық желілерде таратылатын ақпараттық өнімдерге сыни көзбен қарай алады; - Ақпараттың сенімділігіне, дереккөздердің шынайылығына талдау жасай алады; -Өзіне қажетсіз, тіпті зиян келтіретін, қауіп-қатер төндіретін ақпараттар мен байланыстан өзін-өзі қорғай алады.

    Баланы оңалту кезеңдері мен әдістері Интернетке тәуелді балаларды оңалту және түзеу кешенді жұмыстар легін қамтиды. Оның үш кезеңі бар. Бірінші кезең – кеңестік-диагностикалық (немесе алғашқы аддиктологиялық көмек кезеңі). Психолог балалармен және оның отбасымен әңгімелеседі және әртүрлі тесттер өткізеді. Осы арқылы баланың тәуелділік белгілері мен оның деңгейі айқындалады. Құмар ойындарға деген құштарлық патология ретінде сипатталып, компьютерлік тәуелділіктің диагнозы қойылады. Бұл ретте (өте маңызды кезең!) отбасылық келісімшартты жасау және компьютерлік уақытты қатаң бақылау мен өзін-өзі бақылауға бағытталған жұмыстарды толығымен іске асыру қажет. Аталған кезеңнен өту ұзақтығы жеке анықталады. Әдеттегідей, жоспарланған мақсаттарға жету үшін тиісті оңалту бағдарламасына қатысуға бағытталған және даярлықтан өткен мамандармен – аддиктологтермен, психологтермен қосымша 2-4 кездесу өткізу керек. Екінші кезең – түзету корекциясы.Осы кезеңде отбасылық терапия, полимодальді жеке психотерапиясы, психологиялық денсаулықты қайта қалпына келтіру бойынша әлеуметтік-психологиялық түзетулер жүргізіледі. Аталған кезеңде жасөспірімнің жаңа күн тәртібіне бағыну, өзін-өзі бақылау мен келісімшартта көрсетілген барлық міндеттемені орындауы маңызды. Үшінші кезең – рецидивке қарсы және қалыпқа келтіру терапиясы. Мұнда баланың жарқын болашаққа деген көзқарасын қалыптастырып, нақты өмірге бағыт-бағдар беру керек. Тәуелділікке қайтып оралмас үшін психологиялық тұрақтылығын күшейтуіміз қажет. Психолог баланы уақыт кестесін дұрыс ұйымдастыруға, күнделікті жасаған ісіне есеп беріп, әр күнін мағыналы өткізуге бағыттайды. Мысалы, өзінің болашағын қалай елестейтініні туралы арман картасын сыздыру, келешегінде болатын жақсылықтар жөніндегі ой-қиялын қағазға түсіру секілді түрлі жаттығулар орындатып, тренингтер өткізуге болады. Топтық сабақтар аяқталғаннан кейін оңалту бағдарламасының қатысушылары қол жеткізген нәтижелері туралы


    39
    айтып, отбасылық кеңес берудің қосымша тренинг, жаттығуларына қатысады. Сонымен қатар, жасөспірімнің өзін-өзі жетілдіру деңгейі анықталады, оның талпыныстары мен баламалы белсенділігі позитивті бекітіледі, қажет болған жағдайда экспресс-психотерапия технологияларын қолдану арқылы пайда болған проблемалар шешіледі. Жасөспірім ынта білдірсе, бұл кезеңде жеке кеңес беру сериялары қарастырылады, онда енді компьютерлік тәуелділік жөнінде айтылмайды, айналасындағы жолдастарымен, сыныптастарымен, мұғалімдерімен болған проблемалар сөз болады. Бұл факт психолог маманына деген сенімділіктің артқанын, мінезі ашыла түскенін, өз проблемаларын шешу үшін сыртқы ресурстарды қолдану қабілетінің артқанын көрсетеді. Яғни өмірлік проблемалардан қашқақтап, виртуалді қиялдарға (құрылымсыз копинг) өтіп кетудің орнына жасөспірім біртіндеп проблемалық жағдайларды шешудің белсенді әдістерін (құрылымдық копинг) қолдана бастады деген сөз. Бұл міндетті түрде психолог маман тарапынан позитивті түзелу ретінде белгіленуі тиіс.

    Компьютер ойындарына тәуелді болуды болғызбас үшін ең алдымен отбасы мен мектептегі тәрбиені түзеу керек. Балалар мен жасөспірімдердің медиақолдану саласындағы әртүрлі аспектілерді зерттеген еңбектерде олардың тәуелділігі алдымен атааналардың, жақын туыстардың іс-әрекетінен бастау алғаны айтылған. Біз, психологтар да мұндай мәселемен күнделікті бетпе-бет келіп жүрміз. Қазір адамзат электрондық медиасыз өмірін елестете алмайды және осы салада жеткілікті түрде тәжірибе жинақтады. Бірақ медиа – бақылауға көп бағына қоймайтын, әсіресе үйде ата-аналардың қадағалауынсыз қалатын қызмет түрі. Мектепте де бала қандай фильмдер көріп жүр, қандай телебағдарламалар қарап жүр, біле бермейміз. Сондықтан балаңызды компьютерлік тәуелділіктен сақтаймын десеңіз, мына ақыл-кеңестерді есте ұстаңыз: 1.Өзіңіз балаңызға жақсы өнеге көрсетіңіз. Ісіңіз бен сөзіңіз бірдей болсын. Айталық, әкесі баласына компьютерде бір сағаттан артық ойнамау керек деп айтып алып, өзі тапжылмай үш сағаттап отырып алса, баланың көңіліне сенімсіздік ұялайды; 2.Компьютермен жұмыс істейтін уақытты шектеу керек. Балаңызға компьютер артықшылық болғанымен, онда үнемі отыруға болмайтынын, әкешеше тарапынан шектеу қойылу керектігін жайлап түсіндіріңіз. Әрине, компьютермен ойнауға бірден тыйым салуға болмайды. Егер балаңыз компьютерсіз өмір сүре алмайтын болса, онда жұмыс күндері – екі сағат, демалыс күндері – үш сағат ойнауға болады. Бірақ арасында міндетті түрде үзіліс болуы тиіс. 3. Балаңызға уақытты тиімді өткізудің басқа жолын ұсынып көріңіз. Бос уақытында айналысуға болатын істердің тізімін жасаңыз. Мүмкіндігінше, баламен бірге баруға болатын жерді таңдаңыз (киноға бару, балық аулау, шахмат ойнау, табиғатқа шығу). 4.Компьютерді тиімді тәрбие құралы ретінде қарап, балаңызды ынталандыруға пайдаланыңыз. Мысалы, бала үй тапсырмасын уақытылы орындаса, жүктеген шаруаны жақсы атқарса, ынталандыру сыйлығы ретінде компьютерде аз уақыт ойнауға рұқсат беріңіз. 5.Балаңыз қандай ойындармен ойнайтынын қадағалауды ұмытпаңыз. Кейбір ойындар ұйқысыздыққа, ашушаңдыққа, күйзеліске, қорқынышқа алып келетінін ұмытпаңыз;


    41
    6.Ойынды балаңызбен бірге талқылаңыз. Баланың ой-өрісін дамытатын ойындарға көбірек көңіл бөліңіз, соған қызықтырыңыз. Ұлыңызға не қызыңызға компьютер ойындары уақыт өткізудің, көңіл көтерудің шектеулі бір бөлшегі ғана екенін, өмірде одан да қызықты дүниелер көп екенін және достарымен әңгімелесуге, айналадағы адамдармен тілдесуге ештеңе жетпейтінін түсіндіріңіз. 7.Егер балаңыздың компьютерге тым әуестігін қойдыру қолыңыздан келмей жатса, онда уақыт оздырмай, психологтардың немесе арнайы орталықтардың көмегіне жүгініңіз.
    Ең басты қағидат – әрдайым балаңыздың жанынан табылыңыз, оны қараусыз қалдырмауға тырысыңыз!
    Ғаламтордан келетін қауіп-қатерден баланы қорғау жөніндегі ҰСЫНЫМДАР 1.Ғаламторды балаңызбен бірге шарлаңыз.Егербалаңыз ғаламторды игеру кезінде қол жеткізген табыстары мен кездескен қиындықтары жөнінде сізбен бөліссе, оны мақтап, көтермелепотырыңыз. 2.Балаңызға айтыңыз: егер интернетте оларды бір нәрсе мазаласа немесе үрей туғызса, оны жасырмай, айтып отырсын. 3.ICQ, Microsoft Messenger секілді жылдам хабар алғызатын бағдарламалармен онлайн ойын ойнар кезде шын аты-жөнінкөрсетуге болмайтынын балаңызға алдын ала айтып қойыңыз. Балаңызды тіркеуге өзіңіз де көмектесіңіз. 4.Интернетке жеке мәліметтерді, аты-жөнін, телефон нөмірін, мекенжайды, оқитын мектебін, сыныбын, жиі қыдыратын орнын, мектепке баратын және келетін уақытты, әке-шешесінің жұмыс орнын ешқашан жүктеуге болмайтынын балаңызға әрдайым ескертіп отырыңыз; 5.Интернетте де, шынайы өмірде де жақсы мен жаманның еш айырмашылығы жоқ, бірдей екенін балаңыз ұғынуы керек. 6.Балаңызға интернеттегі достарға сыйластықпен қарау керек екенін айта жүріңіз. Жылы сөз өмірде де, Интернетте де бірдей әсер ететінін есте сақтасын; 7. Интернетте танысқан достары кездесуге шақырса, баруға болмайтынын ескертіңіз. Көп жағдайда адамдар Интернетте шынайы бейнесін жасырып, өзін басқаша көрсететінін түсіндіріңіз.
    42
    8. Интернетте жазылғандар мен көрсетілгеннің бәрі шындыққа жанаса бермейтінін балаңызға айта жүріңіз. Егер қандай да бір күмәнді нәрсе оқыса, оны үлкендермен бөліскен жөн екенінбала білуі тиіс; 9. Баланың интернеттегі әрекетін арнайы бағдарламалар арқылы бақылауды дағдыға айналдырыңыз. Бұл баланың қандай сайттарға кіріп, нендей ақпаратты оқып жүргенін қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балаға қауіп төндіретін, санасын улайтын сайттарды дер кезінде бұғаттап, оның зияны туралы балаңызға ескертуді ұмытпағайсыз.
    Интернеттегі шындық пен өтірік: қалай ажырату керек? Интернеттен алынған материалдарға бала сын көзбен қарауды үйренуі керек. Ғаламтор желісіне кім көрінген ақпарат қалдыратынын және оның бәріне сене беруге болмайтынын бала жастайынан санасына сіңіріп өскен жөн. Қазіргі заманда қолында интернеті бар әрбір адам сайт аша алатынын және онда салынған ақпараттың рас-өтірігін ешкім қадағалап жатпайтынын өскелең ұрпақ білуі тиіс. Бала өзіне керек ақпаратын қайта-қайта тексеріп, сын көзінен өткізіп, үлкендермен ақылдасып, шынайылығына көз жеткізгенде ғана пайдаланғаны жөн. Мұны балаға қалай түсіндіреміз? -Түсіндіруді бала ес білгеннен бастаңыз. Өйткені қазір балабақша жасындағы балдырғандардың өзі Интернет деген не екенін жақсы біледі және өз деңгейінде қолдана алады . Сондықтан «балам әлі кішкентай» деп қарамай, оған ерте жастан интернеттегі шындық пен өтірікті ажыратуға үйретіңіз; -Балаңыз интернеттегі көргенімен бөлісуге дағдылансын. Қандай сайт ашқанын, не көргенін күнделікті сұрап отырыңыз; -Бала бір сайттан көрген мәліметін басқа ақпарат көздері арқылы қайта нақтылап, шындыққа келетін мағлұмат па, жоқ па дегенді өздігінен тексеруді үйреніп алуы керек. Бұл жерде балаға көмекке келетін ресми газетжурналдардың сайттары мен ресми мемлекеттік органдардың парақшаларында жарық көрген материалдар. Жеткіншек интернеттен алған мәліметі туралы міндетті түрде сізбен ақылдасып отыруын әдетке айналдырыңыз. Егер балаңыз сіздің пікіріңізді білгісі келсе, «баланың сұрағы» деп одан сырт айналмаңыз, ыждаһатты тыңдап, сабырлы жауап беруге тырысыңыз; -Балаңыз электрондық кітапхана қорындағы кітаптар қорын – сенімді ақпарат көзі ретінде пайдалануды әдетке айналдырсын. Егер сенімді ақпарат көзін өздігінен тауып, мәліметтерді тексеріп жатса, көтермелеп қойыңыз. Ынталандыру мақсатында дискіге жазылған энциклопедия сыйлаңыз.
    43
    Мысалы, өз еліміздің майталмандары немесе шетелдік авторлар шығарған дүниетанымды кеңейтетін небір жақсы дүниелер бар. Солардың тізімін жасап, кітап дүкендерінен сатып алып, балаңызға сыйлық ретінде беріп отырыңыз; -Балаңызға интернеттегі іздестіру функциялары қалай жұмыс істейтінін көрсетіңіз; -Расизм, фашизм, ұлтаралық араздық пен дінаралық алауыздық туралы бала да білуге тиіс. Осы тектес ақпарат жариялаған адам заң алдында жауапкершілікке тартылатынын, бұл жақсы нәрсе емес екенін балаңызға айтып қойыңыз. Әрине, балаға зиянды ақпараттары бар сайттардың біразын бұғаттауға болады. Бірақ бәрін жаппай назарда ұстай алмайсыз. Сондықтан қандай сайтты ашуға болатынын, қайсысы тыйым салынған дүние екенін бала жобалап білуі керек.
    Интернетпен жұмыс істеу туралы отбасылық келісім Егер балаңыз интернетпен жұмыс істегісі келсе, онда балаңызбен бірге ғаламторды қалай қолдану керектігі жөнінде алдын-ала келісім жасап алыңыз. Бұл келісімде отбасының әр мүшесінің құқы мен міндеті қаттап жазылуы тиіс. Бұған қоса, мына сауалдарға нақты жауап алуды ұмытпаңыз: -балалар қандай сайтқа кіре алады және онда не істейді? -интернетте балалар қанша уақыт отыра алады? -егер интернетті қолдану кезінде қандай да бір күмәнді жайттар кездессе, баланың әрекеті қандай болмақ? -жеке мәліметтерді қалай қорғау керек? -өзінің қауіпсіздігін қалай сақтау керек? -өзін қалай мәдениетті ұстау керек? -чаттағы, онда құрылған топтағы және жылдам хабар алмасатын желілердегі жаңалықтарға қалай қарау керек? Есіңізде болсын: көз бояушылықпен жасалған келісім ешқашан орындалмайды. Сондықтан отбасыңызбен бірге жасаған өзара мәмлені ұмыт қалдырмаңыз, отбасының әр мүшесі онда айтылған міндеттерді бұлжытпай орындауы тиіс. Ара-тұра келісімде жазылған ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіп отырыңыз. Бұл – оның қағаз жүзінде қалмай, шынайы түрде орындалуына жол ашады. Көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызатын хабарламалар қызметінде де көңіл аударарлық мәселе жеткілікті. Кейде балалар аңғалдықпен бұл хабарламаларға жауап беріп қойып, қауіпсіздігін қатерге тігіп жатады. Сондықтан балаңыз мына жайттарды жадына тоқып алсын:
    44
    -әлеуметтік желілерде, мессенджерде немесе уатсаптағы статуста бала ешқашан жеке басына қатысты мәліметтерді қалдырмауы керек. Айталық, оқитын мектебін, сыныбын, үйінің мекенжайын жазбауы тиіс. Чаттар арқылы сұрау салдырған кездейсоқ таныстарға, интернетте танысқан достарға да мұндай мәліметті айтпауы керек; -интернетте танысқан бейтаныс адамдармен жеке чатта әңгімелеспеу; -баланың телефонындағы нөмірлерді ұдайы қадағалап отыру, бұрын араласпаған бейтаныс адамның аты-жөні, нөмірі болса, сол туралы баладан сұрау; -әлеуметтік желілерде дос болуға ұсыныс жіберген адамдардың тізімін тексеру, кім көрінгенмен дос болудан аулақ болу, өйткені желіде отырғандардың бәрі бірдей өздерінің шынайы бейнесін көрсете бермейді; - жылдам хабар тарататын желілерді қауесет пен өсек таратуға пайдаланбау; жалпы желілер арқылы үздіксіз келіп жататын ақпараттар легін әрі қарай таратудан сақ болу; -Балаңыздың желілерге жіберген хабарламаларын жасырын түрде бақылап отырудың қажеті шамалы. Ата-анаға керегі, интернет мәселесінде баламен ортақ мәмілеге келу, ашық сөйлесу. Бала қандай жағдайда да атаанасына арқа сүйей алуы керек, сонда ғана жеткіншекті бақылауда ұстай аласыз.
    Сіздің балаңыз интернетке тәуелді болуы мүмкін бе? Ғаламтор – жұртшылықпен тілдесудің, пікір алмасудың тамаша мүмкіндігі. Әсіресе, ұяң, тұйықтау бала үшін интернет – өзгелермен тезірек тіл табысудың негізгі құралы. Өйткені желіде сөйлесу үшін түр-әлпетің, жас айырмашылығың, дене бітімің маңызды емес. Сондықтан былайғы өмірде бұйығы бала интернетте еркін көсіліп, өзін өте жайлы сезінеді. Бірақ күнделікті өмірден таба алмаған қызығын интернеттен іздеудің соңы тәуелділікке алып келеді. Мұны дер кезінде байқау қиын. Ғаламторға тәуелділік әбден асқынып, тығырыққа тірелгенде ғана ата-аналар дабыл қағып жатады. Әрі интернетке түбегейлі байлануды ауру деп мойындамау да мәселені ушықтырып жібереді. Сондықтан бұл жерде ауруды емдегеннен гөрі алдын алған жақсы. Ол үшін не істеу керек? Алдымен баланың компьютердің алдында отыру уақыты мен үй шаруасымен айналысу арасында тепе-теңдік сақталуы керек. Үнемі компьютерге үңіліп отыру – баланың жүйкесіне де үлкен салмақ. Компьютер балалардың емес, үлкендердің бөлмесінде тұру керек. Сонда жеткіншек қанша уақытын интернетте өткізетінін жазбай білетін боласыз. Сосын...өзіңізге де бір көңіл аударып қоюды ұмытпаңыз. Жұмыстан қолыңыз қалт еткенде уақыттың
    45
    бәрін интернет пен телефонда босқа өткізбей, бір сәт балаңызбен де әңгімелесіп, пікір алмасуды әдетке айналдырғаныңыз абзал.
    Интернет құрбандарына кімдер ілігеді? Ғаламтор бұзақыларының құрығына кез келген бала ілігуі мүмкін. Кейбір балалар мектепте тым қатыгездік танытады. Олар өздерінің қылығын ерсі деп санамайды да. Өкінішке қарай, өз замандастарының мазағына айналған балалар әр сыныпта кездеседі. Егер бұрын бұзақылардың әрекеті жеке басқа тиісу, келемеждеумен шектелсе, қазір жағдай әлдеқайда күрделене түсті. Кибербұзақылар өз құрбандарын тек желіде, компьютерде отырып аңдиды деу – қате түсінік. Керісінше, қазір жеткіншектер ұялы телефонның күшін асыра пайдаланады. «Құрбандарын» келемеждеп видеоға түсіру, оны желіге салу, өз араларында тарату белең алды. Әрі қазіргі телефонда қажеттінің бәрі бар, өзі шағын, жасыруға да ыңғайлы. Өзге замандасынан қорлық көрген бала бұл туралы ешкімге тіс жарғысы келмейді. Тіпті тәрбиелі отбасынан шыққан баланың өзі әке-шешесіне қанша сенім артса да айтқысы келмейді. Ата-анам алдындағы «беделіме» нұқсан келеді, мені әлжуаз деп санайды деп намыс көреді. Әсіресе ересектеу бала өзгенің мазағына айналса, қиын. Ол болған жайды отбасынан жасырып қана қоймай, мінез-құлқына да өзгеріс кіріп, құрдастарымен араласудан қашқақтап, өзімен өзі тұйықтала түседі.
    Сонымен, баланың интернет құрбаны болғанын қалай білеміз? 1.Мазасыздану. Өмірінде қандай да бір жайсыздық болса, ең сабырлы деген баланың өзі мазасызданып, берекесі кетеді. Оны ата-ана байқамауы мүмкін емес. Күйзелу, мектепке барғысы келмеу – баланың өмірінде бір жайсыздық болғанының басты белгісі; 2.Интернетке жоламай кету. Егер балаңызғаламторды, желіні белсенді пайдаланып жүріп, аяқ астынан жоламай кетсе, онда міндетті түрде себебін анықтаңыз. Әдетте балалар компьютердің алдында уақыт өткізгенді жақсы көреді. Олардың интернетке жоламай кетуі – сирек кездесетін құбылыс. Ал аяқ астынан, ешкім тыйым салмай-ақ, ғаламторды ашпай кетсе, онда бір гәптің болғаны деп ұғыныңыз. 3.Жаңа хабарлама келген кезде күйгелектену.Бала телефонына келіп жатқан хабарламалардың даусынан мазасызданып, өзін біртүрлі сезінсе, атаанасы оған бей-жай қарамау керек. Хабарламалар балаңыздың көңіл-күйін түсірсе, міндетті түрде оның телефонын тексеріңіз. Бұл әрекет этика ережелеріне қайшы келгеніне қарамастан, әрбір ата-ана баласына не болып жүргенін білуге міндетті.
    46
    Әртүрлі жастағы балалардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі кеңестер Зерттеулерге сүйенсек, интернет қолданушылардың қатарында балабақша жасындағы балалар да баршылық. Бұл жастағы балалар атааналарымен бірге, интернетті қауіпсіз пайдалану жөніндегі көптеген нұсқаулықтармен танысып, өй-өрісті дамытуға бағытталған ойындар ойнағанды жақсы көреді. Сонымен, 5-6 жастағы балалар не істей алады? Осы жастағы жеткіншектер өмірге құштар, бәрін білгісі келетін көзқарасымен ерекшеленеді. Айналаны танып, ой-өрісін кеңейте бастаған балдырғандар оқып, санап үйренгендерін мақтаныш етіп, идеяларымен бөліскенді ұнатады. Бұл балалар интернетте ойын ойнауға, тінтуірмен жұмыс істеуге қабілетті болғанына қарамастан оларға ата-анасының көмегі қажет. Үлкендер олардың қарым-қабілетіне, таным-түсінігіне қарай қандай сайттарға кіру керектігін, интернетті қалай қауіпсіз пайдалану қажеттігін түсіндіруі керек. Негізгі қағидаларға келсек: -Бұл жаста балалар интернетте ата-анасымен бірге отырғаны дұрыс. -Интернет арқылы тілдесу - шынайы өмір емес екенін, ол да ойынның бір түрі екенін бала білуі керек. Жеткіншектің назарын ой-танымды кеңейтетін ойын түрлеріне көбірек бұрып отырған жөн. -Әбден сұрыптаудан өткен балаларға арналған сайттар тізімін «Таңдаулы» бөлімге топтаңыз. Сонда балаларыңыз кіретін сайттарды жіктеп, арнайы папкаға салып қойыңыз. -MSN Kids Search секілді балалар сайттарын іздестіру жүйелерін пайдаланыңыз; -Балаңыз кіруге тыйым салынған сайттарды бұғаттап, оларды стандартты ата-ана бақылау жүйесіне қосып қойыңыз; -Балаңызды интернетте өзі және отбасы туралы ешқандай да мәліметті бермеуге үйретіңіз; -Интернетті пайдалану барысында қандай дабір қауіп-қатер төнсе, бала бұл туралы бірден ата-анасын хабардар етуі тиіс.
    7-8 жастағы балалардың қауіпсіздігі 7-8 жастағы балалар ата-анасының рұқсатынсыз не істеуге болатынын білгісі келіп тұрады және бұл – олардың табиғатына тән дүние. Осылайша, балалар асқан қызығушылықпен интернетті ақтарып, тіпті әке-шешесі рұқсат етпейтін сайттарды да аралауы мүмкін. Сондықтан 7-8 жастағы балалары бар ата-аналар әсіресе бақылау жүйесін тиімді пайдалана білуі керек. Кішкентай балаға әке-шешесі өздерін қадағалап отыр ма, жоқ па, бәрібір. Есесіне, ата
    47
    анасы баласының қандай сайттарға кіріп, нендей мәліметтермен танысып отырғанын біліп отырады. Бұл жастағы балалар сезімтал және өте сенгіш келеді. Желі ойындарын таңдап жатпай, қызыға ойнайды, интернетті де құлшына ақтарады. Қауіп қай жақтан келеді деп күдіктенбейді де. Онымен қоймай, жеке электрондық пошта ашып алып, ата-анасы рұқсат бермейтін сайттарға да аңғалдықпен кіруі мүмкін. Негізінен 7-8 жастағы балаға электрондық поштаның қажеті жоқ. Ата-аналары бақылап отыруы үшін оларға отбасына ортақ поштаны пайдаланудыұсыну керек. 7-8 жастағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не істеу керек? -Интернетке кірудің отбасылық ережесін құрып алыңыз және балаңыз ондағы айтылғандарды міндетті түрде орындасын; -Балаңыздан компьютерге отыратын уақыт нормасын сақтауды талап етіңіз; -Баланың қауіпсіздігі ата-ана үшін маңызды екенін түсіндіріп, ол үшін алаңдайтыныңызды, сол себепті бақылау жасап отырғаныңызды түсіндіріңіз; -Балаңызға тек өзіңіз рұқсат еткен сайттарға ғана кіруге үйретіңіз. Сондай сайттың тізімін жасап, балаңызға ескертіп қойыңыз. Мұндай тізімді ата-ана бақылауы жүйесі арқылы реттеп қоюға болады; -Интернетке қосылған компьютер ортақ бөлмеде, ата-ананың көз алдында тұруы керек; -Отбасыға ортақ электронды жәшік ашып қойыңыз, балаларға жеке пошта ашуға әзірше рұқсат бермегеніңіз жөн; -Тегін пошта жәшігі бар сайттарды бұғаттап қойыңыз; -Кішкентай балалар электрондық поштаға, әлеуметтік желілерге немесе қандай да бір интернет желісіне тіркелер алдында немесе оған қандай да бір ақпаратты жарияларда міндетті түрде ата-анасымен ақылдасқаны жөн; -Балалар ата-анасының рұқсатынсыз интернеттен музыка немесе белгісіз файлдарды жүктемеуі керек; -Электрондық поштаның хабарламаларды сүзгіден өткізу функциясын пайдалана отырып, белгілі бір фразаларды немесе нақты бір адамдардан келетін хабарламаларды бұғаттап отырыңыз; -Балаларға жылдам хабар алмасатын желілерді пайдалануға рұқсат бермеңіз; -Балаңыз қарауға рұқсат берген сайттардың тізіміне өзін-өзі әбден ақтаған, сұрыптаудан өткен сайттарды ғана қосыңыз, ара-тұра іріктеп отырыңыз;
    48
    -Балаңыздың өмірдегі достарын сұраған секілді, интернеттегі достары туралы да сұраңыз, олар жайлы көбірек мағлұмат алуға тырысыңыз; -Егер балаңыз жыныстық өмір туралы сұраса, тыйып тастамаңыз. Бала бәрібір интернеттегі «ересектер» сайтын көзі шалып қалуы мүмкін; -Интернетке қатысты кез келген қауіп-қатер туралы міндетті түрде хабарлау қажеттігін балаңызға ескертіп отырыңыз. Егер балаңызды үрей билесе, оған ешқандай қауіп төніп тұрмағанын сабырмен түсіндіріңіз;
    9-12 жас Әдетте бұл жаста балалар интернет туралы жақсы біледі. Көргенін, естігенін, оқығанын тәжірибе жүзінде сынап көргісі келу – олар үшін қалыпты үрдіс. Жоғарыда айтылған қағидаттардан басқа, осы жастағы балалардың қауіпсіздігі үшін мына шарттарды есте ұстау қажет: -Балаңызбен достары туралы, әсіресе интернеттегі жақсы араласатын құрбылары жайлы көбірек әңгімелесіңіз; -Интернеттегі достары жеке кездесуге шақырса, ешқашан бармауды қатаң ескертіңіз; -Балаларыңызға өзіңіз жасап берген «ақ тізімдегі» сайттарға кіруге ғана рұқсат беріңіз; - Бала электрондық поштаға, әлеуметтік желілерге, чаттарға жеке мәліметтерін жүктемеуін қайта-қайта ескертіп отырыңыз; -Сіздің рұқсатынсыз компьютерлік бағдарламаларды жүктемеуін сұраңыз. Сол бағдарламалармен бірге, компьютерге неше түрлі вирустар, артық ақпараттар, керексіз бағдарламалар ілесе келуі мүмкін екенін түсіндіріңіз; -Балаңыз компьютерді пайдалану үшін шектеулі тіркелім жүйесін орнатып беріңіз; -Балаңыз бейтаныс адамдармен сөйлесіп жүрмегеніне көз жеткізу үшін электрондық поштасын сұраңыз, оны арасында тексеріп, қадағалап отырыңыз; -Интернеттік желіні біреуді қорқытып-үркіту үшін, өсек-аяң тарату үшін пайдаланбауды қатаң ескертіңіз.
    13-17 жас Бұл жастағы жасөспірімдердің интернеттегі әрекетін бақылау қиын. Өйткені олар ғаламтор жайында әке-шешесінен әлдеқайда көп біледі. Бірақ баламыз көп біледі екен деп қол қусырып отыруға болмайды. Олардың да интернеттегі іс-әрекетін бақылай отырып, қауіпсіздігін нығайтқан жөн. Ол
    49
    үшін ата-ана мен бала арасындағы келісім туралы қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы тиіс. Ата-ана баласының интернетте қанша уақытын өткізгені туралы есепті жиі қарап отыру қажет. Кейбір қауіпті деген сайттарға кіруге тыйым салып, пароль орнату да артықтық етпейді. Пароль сенімді болу керек және оны өте құпия ұстаған жөн. 13-17 жастағы жасөспірімдер әлеуметтік желілерді, чаттарды белсенді пайдаланады. Бір-бірімен хабарлама алмасуды, әртүрлі музыка мен фильм жүктегенді жақсы көреді. Ұлдар дөрекі қалжыңдарды, құмар ойындарды ұнатады. Тіпті «ересектерге арналған суреттерді» тамашалағанды тәуір көреді. Ал қыздар болса, желіде таныс-бейтаныс адамдармен тілдесуді қалап тұрады. Жылы сөзге тез алданады, жыныстық қысымға ұшырап жататыны да сондықтан.
    Бұл жаста қандай мәселеге ерекше назар аудару керек? -Отбасында интернетке кіру туралы ереже қатаң сақталуы керек. Балаңызға кіруге тыйым салынған сайттар тізімін көрсетіңіз; -Интернетте отыратын уақыт мөлшерін Kaspersky Internet Security 7.0 жүйесінде орнатылған «Ата-ананың бақылауы» арқылы оп-оңай анықтауға болады. -Жасөспіріммен интернеттегі достары туралы әңгіме құдды өмірдегі достары жайлы айтып отырғандай ашық әрі нақты жүргізілуі тиіс. Балаңыз чат арқылы кіммен көбірек әңгімелесетінін сұраңыз, олармен жете таныс екеніне көз жеткізіңіз; -Балаңыз қай чатты көбірек пайдаланатынын сұраңыз. Модератор бақылайтын чаттарды пайдаланса, мақтап, көтермелеп қойыңыз.Бейтаныс адаммен жеке дара сөйлесуге тыйым салыңыз. -Егер интернетте танысқан достарымен кездескісі келсе, өзіңіз де еріп баратыныңызды айтыңыз, бұл оның қауіпсіздігі үшін екенін ұғындырыңыз; -Осы жаста бала спамнан қорғануды білу керек. Электрондық поштаға бейтаныс адамнан келген хатты оқымауға, хатқа жауап бермеуге үйретіңіз. Жеке поштаны сүзгіден өткізу қызметін қолданып, керексіз хабарламадан арылуға болатынын ескертіп қойыңыз; - Интернет желісін біреуді қорқытып-үркіту үшін, өсек-аяң тарату үшін пайдаланбауды қатаң ескертіңіз; -Жасөспіріммен интернеттегі құмар ойындары туралы әңгімелесіп, зиянды ақпараттардан аулақ болуға шақырыңыз. Осы жастағы жеткіншектер жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып, өзін қауіпті ақпараттан қорғай білуі тиіс.
    50
    Жоғарыда атап өткеніміздей, виртуалды әлемнің деөзіндік заңдылықтары мен ережелері бар. Сондықтан балаңызды интернеттің шексіз кеңістігіне саяхаттауға жібермес бұрын оның интернеттегі ақпараттардың бәрін жете талдай білетініне, желіні сауатты қолдана алатынына көз жеткізіп алыңыз. Әлбетте, ғаламтордағы барлық ресурстарды, қажетсіз контенттерді бақылауда ұстап, баланы зиянкесті ақпараттардың бәрінен қорғап отыру мүмкін емес. Бірақ жеткіншектің өзі интернеттегі қауіпті саналы түрде сезіп, өзін қорғай алатындай қабілеті болуы керек. Ата-ана баланы соған үйрету қажет. Интернет желісін сауатты пайдалануға дағдыланған бала көлденеңнен келген қауіптен де аман болмақ.
    Жалғыздың үні шықпас Кейде өзін жалғыз сезіну, керексіз сезіну де тәуелділікке алып келеді дедік.Бала да жалғыздықтан жапа шегетінін білесіз бе? Иә, иә, кейде жалғыздық сезімі сонау бала кезден қалыптасады. Бала қандай кезде өзін жалғыз сезінуі мүмкін? Кейде біз өскелең жасты көп нәрседен шектеп, тыямыз. Үлкендерге үн қата алмай, бала өз арманқиялымен жалғыз қалады, жаны жабығады. Көптеген тілегі үлкендер тарапынан орындала бермегеннен кейін ол өзін жекеленіп қалған жандай сезінеді. Баланың жалғыздығы осы тұста басталады. Ата-анасы немесе мұғалімдері өздерінің жасанды талабымен баланы шектеген сайын оның ішкі жалғыздық түйсігі ұлғая береді. Есейген сайын бұл сезімі басқаша сипат алып, агрессивті мінез-құлыққа ауысуы мүмкін. Тіпті бала өмірде, оқуда үлкен жетістіктерге жеткенімен, сана түпкірінде жалғыздық сезімі сақталып қалуы ықтимал. Сондықтан жалғыздық сезімі ертең компьютермен «достасуға» әкелмес үшін дер кезінде нақты шараларды қолға алу керек. Мәселенің түйінін шешу үшін психологпен бірлесе отырып, балаға көмектесу керек. Біріншіден, баланың жалғыздық туралы пікірін өзгертіңіз. Оның ұсыныс-тілегін шектеу, кейбір уәделердің орындалмай қалуы – жалғыз қалуды білдірмейтінін түсіндіріңіз. Ата-ананың тыйымына, қалауына ол да түсіністікпен қарауы қажет екенін ұғындырыңыз. Балаңызда қай кезде ол өзін жалғыз сезінетінін сұраңыз: адамдар арасында ма, әлде оңаша қалғанда ма? Баланың жауабына қарай әрекет етіңіз. Екіншіден,баланың өзіне деген көзқарасын өзгертуге тырысыңыз. Ол ешқандай баладан кем емес екенін, қарым-қабілеті басқалардан артық болмаса, кем түспейтінін жеткізіңіз. Дәлел ретінде жақсы қасиеттерін, жеткен жетістіктерін тізіп айтып беріңіз. Бұдан кейін бала көңілденіп, ашыла түседі.
    51
    Үшіншіден, баланың көңіліне жағатын, құрмет тұтатын адамдарымен көбірек араласуын қадағалаңыз. Ол басқа замандастарымен мақсат-мүдде туралы ой бөлісуіне мүмкіндік беріңіз. Бұл баланың сана-сезімін серпілтіп, өзіне деген сенімін нығайта түседі.

    «Мазасыз көңіл-күй» жаттығуы Балаға өзінің өткен,қазіргі және болашақтағы суретін салуды ұсыныңыз. Портреттерге қол қойғаннан кейін, үш суретке ат қоюды сұраңыз. Бала әр портретті атап, неге өзін солай салғанын түсіндіруі керек. Баланың әңгімесінен оған қатысты көп жайтты аңғаруға болады.


    «Мен – гүлмін» жаттығуы Өзіңізді гүл түрінде елестетіңіз. Сұрақтар: 1. Қандай гүлсіз? 2. Қайда өсіп тұрсыз, қашан гүл жарасыз? 3. Сізге кім сүйсіне қарайды? 4. Кімнің қолына түсесіз немесе Сізді кім жұлып алады? 5. Құлпырып өсу үшін сіздей гүлге не керек? Бала жаттығу кезінде басынан кешкен барлық ой-сезімдерін суреттеп, айтып беруі керек.
    «Сен өзіңді не үшін мақтайсың?» Нұсқама: «Сенде қандай жақсы қасиет бар? Қандай жақсы мінез бар? Соңғы рет сені мақтан ететіндей қандай жақсы іс жасадың? Осы туралы айтып, өзіңді мақтап көрші, кәне? Сонымен, жалғастыр: мен өзімді мақтаймын, себебі...». Соңында талдау: «Өз-өзіңді мақтау қиын болды ма, неге сондай сезімде болдың?»
    «Өзін-өзі гипноздау» арт-техникасы Нұсқаулық: Компьютердің алдында отырған қорқынышты жаратылыс иесін қағазға бейнелеп, суреттің үстін ашық қызыл түспен сызып тастаңыз. Содан кейін оны ескерту белгісі ретінде көрінетін жерге іліп қойыңыз. Жанына тағы бір парақты қосыңыз. Онда адамның суретін салыңыз, өз фотоңызды қойсаңыз да болады. Екі суретті салыстыра отырып, қайсысы үлгі болу керектігін анықтаңыз. Жақсы суретке (өз суретіңізге) позитивті энергия беретін күш ретінде қараңыз. «Мен осындай болғым келеді», «Мен осындай бола аламын» және т.б. сөз тіркестерін дауыстап айтып, өзіңізге-өзіңіз сенім ұялатыңыз. Ал беті қып-қызыл болып шимайланған құбыжыққа сіздің
    53
    дамуыңызды тежейтін, сеніміңізді жерге таптайтын жағымсыз бейне деп қараңыз да барлық жаман энергияны соған бағыттаңыз. Осы сызбаларға қарап, сіз өзіңізді саналы түрде басқарасыз (бұл жаттығуды үй тапсырмасы ретінде жалғастырыңыз).
    Арт-техника: «Төрт сурет» Мақсаты: өзі туралы айтып беру аспектілерін қаншалықты меңгергенін зерделеу Нұсқаулық: Өзіңді төрт кейіпкер түрінде сал: өсімдік, жануар, жансыз зат және адам. Мен сенің суретті қалай салатыныңды тексергелі тұрғаным жоқ, бірақ сен туралы көбірек білгім келіп тұр. Бала тапсырманы орындағаннан кейін кейіпкерлер туралы сұрауға болады (бұл не, қайда мекендейді, не істейді деген сияқты)
    «Қауіпті инфекцияға қарсы арнайы қорғаныс» жаттығуы 1. Бір параққа өзіңізді мазалайтын ойлар мен сезімдерді бір минуттың ішінде жазып шығыңыз (егер көп болса, тағы бір параққа жазыңыз) 2. Осы сөздердің үстіне бактериялардың, вирустардың, дақтардың, жәндіктердің және т.б. суретін салыңыз (3-4 мин.) 3. Екінші парақты алыңыз, оған зұлым инфекциядан қорғанудың механизмі мен қорғаныс құралдарын, оны пайдалану туралы нұсқаулықтың суретін салыңыз. 4. Осы механизмнің көмегімен бірінші парақты тазалаңыз (нұсқаулыққа сәйкес) 5. Инфекциясы бар парақты өртеп немесе жыртып тастаңыз. 6. Қорғану механизмі бар парақты сақтап алыңыз.
    «Қоқыс шелегі» жаттығуы Көз алдыңызға қоқыс шелегін елестетіңіз. Сол қоқыс шелегі сіз үшін нені бейнелейді? Сізде өз өміріңізден еш қажеті жоқ, текке қоқыс болып жатқан артық дүниені лақтырып тастай аласыз. Ол адам, зат, мекен немесе сезім болуы мүмкін. Сол бір керексіз нәрсе сізден кетіп, қоқыс шелегіне түсіп бара жатқанын ойша елестетіңіз.
    «Сезім ертегісіне саяхат» жаттығуы Психолог ата-аналарды ішкі сезім әлеміне саяхаттауға шақырады. Осы «ертегі әлемінің картасын» қағазға түсіруді ұсынады. Қатысушылар саяхат маршуртын белгілеп, осы жолмен сезімдеріне ойша сапар шегуі керек және оны картада белгілеуі керек. Жан сезімінің қайсысы балаңызға арналған? Қай
    54
    сезімді бастан кешкенде өзіңізді жайлы сезінесіз? Балаңыз екеуіңізге қандай сезімдер жақын. Сезімдерді өзгерту керек болса, қайсысын таңдар едіңіз? Қысқасы, ата-ана сезімдері туралы ойша ертегі құрастыруы керек.
    «Қайсысы маңызды?» гештальт жаттығуы Тренингке қатысушыларға мынадай нұсқаулар беріледі: «Өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз: сізге не маңызды? Шынайы өмір ме, әлде виртуалды әлем бе? Жақсылап ойланыңыз: себебі, осы жауабыңыз көп мәселені шешеді.Егер сізге нақты әлем маңызды болса, онда виртуалды әлемге неге көп уақытыңызды жұмсайсыз? Сізді виртуалды әлем неге қызықтыратынын, шынайы әлемнен неге үйрейленетініңізді қағазға жазыңыз. Жауаптарын түсіндіріңіз. дайындалған жауаптарға өз пікіріңізді білдіріңіз. Кейде өз бетінше егжей-тегжейлі жауап бергеннен гөрі, «келісемін» немесе «келіспеймін» деп жауап беру әлдеқайда оңай.
    «Ормандағы тыныштық» жаттығуы Қатысушылар орындыққа жағалай отырып, көздерін жұмады. Айналада мүлгіген тыныштық орнайды. Жаттықтырушының бұйрығымен қатысушылар шыққан әрбір дыбысты тыңдап отырады. Жаттықтырушы «Болды!» деген кезде бәрі көздерін ашып, құлағына қандай дыбыс естілгенін әңгімелеп айтып береді.
    «Екі есік» жаттығуы -Сезімдермен жұмыс істеу - Бұл жаттығу педагог-психологпен жұмыс істегеннен кейін өмірдің екі тармағын сценарий бойынша ойнауға мүмкіндік береді -Бірінші жағдайда бала интернетте ұзақ отыру әдетіне қайтып оралмайды. Ол ата-анасымен, жақын туыстарымен жақсы қарым-қатынас орнатып, денсаулығы да жақсара түседі, әр күнді қуанышпен, үлкен үмітпен қарсы алады -Екінші нұсқада бала өзін-өзі ұстауға әлі келмей, желіде ұзақ отыратын әдетіне қайта басса не істеу керек деген мәселені қарастырады. Оның өмірі қайтадан тозаққа айналады, өзінің шынайы өмірдегі орнын мән-мағынасыз көріп, жапа шегеді. -Егер мәселе екінші нұсқадағыдай жалғасса, онда арнайы аурухана маманының көмегіне жүгінуге тура келеді.
    55
    «Жасырын проблемалар» ойыны Алдын ала қорап дайындап қойыңыз. Балаға өзін мазалайтын проблемалар туралы жазып, осы қорапқа жасыруды ұсыныңыз. Кездесудің соңында баладан қораптағы жасырынып тұрған проблемаларымен не істейтіні сұраңыз. Егер бала жауап беруге қиналса, онда өзіңіз «лақтырып жіберу, жыртып тасау, өртеп жіберу» деген нұсқаларды ұсынып көріңіз. Бала осы нұсқаның бірін таңдаса, «міне, енді сенің проблемаң жоқ болы, мазасызданудың реті жоқ» деп баланың көңілін табуға тырысыңыз.
    «Ауыспалы шеңбер» ойыны Коммуникативті белсенділікті арттыруға көмектеседі. Ойынға қатысушылар жұпқа бөлінеді. Ортада жұптардың санына қарай орындықтар қойылады. Жұптың бірі орындыққа отырса, екінішісі оның арқасында қолын түсіріп тұрады. Осылай қатысушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер жасап тұруы керек. Шеңберде отырғандар бір-біріне ымдап, белгілі бір мимикалық белгілер береді. Мысалы, бір-біріне көз қысса онда: «орындарымызды ауыстырайық» деген сөз, т.б. Ал түрегеп тұрғандардың мақсаты – жұбының мимикасын дұрыс түсініп, оның иығына қолын қоюы керек (күшпен ұстамау керек). Содан кейін ойыншылар орындарын ауыстырады. Ойын қызықты, сондықтан қатысушылар қызығушылықпен ойнайды. Ал жаттықтырушы ойын ережесі сақталуын, ойын кезінде өзгеріп кетпеуін қадағалау керек.
    «Орынтаққа талас» ойыны Қатысушылар шеңбер құрып, бір-бір орындықта отырады. Ішінен біреу жүргізуші болып, бір орындықты шеңбердің сыртына қояды. Сосын отырғандарға: «Орындарын ауыстырсын....ақ түсті жейде кигендер» немесе «шашы қысқа адамдар» деген сияқты нұсқаулар береді. Жүргізуші айтқан белгісі бар адамдар орнын ауыстырады. Ал тапсырманы айтқан адамның өзі бос қалған орындықтың бірін иеленуге тырысады. Шеңбердің ішінде қалып қойған адам ойынды әрі қарай жүргізеді.
