Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Мектеп» бөлімі
«Бекітемін»
Директордың оқу-тәрбие
жұмыс жөніндегі орынбасары
__________Қабделова Ә. С.
«_____»__________2023ж
«Ғабит Мүсірепов –Қазақ әдебиетіндегі ана образын жасаушы»
Ұйымдастырушы: «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы 1(9)м тобы
Топ жетекшісі: Ергалиева Г.Б
Атырау 2023ж
Тақырыбы: «Ғабит Мүсірепов –Қазақ әдебиетіндегі ана образын жасаушы»
Іс-шараның мақсаты: Студенттердің «Ғабит Мүсірепов –Қазақ әдебиетіндегі ана образын жасаушы»тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп бекіту. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу,сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу, ананың образын сиппатау
Міндеттері: Көркем сөйлеуге баулу;тіл мәдениетін дамыту;шығармашылық жұмыспен;жазушының өмір жолы арқылы студенттерді адамкершілік пен парасаттылыққа баулу;
1-Жүргізуші:-Құрметті ұстаздар мен студенттер! Ұлы жазушы, сөз зергер
Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай өткізіп отырған
«Қазақ әдебиетіндегі ана образын жасаушы» атты әдеби шарамызға қош
келдіңіздер!Ендеше жазушының өміріне шолу жасап кетелік.
2-жүргізуші:
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов-жазушы,әдебиеттанушы,мемлекет және қоғам қайраткері.Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы, Жаңа жол ауылында 1902 жылы 22 наурызда дүниеге келген.Әкесі Махмұт кедей шаруа болған. Ғабит Мүсірепов 9 жасқа дейін өз ауылында оқып,арабша хат таныды.1916 жылы екі сыныпты ауылдық орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне түсіп, онда үш жыл Сәбит Мұқановпен бірге оқыды. Сәкен Сейфуллинмен танысты.
1-жүргізуші : Қолынан қаламын түсірмей өткен алпыс жылдай уақыт ішіндегі елдің қоғамдық және мәдени өміріндегі қадау-қадау оқиғалар суреттер шығармашылығының өзекті тақырыбына айналды. Мүсірепов әңгімелері мен пьесалары,повестері мен романдары ұлттық әдебиеттің қалыптасуына игі ықпалын тигізді,
Олар қазақ қоғамы мен қазақ халқы психологиясындағы бүкіл әлеуметтік өзгерістерді шынайы бейнелеп береді.
30 жылдардың басында Мүсірепов әдеби шығармашылықтың өте бір күрделі саласы саналатын драматургияға ден қойған еді, сөйтіп,ол қазақ әдебиетінде осы жаңа жанрдың негізін салушылардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |