1-Жүргізуші:- 1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.б. бастаған ақын жазушылар нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығысыға душар етті. Дәл осы кездеде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі- Ғабит Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлинді қаралаушылар дүрмегіне қосылмай, «Беймбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», деп сөйлегені бүкіл елге мәлім болған
2-Жүргізуші: Жазушы, драмашы, публицист Ғабит Мүсіреповтың көп қырлы, сан қырлы шығармаларының бір саласы-новеллалар мен әңгімелер. Ғабит Мүсіреповтың қазақ әдебиетінде әкелген идеялық-көркемдік жаңалықтары аз емес. Мұның бір қыры ана туралы новеллалар еді. Көпшілікті елең еткізген кейіпкер аналары мен қыздар әр оқырманның жүрегінен ерекше орын алады.
2-Жүргізуші: Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні,жұмбақ аялы алақаны,жан жылуы қолжетпес теңіз түбінде жатады.Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма?Ана болу-бүкіл өміріне келетін рухани күш пен ерен еңбек.Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз.Ананы барынша құрметтеп,сыйлау әр баланың парызы дей отыра алдарыңызда 1(9)М тобының студенті Әділхан Назеркенің «Ана туралы әнін» қабыл алайық
1- Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі кешімізде жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Келесі сөз кезегін студенттерге берсек
Студент 1(Данагул): Баға жетпес асылдың сынығысың,
Мөлдiр таза бұлақтың тұнығысың.
Күндей ашық, айдай биiк көңiлiңдi,
Жүрегiмдi нұрға бөлер жыр ұғынсын.
Менi мүлде құлатпайтын шынарымсың,
Дүниеде таусылмайтын жыр-әнiмсiң.
Саған айтқан шын сөзiмдi өлеңiмнен...
Жан анашым жүрегiңмен ұғамысың?!
Кең даладай құшағыңмен жылытасың,
Менi өмiрде жылатпауға тырысасың.
Ақ қанат көңiлiңмен ақ таңымның,
Алдымнан шығатынын ұғынтасын.
Ақ пейiлдi, шын адалсын балашыңа,
Бұл өмiрде кiм жете алсын анашыма?!
Қолда барын аямай шын ниетпен,
Қиып бере салатын баласына...
Менi күнде "боташым"-деп, еркелеткен,
Әр күнiмдi нұрға бөлеп көркем еткен.
Қарызыңды өтей алман - ару ана,
Тiлегiңдi берсем де көптен күтке
Достарыңызбен бөлісу: |