    «Отбасы құндылықтары» ойыны Бір отбасының екі мүшесі – анасы мен баласы дуэт болып, «Отбасы ережесі» деп жазылған таблицаны толтыруы керек. Олар өз үйінде қандай ережелер мен жазылмаған заңдылықтар қалыптасқанын тізіп жазуы тиіс. Бұл
    56
    – топпен емес, жеке жасалатын жұмыс болғандықтан қысқа да нұсқа болуы қажет, ең бастысы, отбасы мүшелері бір-бірін түсініп, не айтқысы келгенін жазбай тануы керек. «Бұл ережені кім енгізді?» деген сауалдың тұсына «автордың» аты-жөні жазылады. Келесі «Бұл ережелер кімге қатысты?» деген бағанға ережелерді сақтауға тиіс барлық отбасы мүшесінің аты айтылады. Ал «Бұл ережені қаншалықты сақтайсыз?» деген сауалға қатысушы топ ережені қаншалықты ұстанатынын, қалай орындайтынын, қайсысы ережеге бағына қоймайтынын тізуі керек. Қорытындысында психолог сұрайды: отбасылық дуэт болу ұнады ма? Тапсырманың қандай пайдасы болды? Отбасындағы ереженің қайсысын жазу қиынға түсті, себебі? Жасөспірімге – анасын, ал анасы – жасөспірімді өз пікіріне үгіттеу оңай болды ма?
    «Компьютерге тәуелді бала» рөлді ойыны (20 мин) Жүргізуші 5 қатысушыны таңдап алады. Әрқайсысына рөл береді. Компьютерге тәуелді баланың анасы – үй шаруасындағы әйел, әкесі – отбасын асыраушы, үнемі қыдыруға шақыратын досы, компьютерден шыға алмайтын баланың өзі және немересін ұзақ уақыт көрмеген, қонаққа келген әжесі. Қатысушылар сахналық қойылым қояды, қалғандары бақылап отырады. Соңында қатысушылардың бәрі қойылымды талқылап, компьютерге тәуелді баланың іс-әрекетіне байланысты туындаған жанжалды шешудің жолын қарастырады. -жұмыстың аяқталуы -алынған мәліметтерді талқылау және қорытынды шығару, кері байланыс орнату.
    ТАБЫСТЫ БОЛУДЫҢ 11 ҚАДАМЫ
    1-тапсырма Өзіңнің бойыңда соңғы кезде пайда болған "жасанды, жағымсыз" мінезқұлықты байқадың ба? Ойлан да, жаз! 2-тапсырма Сенің ойыңша өмір дегеніміз не? 3-тапсырма Сенің өміріңнің шындығы қандай? Ойлан да жаз! 4-тапсырма Қазақта «жүз жаса» деген әдемі бата бар, туған күнің мен жасыңды жазып, бүгінге дейінгі аралықты сызып қойып, өміріңдегі қуанған сәттеріңді белгілеп қойшы.. 4.1.Жетістікке жетелейтін жеті қадам:
    57
    1.Өмірге құлшындыратын себептер: 4.2.Мен кім үшін, не үшін өмірде жетістікке жетуім керек? 4.3 Мені жетістікке жеткізетін қабілеттерім қандай болуы керек? 5.Сенің қолыңан келетін қабілеттеріңнің бар екеніне сенімдімін. Ойлан да, жаз! 6.Арман - адамды жетістікке жетелейтін басты қозғаушы күш. Барлық арманыңды тізіп жаз. 7.Қиялыңдағы арманыңды мақсатқа айналдырсаң ғана жүзеге асады. 7.1- тапсырма 1. Бір жылға арналған10 мақсат жаз. 2.Мақсаттарыңды осы шақпен жаз. 3.Мақсаттарыңды жазғанда өз атыңнан "Мен, Мақсат"деп баста. 4.Мақсаттарыңның орындалу уақытын белгіле. 5.10.Максаттардың ішіндегі өзің үшін ең маңыздысын таңда. 6.Осы таңдаған мақсатыма жеттім деп жаз. 7.Осы мақсатыңа жету үшінақты қандай қадамдар жасау керектігін ойланып жаз. 8.Мақсатыңа жеткен кезді көз алдыңа елестетіп, жан-тәніңмен сезін. 9.Күнде таңертең ұйқыдан оянғанда мақсатыңды есіңе түсір. 10.Күн сайын өзіңнің маңызды мақсатыңа жақындататын істерді жүзеге асыр. 7-тапсырма Он мақсатыңды жаз. Арасынан өзің үшін маңыздысын таңда(бірнеше болуы мүмкін). 8 - тапсырма Маңызды мақсатыңды іске асыру жоспарын құр. 9- тапсырма Өміріңде туындаған қиын жағдайларды екі жақты қарастыр. 10—тапсырма Өмірдегі құндылықтарыңды қарастырып, нақтылап жаз. 10.1Арманыңа жақындатар өмірлік құндылықтарың ең кемі 15 болсын. 10.2.Осы құндылықтарыңа сипаттама бер. Мысалы, айтқанымды уақытында орындаймын, берген уадемді уақытында орындаймын, т.б 11 - тапсырма Өз-өзіңеөмір шыңынан құламауға, алған бетіңнен қайтпауға уәде бер. Өз-өзіңе уәде беретіндігіңді өз қолыңмен жазып шық! Сертіңді бұзба!
    58
    11.1.Өміріңді мағынасыз өткізгенше, дұрыс қадам жаса. Өкінбестей өмір сүруге бекін. Сонымен, қандай қорытындыға келдің? Берілген тапсырмалар туралы қандай ойың бар? Ойыңдағыны жаз.
    Ұсынылатын психологиялық ФИЛЬМДЕР
    "Полианна" "Чудеса уборки" "Чудо" "Дом, который построил Свифт" (жасөспірімдерге арналған) "Копернаум" "Перед классом" (мұғалімдерге арналған) "Чудеса уборки" (қыздарға арналған) "Сознание" (педагог-психологтарға арналған)
    Пайдаланылған материалдар: 1.А.Л.Катков «Кәмелетке толмағандарға компьютерлік тәуелділіктің кері әсерінің психологиялық және медициналық аспектілері туралы» әдістемелік нұсқаулық 2.РФ Свердлов облыстық жалпы және кәсіби білім беру министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Методические рекомендации по профилактике игровой, компьютерной и интернет зависимости» жинағы

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет