Сабақтың түрі: Ізденіс Сабақтың әдісі: Проблемалық оқыту. Пәнаралық байланыс: Тарих, ән-күй



Дата08.06.2018
өлшемі35 Kb.
#41605
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Абай және табиғат лирикасы.

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына арналған

өлеңдерінің мазмұнын меңгерту. Адам мен табиғат

арасындағы байланыс туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға , сұлулықты

бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын , лирикалық

өлеңдерді талдау шеберліктерін дамыту.

Сабақтың түрі: Ізденіс

Сабақтың әдісі: Проблемалық оқыту.

Пәнаралық байланыс: Тарих, ән-күй.

Сабақтың өту барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі.

Абай біздің кемеңгер,

Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз.

Ақ ниетті, әділетшіл шынымыз.

Асыл қазына ашылмаған сырымыз,

Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз.

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған.

Сарыарқаның Абайы.

Нақылменен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылменен дана болған,

Бүкіл елдің Абайы.

«Өлді деуге сыя ма , ойлаңдаршы өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін де жарқын бейнесімен , жалынды жырымен бізбен бірге жасасып келеді.

Оқушылар біз бүгін Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдеріне талдау жасаймыз.

Алдымен мына тапсырмаларға жауап беріңіздер.



  1. Абайдың туған жылы. Шын есімі кім?

  2. Абайдың өскен ортасы, туған –туыстары туралы не білесің?

  3. Абай неше жастан бастап оқыды? Абайды әкесі неше жасында оқудан шығарып алды?

  4. Алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жазды?

  5. Михаэлис кім? Оның Абай өміріндегі орны қандай?

  6. Абайдың жолын қуған өз ұрпақтары кімдер?

  7. Ақын қайда жерленді?

«Лирика » деген ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы. Лириканың 4 түрі бар. Философиялық, саяси, махаббат, табиғат.

Абайдың табиғат лирикасы – кең көлемді мол қазына. Биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай бүкіл бір халықтың ұлттық мәдениетінің ғасырлық мерейі, әдебиетінің заңғар биігі.

Абайдың тәрбиелік мәні зор лирикаларының бірі – табиғат лирикасы. Табиғат Абайға оның ақындық шабытына түрткі болған үлкен дүние. Ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық , табиғаттың жаңарып жасаруы , жаралануы ақынның ішкі сезім пернелеріне қозғауц салып, сол сезімді ақын қа,ғаз бетіне түсірді. Сылдырап аққан бұлақтан, жаз жайлаудан , тіпті қаһарлы қыстан да сұлулық іздейді. Табиғатты жырламаған, оны өз әніне қоспаған ақын кемде-кем. Бірақ Абай салып кенткен жол, ақын жырлаған табиғат әрине өзгеше.

Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдеріне мына жоспар бойынша талдау жасалынады.



  1. Поэзия.

  2. Теория.

  3. Ән-күй.

  4. Этнография.

  5. Экология.

1 Поэзия, Теория бағыттары бойынша тапсырмалар. Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін жатқа оқу. Өлеңнің жазылу тарихы, құрылысына талдау жасау. ( Шумақ, бунақ , тармақ санын анықтау, ұйқас түрлеріне ажырату)

Кейіптеу деген не? Мысал келтір.



  1. «Жаз»( Жаздыгүн шілде болғанда)

  2. «Күз»

  3. «Қыс»

  4. «Жазғытұры»

3. Ән-күй бағыты.

Абай әнді қалай бағалаған? Жыл мезгіліне арналған қандай әндерін білесіңдер? ( «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»)

Бір оқушы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.

4. Этнография.

Өлеңде кездесетін қазақтың көне тұрмысына , шаруашылығына қатысты кейбір сөздерге түсінік беру.

1.Күзеу деген не? Көшпелі қазақтардың қысқы, жазғы қоныстары қалай аталады?

2. Алты қанат үй деген қандай үй? Киіз үй неше қанат болуы мүмкін?

3. Шидем деген не?

4. Шуда жіп деп қандай жіпті айтамыз?

5. Шом, Шомшы деген сөзді қалай түсінеміз?

6. Ене деген кім? Қандай туыстық атауларды білесіңдер?

7. Құда деп кімді атайды?



  1. Экология.

О.Сүлейменовтың портреті. Бүгінгі сабаққа , экологияға қатысы қандай?

Жауабы: Орыс тілінде көркем шығарма жазатын өзге ұлт өкілдері аз емес. Азаяр түрі көрінбейді. Осы тағдырлас ондаған автор ішінде қазақша өлең жазбаса да , өз ұлтының ақыны болып бөлектеу аталатын жалғыз ғана көрнекті ақын Қазақстанның халық жазушысы мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов.

Ақындығымен қоса қоғам өміріне де белсене араласып, қайраткерлік дәрежеге көтеріле білген азамат.

Бұдан елу жыл бұрын Абай елі атом , сутегі бомбаларын сынайтын алаңға айналды. Осы мерзімде ұлы ақын мәңгілікке дамыл тапқан Жидебайдан 120 шақырым жердегі Дегелең тауында 467 рет ядролық және термоядролық жарылыс жасалды. Жерді тоздырып, елді аздырған тажалға халық қаһары тосқауыл болды.1989 жылы ақпанда Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған « Невада -Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Сол жылдың 6 тамызында семей облысының Қарауыл аулында ядролық қаруды сынауға мороторий жариялау жөніндегі ұсыныспен КСРО және АҚШ президнттеріне үндеу қабылданды. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, бейбітшілік пен тыныштық орнату мақсатында «Невада –Семей» қозғалысы құрылды. Оны басқарған - белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов еді.



Қорытынды: Біз бүгін не білдік? Абай кім?

Үйге тапсырма : «Табиғатым – махаббатым» тақырыбында эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет