Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы



Дата18.02.2018
өлшемі100.43 Kb.
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Бидайық орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Тукеева Әсемгүл

9- сынып. Әдебиет.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Абайдың табиғат лирикасын орыс классиктерінің өлеңдерімен салыстыра отыра терең меңгерту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарды кеңейту.


Міндеттері: білімділік- адам мен табиғат қарым- қатынасы туралы ғылыми ой- өрісін кеңейту, табиғат - алтын бесік екендігін жете түсіндіру; дамытушылық - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік - оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Абай ұлылығын терең сездіру, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі : аралас.

Әдіс тәсілдер: «Зымыран сұрақтар», «Қызығушылықты ояту», Ойтолғаныс, «Сиқырлы таяқша», «Миға шабуыл», «Болжам» стратегиясы

Пәнаралық байланыс:орыс әдебиеті, музыка

Көрнекілік: интербелсенді тақта.


Сабақтың барысы:

І.Психологиялық ахуал.

Оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ыбырай ізімен» әңгімені жұп болып тексереді.

«Қызығушылықты ояту»

Жырларымен бүкіл әлемді қандырған кім?

Қазақты әлемге танытқан кім?

Ұрпаққа мұраларын аманат қып,

Рухани азық етіп қалдырған кім?(Абай ақын)

«Көңіл құсын құйқылжытып шартарапқа»,

Өлеңіне ән шығарып.,шырқатқан кім?(Абай-сазгер)

Қарасөзі даналық сөзге толы,

Әңгіме емес,көңілден шыққан ойы.

Тәрбиелік мәні бар әр сөзінде,

Кім дейсіңдер осындай ұлы Абайды?(Абай-ойшыл)

Орыстың әдебитін үлгі тұтып,

Пушкин мен Лермонтовты қазақша жырлатқан кім?(Абай-аудармашы)

Осындай қасиеттерді бойға жиған ұлы адамды кім дейміз? Абай дана

«Зымыран сұрақтар»

1. Абай қай жылы туған? (1845 жылы 10 тамыз.)


2. Туған жерін ата. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.)
3. Абайдың шын аты кім еді? (Ибрагим.)
4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере.)
5. Абайдың арғы аталары кімдер? (Өскенбай, Ырғызбай. )
6. Шешесінің аты кім болған. (Ұлжан.)
7. Құнанбай неше әйелді болған? (4 әйелді.)
8. Абайдың. Дүниеге көзімді ашқан кім еді? (Михаэлис.)
9. Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.)
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? (Ахмет - Риза.)
11. Абайдың руы қаңдай? (Тобықты.)
12.Абайдың азан шақырып қойған аты кім?

13.Абай оқыған білім ордалары, жалпы Абай алған білім.

14.Абайдың өскен ортасы, туған-туыстары туралы не білесің?

15. Ақынның шығармалары негізінен үш саладан тұрады. Олар қандай?

16.Абайдың жастарды тәрбиелеуге байланысты ойлары қай өлеңдерінен көрінеді?

17. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің мәні неде? Идеясына тоқтал.

18. Абай өлеңдерінен қандай үлгі-өнеге алдың? Саған қалай әсер етті?

ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмыс бағыттары:



  1. Поэзия

  2. Теория

  3. Ән - күй.

  4. Этнография

  5. 5. Экология.

«Миға шабуыл»

Жыл мезгілдеріне байланысты слайд көрсетіп, оқушылардан ойларына не келгендігі сұралады.

«Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар.»                Зейнолла Қабдолов

Оқушылардың білімін жаңғырту мақсатында «лирика дегеніміз не? Лирканың қандай түрлерін білесіңдер?» деген сұрақтар қойылады. Абайдың өлеңдері көбінесе қандай тақырыптарда жазылған? Еңбек, білім, адамгершілік, жастарды тәрбиелеу, махаббат, табиғат. Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен «лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық. Лирика дегеніміз ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл - күйі, күйініш - сүйініші тән. Лириканың 4 түрі бар.


Лирика

философиялық, саяси, махаббат, табиғат

Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс - хәлді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдың бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады. Табиғатқа жан бітірген ұлы Абай . Берілген 4 өлеңдегі түсініксіз сөздермен жұмыс жасап, оны дәптерге жазу.

Сөз маржан

Ұшпа - шашыранды бұлт

Домбығу - үсік шалу

Малма - тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып, араластыруды малма сапсу деген.

Шуда - түйенің шудасынан иірілген жіпті айтады. Оны әжелер ұршықпен иірген.

Шом, шомшы - түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы-түйемен жүк тасушы адам.

 Шидем -қойдың жабағысынан тігіп, сыртын маталап қаптаған киім, оны күпі деп те атаған.

\\\ Төрт оқушы өлеңдерді жатқа оқиды (музыка әуенімен).

1-топ. «Қыс» өлеңі. Сұрақтар:

1. а) Ақын қысты қалай суреттеген? ( ақ киімді, ақ сақалды алып денелі шалға теңейді. Қысты тойымсыз сұраншақ құдаға, мылқау, түсі суық кісіге, қайырымсыз қонаққа теңейді).

ә) Қыстағы адамның тіршілігі қалай бейнелеген? (Тынымсыз соққан боран, әуес көріп жүгірген балалар, қалың киінген малшы, аш қасқыр, көңілсіз ауыл )

2. Өлеңнің жаңашылдық рухы.

3. Өлеңді Некрасовтың «Мороз –красный нос» туындысымен салыстыр.

4.Абайдың өзіндік жаңалығы, табысы

2-топ. «Күз» өлеңі. Сұрақтар:

1.Өлеңнің идеялық эстетикалық мәні

а) Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген? ( Аспанды бұлт торлаған, жерді дымқыл тұман басқан. Күліп ойнаған жастар да, шулаған балалар да көрінбейді. Жапырағынан айырылған ағаш көркі. )

ә) Өлеңде ауыл көркі қалай бейнеленген? ( Адамдар өз қамдарын жасап жатыр. Біреулер тері илеп жыртық киімдерін бүтіндесе, жас әйелдер енесіне шуда жіпті иіртіп, туырлық жасауда. Ауыл көңілсіз, ойын-күлкі жоқ. Ит те ауылда тұрмай, тышқан аулап дала кезген. )

2.Осы өлеңді Пушкиннің «Болдинская осень» өлеңімен салыстыра талдау (екі өлеңнің үндестігі, өзіндік ерекшеліктері).

3- топ. «Жазғытұры» өлеңі. Сұрақтар:

1.а) Ақын көктемді қалай бейнелеген? ( Жер беті масатыдай құлпырған, жыл құстары келген,қара тастан басқаның бәрі жадыраған, жылы күн лебі, қызыл арайлы күннің сары алтын шатырына кіргені)

ә) Көктемгі ауыл қандай ? ( Қырдағы елмен ойдағы елдің араласуы, жұмыртқа іздеген балалар, саудагерлердің келуі, кемпір-шалдың шуақ іздеу, диханшылардың егін егуі, қорада мал төлдеп шулауы )

2.Гете – Лермонтов - Абай. «Кезбенің түнгі әнінің » тарихын айтып бер.

    «Ән тыңдау»  (Сергіту)

«Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» деп өзі айтқандай, Абай әніне құлақ түрсек. «Желсіз түнде жарық ай» әні .

Абай афоризмдерін жалғастыр

Асыл сөздердің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

---------------------- (Аздырар адам баласын)
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)


Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

--------------------- (Екі жаққа үңілдім)
Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)


Досы жоқпен сырлас

-------------------------- (Досы көппен сыйлас)


Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

--------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)


Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)


Шығармашылық жұмыс
1.Абайдың атын басқаша өзгерт.
а) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

ә) «Ғылым таппай мақтанба»

б) «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы».
2.Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек)
-------------------------- Пайда ойлама,ар ойла,

-------------------------- Талап қыл артық білуге.

Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------

Үйретуден балаға. --------------------------

Мағынасын түсіндір

«Болжам» стратегиясы

«Абайды осы күнге алып келсе, өлеңдерін қалай жазушы еді?»

Ойтолғаныс.

«Сиқырлы таяқша» стратегиясы арқылы оқушыларға ой тастау.

- Оқушылар, енді Абай өлеңдеріндегі суреттелген табиғат көрінісі мен қазіргі заманның табиғат көрінісі қандай екен? (- Сорға айналған дала. 

- Ауа ластанған. – Жан-жануарлар азайған. – Су көздері таза емес. – Түрлі аурулар таралуда) Бұған не себеп болды? (Экологияның бұзылуы. – Арал теңізінің тартылуы. – Атом сынағының орналасуы. – Табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалану. – Адамдардың табиғатты қорғамауынан.

2 топқа конверттің ішіне салынған 2 сурет беріледі.


(Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов)
Сұрақтар.
1. Бұл кімнің суреті. Оның бүгінгі сабаққа, экологияға қатысы қандай?
Қандай еңбектері бар?
2. Олардың табиғат қорғау жөніндегі қызметі туралы не білесіңдер. «Қазақтың ірілері, Абайдың інілері» деп Кәкімбек ақын жырлаған бұл кісілердің табиғатты қорғау жөніндегі қызметтері ерекше. О.Сүлейменов – ақын, 1991 жылы Семйдегі ядролық полгионды жаптырса ,М.Шаханов Желтоқсан көтерілісіне әділ баға беруімен бірге, Арал суының тартылуы мен зардаптарын әлемдік деңгейде көтеріп, сол қоғамдық комитетті басқарды

Сабақты қорытындылау: (5 мин)

Бекіту: Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерінің астарында не жатыр? Табиғат құбылыстарына жан бітіре суреттеудегі мақсаты не? Сендерге қандай әсер қалдырды?  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген қанатты   сөзімен сабағымды қорытындылаймын.

Үйге тапсырма:  Эссе «Табиғатым - махаббатым»; Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын оқу; Махаббат лирикасына жазған бір өлеңін жаттау.



Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0caf
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0caf -> Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, С. Датұлының суреті Сабақтың түрі: Аралас сабақ
0caf -> Exchange сөзінің қазақша аудармасы? a айырбастау b толтыру c тиын d ауыр Көкөністер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет