Практикалық тапсырма



бет1/2
Дата06.06.2022
өлшемі23,83 Kb.
#146119
  1   2
Байланысты:
отбасылык тарб 3


Практикалық тапсырма:
1. Отбасының пайда болу сатысын жаз.
2. Отбасындағы қайшылықтар неден пайда болады.
3. Отбасылық дағдарысқа нелер жатады, ашып көрсет.


  1. «Отбасы», «үй іші» — бұл тарихи ұғым. Ол өмірдің даму, жоғары қарай өрлеу баспалдағы арқылы қалыптасқан. «Отбасы — қимылы өте шапшаң құбылыс. Ол еш уақытта қозғалыссыз тұрмайды. Қоғамның төменгі сатысынан жоғары сатысына қарай өрлеген даму қарқынымен ілесіп, төменгі қалыптан жоғары қалыпқа ауысып отырады», — деп жазады америкалық ғалым Морган Луис өз зерттеуінде. Барлық анықтамаларға түсіндірме бере отырып, біздің түйіндеуіміз бойынша, «отбасы» — халықтың өсіп өркендеуіне, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабамыздың мұра еткен әлеуметтік тұрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте маңызды рөл атқаратын қоғамның құрамдас бөлігі.

1) алғашында, адамдар шексіз жыныстық қатынаста болған, оны «гетеризм» деп атады;
2) осындай қатынастар баланың шынайы әкесі кім екенін анықтауға мүмкіндік бермейді, сондықтан да баланың тегі ана бағыты бойынша анықталды;
3) сол себептен әйел ана ретінде үлкен құрметке ие болды, Бахофеннің пікірінше, әйелдер толық үстемдік етті (гинекократия);
4) бір рет неке құруға өту, яғни әйел бір ер кісіге тиісті болды (басқа ер адамдардың осы әйелге деген құқығын шектеді).
Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топтық некенің ішінде жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туысқандар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған. Алғашқы қауымдық қоғамдағы өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің шығуына байланысты, қауымдық ортақ меншіктің орнына жекеменшіктің пайда болуы моногамиялық отбасының шығуына әкеледі. Моногамиялық отбасы варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталады да, оның жұптық некені түпкілікті жеңуі өркениет дәуірінің басында ер кісінің үстемдігінің орнауымен байланысты болды.
Сөйтіп, топтық неке — жабайылық дәуірге тән болса, жүптық отбасы варварлық, ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуіріне тән болған. Ресейде неке мен отбасын Ә.К. Васильев, В.Г. Голфаст, А.Г. Харчев, Н.Г Юркевич, А.В. Чуйко, А.И. Антонов және т.б. ғалымдар зерттеген.

  1. Қарым-қатынас барысындағы қиыншылықтар эмоционалды қарым-қатынас бұзылуының нәтижесі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың сөзі мимика, жест және поза көмегімен жүзеге асырылады. Бала ата-анасы және жақындарының қарым-қатынас стиліне еліктей отырып, санасыз түрде соған бейімделіп кетеді. Сөйлеу мәдениетіне ие отбасы баласының бойына қолданылып жүрген қарым-қатынас стилін бейімдейді. Эмоционалды қатынастың бұзылуы нәтижесінде бала бойында үрейлілік дамиды. Жоғары үрейлілік тұрақты сипатқа ие болады. Егер оның бойындағы уақытша қиындықтарды ересектер тітіркендірсе, бір нәрсені қате жасап қою қорқынышы, үрейлілік туындайды.Мұндай жағдай ата-аналар тым жоғары талап қойғанда да туындайды. Үрей мен оған байланысты төмен өзіндік бағалаудың өсуі нәтижесінде баланың танымдық жетістіктері төмендеп, сәтсіздік сезімі беки түседі. Өзіне деген сенімсіздік нәтижесінде келесідей ерекшеліктер де туындайды. Ересектердің нұсқауын орындау, үлгі бойынша ғана әрекет ету, өз ойын білдіруге қорқу, білімдер мен әрекет тәсілдерін ресми түрде меңгеру. Өз баласының оқу әрекетінің нәтижелілігінің төмендеуіне көңілі толмаған ересектер қарым-қатынас барысында аса үлкен көңіл бөле отырып, бала бойындағы эмоционалды дискомфортты үдете түседі. Балаға жақын ересек адамдар бала жетістіктерін байқап, оны қателіктері үшін аса қатал жазаламау арқылы оның үрейлілік деңгейін төмендетеді және сол арқылы оқу тапсырмасының сәтті орындалуын қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі эмоционалды сәтсіздіктердің басқа формасы ата-ананың диктат болуы нәтижесінде пайда болады. Оларға қорқыныш – адам санасындағы нақты қауіпті сезінуі; үрей – болашақтағы қауіпке эмоционалды түрде тұрақталып қалу. Үрей қорқынышқа қарағанда әрқашанда теріс сезім емес, өйткені ол қуанышты қобалжу кезінде де орын алады. Қорқыныш пен үрейді біріктіруші– мазасыздық сезімі болып табылады. Оны баланың сасқалақтап, қажетті жауапты бере алмай, дірілдеген дауыспен сөйлеп, мүлдем үндемей қалуынан көреміз. Ол мүлдем көп қимылдарды жасайды немесе мүлдем қозғалыссыз қалады. Мұндай симптомдар ағзаның психофизиологиялық функцияларына шамадан тыс қысым түскенін білдіреді.

Қорқыныш жасқа немесе жүйке жүйесіне байланысты болады. Жасқа байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда кеңінен көрініс табады. Олар келесідей факторларға байланысты болады: ата-анасында қорқыныштықтың болуы, баламен қатынастағы үрей, шамадан тыс қамқорлық және оны құрдастарымен қатынасынан оқшаулау, ата-ана тарапынан тыйымдардың көп болуы немесе шамадан тыс еркіндік және отбасындағы ересектердің көптеген қорқытулары, ата-ана арасындағы конфликтілік қатынас, қорқыныш сияқты психикалық жарақат, құрдастары және ересектерімен қатынастағы қорқынышты психиканы жұқтырып алу.

Жүйке жүйесіне байланысты қорқыныштың сипаттары: жоғары сезімдік және қысым жағдайында болу; тұлға және оның мінез-құлқының қалыптасуына кері әсер ету; басқа қобалжулармен байланыс, барлық жаңалықтан және таныс емес нәрседен қашу; қорқынышты жоюдағы қиындық. Сондай-ақ жүйке жүйесіне байланысты қорқыныш ұзаққа созылған шешімі күрделі қобалжулардың нәтижесінде туындайды.

Көп жағдайда сезімтал, отбасындағы қарым-қатынасты эмоционалды қиындықты басынан кешіретін, өзі жайлы көзқарасы отбасындағы қақтығыстар нәтижесінде өзгертілген балалар осындай қорқыныштарды сезінеді. Мұндай балалар ересектерге бедел және махаббат негізі ретінде сүйене алмайды.

Мектепке дейін ересектермен қарым-қатынас тәжірибесіне ие болмаған балалар олардың көңілінен шықпай қалуға, мектеп ұжымына бейімделуде қиыншылықты басынан өткізеді және мұғалімнен қорқады. Кейбір жағдайларда құрдастарымен қақтығыстарға түсіп, олардың тарапынан болатын агрессиядан қорқу (төбелесу, ұрып-соғу) мектептен қорқу себептерінің бірі болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы қорқыныштың нәтижесінде ұялшақтық сияқты мінез-құлық формасы туындайды. Ұялшақтық – бұл көптеген адамдарға тән, қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін ерекшелік.

Сонымен жоғарыда сипатталған бала тұлғасының негативті қырлары дискомфорттың (жайсыздықтың) салдарынан туындайды. Сондықтан ата-ана мен бала арасындағы терең және үздіксіз қатынас болуы қажет. Бұл тәрбиелеудегі негізгі талап. Қатынасты сақтаудың негізі – бұл бала өміріндегі оқиғалардың барлығына да қызығушылық таныту, оны түсінуге, оның өміріндегі өзгерістерге көңіл бөлу. Балалар мен ата-аналар арасындағы эмоционалды қатынас өзара түсіністік жайлы айтқанда бала мен ересек адамның арасындағы әрекеттестік, диалог жайында ой қозғалады. Зерттелініп отырған жас кезеңінде эмоционалды қатынас, дыбыстық қатынас өте маңызды болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ересектердің балалармен қарым-қатынасының мынадай принциптерін көрсете аламыз: баланы қаз қалпында қабылдау; эмпатия - ересек адам бала позициясын қабылдайды, туындаған мәселеге бала көзімен қарайды; конгрэнттілік - болған оқиғаға ересек адамның адекватты қатынасы.

Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.



  1. Отбасындағы дағдарысты қалай бастан өткізуге болады?

  1. Отбасында бір-біріне сенім болуы тиіс. Егер бір серігі бірдеңені ашып айтпаса немесе екінші серігінен құпия ұстайтын болса, бұл өзінен-өзі өзара қарым-қатынастың ширығуына әкелуі мүмкін, ал осының салдарынан болатын дау-жанжалдардың көлемі, сіз жасырған деректерге қарағанда анағұрлым қорқынышты болуы мүмкін.

  2. Бір-біріне жол бере білу. Біз жоғарыда қарастырғандай, отбасындағы дау-жанжалдардың пайда болуының бірден бір себебі, серіктерінің бірінің басшылық позицияны қолына алуы, бұл шиеленіскен дау-жанжал жағдайына әкеледі. Бақытты некенің кепілдігі оның мүшелерінің тең дәрежеде болуында екенін ұмытпаңыздар. Өз махабаттарыңыз үшін бір-біріңізге жол бере біліңіздер.

Отбасылық өмірде жыл бойынша дағдарыс кезеңін бөліп алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет