Сұлу сөздің Сардары



бет1/2
Дата05.11.2016
өлшемі2,06 Mb.
  1   2
Сұлу сөздің Сардары

(жазушы З. Қабдолов-85 жас толуына байланысты библиографиялық шолу)




«Ешкім жоқ, Өзіңізге мөлшерлейтін,

Мөлшерлеп,салыстырып көрсем дейтін.

Мен үшін асқақ тұрған бір Ағасыз-

Әзірге еш қазақпен өлшенбейтін...!»



С. Иманасов

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы ¥лттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Қабдолов Зейнолла 1927 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде дүниеге келген.

¥лы Отан соғысы басталып, әкесі майданға аттанған Зейнолла Доссор кентіндегі орта мектепті бітірісімен 1943-1945 жылдары әкесінің ізін басып, өндірісте жұмыс істеді. Мұнайлы Ембі шындығы, еңбекші қауым тұрмысы 3. Қабдолов шығармашылығына негізгі арқау, өзекті тақырып болды.

1945 жылдың жазында 3. Қабдолов Алматыға келіп, инженер болу мақсатымен Тау-кен институтына түседі. Бала кезден баурап алған сөз өнері – көркем әдебиет «құпиялары» қатты қызықтырған 3. Қабдолов өз қалауымен қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, профессор М. Әуезовтің дәрістерін үзбестен, құмартып тыңдап жүреді. Сол жылдың аяғына қарай ұлы жазушының кеңесімен бір жола университетке ауысып, филология факультетінің толық курсын 1950 жылы үздік дипломмен бітіріп, осы әйгілі білім ордасына ұстаздық қызметке қалдырылады.

Зейнолла Қабдолов ұстаздық қызметіне қоса, бірнеше жыл жауапты басшылық жұмыстарда да болады. «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы (1950-1957), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сектор меңгерушісі (1957-1959), «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1959-1961) қызметтерін атқарады.

З.Қабдолов ғылыми-педагогикалық жұмыстарынан қол үзген жоқ, бұл міндеттерді өзінің университеттегі оқытушылығымен бірге алып жүрді. Сөйтіп, ол туған әдебиетіміздің тарихы мен теориялық мәселелерін зерттей келе, филология ғылымдары-ның кандидаты («Қазіргі қазақ әңгімесі», 1961) және филология ғылымдарының докторы («Қазак әдебиетінің теориялық проблемалары», 1970) дәрежелерін алу үшін диссер-тациялар қорғады. Жиырма бес жыл табан аудармастан қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1975-2000) болды.

Зейнолла Қабдоловтың әдеби талпыныстары мектеп қабырғасында басталады да, университеттегі студенттік жылдары одан әрі ұласады. Жас қаламгердің әралуан тақырыпқа жазған өлең-жырлары, әңгіме-очерктері шәкірт кезінің өзінде-ақ газет-журнал беттерінде жиі жарияланып тұрды, таңдаулылары әр-түрлі жинақтарға енді. «Жайық қызы», «Туған ел» сияқты лирикалық өлеңдері әнге айналып, қалың көпшілікке кеңінен тарады.

З. Қабдолов ғылыми-зерттеу ісімен ерте айналысты: университеттің үшінші курсында жазған «Абайдың лирикасы» атты зерттеуі КСРО Жоғары білім беру министрлігінің Мақтау грамотасымен марапатталған.

1947 жылы З. Қабдолов дарынды жас әдебиетші ретінде КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды.

Елуінші жылдардың алғашқы жартысында З. Қабдолов әдеби сын саласында (юмор мен сатира, ұнамды кейіпкер, көркем әңгіме, т.б. тақырыптар жайлы) бірсыпыра күрделі еңбектері басылды; орта мектептің 9, 10-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарын жазуға қатысты; Үлкен Кеңес энциклопедиясында көне дәуірден осы дәуірге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы жайлы көлемді мақала жариялады; А.Пушкинмен Н.Гогольдің «Күнперзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» сияқты классикалық пьесалары да республикалық, облыстық театрларда З. Қабдоловтың аудармасымен қойылды.

З. Қабдоловтың көркем шығармаларындағы басты тақырып -заман шындығы, басты кейіпкер - замандас бейнесі. Оның есімін оқушы қауымға кеңінен танытқан шығарма «Өмір ұшқыны» (1956) повесі. Повестің қаһармандары негізінен жастар - университет сту-денттері.

Табиғи, таза, суретті, нәрлі тіл автордың жазу мәнерін, машығын өзінен басқа ешбір қаламгерге ұқсатпай, бірден даралап көрсететін жаңа нұсқалы стиль, адамдардың арақатынасына жылы шырай қосып, көмкеретін әдемі юмор, күллі шығарманың өн бойында желі тартып отырған сұлу лиризм 3. Қабдоловтың қаламгер ретіндегі даралық сипатын айқындады. Повесть 1958 жылы орыс тілінде Мәскеуде жарияланып, одақ оқырмандарына белгілі болды.



1963 жылы «Жұлдыз» журналында (№7-11) жарияланған «Жалын» романы кейін қазақ (1970, 1974, 1983), орыс (1971, 1976, 1982) және вьетнам тілінде (1980) жеке кітап болып шықты.


Каталог: Library -> Librarykz -> vobzori
Library -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
Library -> Азамат Тілеуберді
Library -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
vobzori -> Сахи Романов (1926-2002 жж.)
vobzori -> «Ұланғайыр даланы сыйғызатын журек» атты Жубан Молдағалиев туралы өмірбаяндық очерк Биографический очерк о Жубане Молдагалиеве «Сердце, в котором умещается степь»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет