Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына



Дата28.07.2017
өлшемі35,91 Kb.
#22255
түріСабақ
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп

Ашық тәрбие сағаты

Мұғалім: Сәдуахас Райхан


Сыныбы: 10-сынып.

Қазалы 2012 жыл.



Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына

арналған өлеңдерін жатқа айтуға үйрету, сазгерлігін таныту, әндерін орындату. Сөздік қорын молайту.



Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.

Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ (топтық жарыс).

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: «Абай елі» Абайдың табиғат лирикасына арналған

плакаттар, интерактивті тақта, тест сұрақтары.



Сабақтың барысы:

Қазақ тілі мұғалімі: Құрметті қонақтар,әріптестер,оқушылар! Сіздер қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған әдеби кешке келіп отырсыздар.

Сабақтың эпигрофы:

Асыл сөзді іздесең,



Абайды оқы ерінбе.

1-ші сөз: Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Сәлімқызына сөз кезегін береміз. Интерактивті тақтамен сендерге Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық жолын таныстырып өтеді.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сафура Базарбайқызы

«Абайдың табиғат лирикасы» деген тақырыпты қорытындылау сабағын топтық жарыс түрінде алып отырмыз.

-Балалар, біз бүгін Абайдың «Қыс», «Көктем» өлеңдерін қорытындылауға арналған жарыс сабағын өткіземіз. Жарысқа екі топ қатысады.

Жарыс сабағының мақсаты: - Сендердің өнер-білімдеріңді жан-жақты байқау. Әр топтың арнайы сұрақ-тапсырмалары бар. Сендердің жауаптарыңды сарапшылар бағалап отырады.

Топ жетекшілері шығып өз тобымен, оның атымен және төсбелгісімен таныстырады.



Марат – Біздің тобымыздың аты – «Қыс» - Қыс белгісі – қарды біз төсбелгі етіп алдық.

Ирина – біздің тобымыздың аты – «Көктем». Көктемде айнала жасыл түске айналады. Сондықтан біз жасыл түсті, гүлдерді төсбелгі етіп алдық.

1-бағыт. – Поэзия 3 оқушы.

1-топ. Әр топтан бір шумақтан бірін-бірі жалғастырып өлеңді жатқа айтып шығады.

2-тапсырма. Әр топ өздеріне арналған сұрақтарға жауап береді.

«Қыс» тобына



  1. Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген?

  2. Қыстағы адамдардың тіршілігі қандай бейнеленген?

«Көктем» тобына

  1. «Жазғытұрым» өлеңінде көктемнің қай кезін, қазақ халқының қайда көшкен мерзімін суреттейді?

3-тапсырма.

«Қыс» тобы «Абай елі» плакаты бойынша әңгімелеп беру.

«Көктем» тобы «Абайдың табиғат лдирикасы» бойынша әңгімелейді.

4-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру.

5-тапсырма. Жыл мезгілдеріне арналған мақал-мәтелдерді жалғастыру.

Мұғалімнің сөзі: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп

Абай атамыз айтқандай енді кезекті Абайдың әндеріне берейік.

1.Баешов М. «Көзімнің қарасы».

2.Лаврикова И. «Желсіз түнде жарық ай».

Абай аудармасынан көрініс «Түлкі мен қарға».

Құрметті ұстаздар 6-сынып оқушылары сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтайды.

Би. Оля, Софья.

Ән. Анна.

Қорытынды:

Абайдың табиғат лирикасына жазылған екі өлеңінен өрбітіліп өрілген жарыс кеш сабағымызды Абайдың мына өлеңімен аяқтағым келіп отыр.

Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы?



Өлмей тұрып артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет