«Ғабит Мүсірепов –Қазақ әдебиетіндегі ана образын жасаушы» Ұйымдастырушы: «Бастауыш білім беру мұғалімі»


Жалпақ:Оны би біледі.-дейді Жалпақ балуан. Анасы:-



бет6/7
Дата21.02.2023
өлшемі54,63 Kb.
#169686
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғабит Мүсірепов (2)

Жалпақ:Оны би біледі.-дейді Жалпақ балуан.
Анасы:- Ендеше, жылқы да ал деме, атынды да берме, саған ере алмаймын да: сен де еліңе жеткенше ғана ерікті батырсың, еліңе барғасын сен де еркіңнен айрыласың: не байдын, не бидің сойылы боп қаласың. Батыр-балуанды көріп жүрміз ғой. Сені батыр деп жұмсайды да, мені қатын деп жұмсайды: айырмасы осы-ақ. Бірақ сенің еркін менікінен еркін болмайды. Солай емес пе, батыр? - дейді әйел.
Жалпақтағы да мойнын салбыратып отырады да:
Жалпақ:Біз даланын ессіз есерлеріміз ғой. Көзге түрткенде ғана селк етеміз. Көзге түртпесе көрмейміз. Сен көзімнің оқырасын алып,шымылдығын аштың. Әлгінде ғана қызынды сауғаға алып, кең өмірімнің аз ғана ойыншығы етермін деп ем. Енді одан қайттым. Өз еркім өзімде тұрғанда, мен де бір адамға ерік берейін, қыз сенікі. Желден де еркін өмір сүріндер! — дейді.
Бишаранын боз көйлегі жырым-жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара! Ерні қырық тілінген, жарық-жарық Бірақ түйілген қабағынан, от жанған көзінен жаның шошырлық. Жалынған жоқ, сасқан жоқ, қырық жігітті билеп әкетті, — дейді. Жалпақтың соңғы сөзін естуі-ақ мұң екен, бірі сары атқа, бірі торы бестіге мініп, екі әйел ойнап шыға берді. Бір кезде әйел, сар қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылып: -
Анасы:Керей деген ел көрсеңдер, сәлем айт, Жалпақ деген батыр көрсендер, сәлем айт! — деді де, жөнеле берді. Әйелді аттандырған бойы тұра кеп тұрған Жалпак балуан гүрс етіп құлап түсті. Біз де сонда ғана есімізді жиыппыз. Айтып-айтып не керек, жылқы да қалып, Жалпақты сүйеп елге әрең жеткіздік, - дейді.
– Шіркін, әйелдің де әйелі екен,-деп Жанай балуан ылғи айтатын еді,-деп Әйтілес қарт сақалын тағы бір салалап қоятын еді... Балалар манадан бері тынып қалғандарын
енді ғана білгендей:


2-жүргізуші: Ғабит туындысы-сарқылмас бұлақ. Сөз шебері Ғабит ата, сізге әрқашан борыштымыз. Ғабит атамыздың қойын дәптерінен алынған мынадай қазақ халқы туралы пікірімен аяқтағымыз келіп отыр. «Қазақ деген ел – бостанадық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Сонша кең дүниеде жүріп ол елдің жан-жүрегі таза болмаса, таңдануға болар еді. Жоқ, ол асқан ақ көңіл, мырза, сенгіш, барықсыз ел».
1-жүргізуші: Міне, бүгін жазушының өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған бай мұрасы- оқушысын жақсылыққа, адамгершілікке, Отаншылдыққа, халықтар достығына баулитын қымбат қазына, рухани азық екенін, сонымен бірге біздер үшін тәрбиелік мән- мағынасының да зор екендігін ұғындық. Сөзімді ұлы Абайдың :
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлдідеуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деген жыр шумағымен қорытындылаймын.

Ән орындайтын Марал Айсұлу


Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі


4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы
«Мектеп» бөлімі
Хаттама №
Атырау қаласы ақпан 2023 жыл
Жиналыс төрайым – Ергалиева Г.Б
Хатшысы –
Қастысқандар: (тізім жалғанды)
Қатыспағандар: -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет