ҚазақТЫҢ халық жазушысы ғ. М



Дата27.05.2018
өлшемі43,92 Kb.
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ Ғ.М.МҮСІРЕПОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 115 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ» АТТЫ ӘДЕБИ РАНДЕВУДІҢ СЦЕНАРИЙІ

28.03.2017 жыл

Сағ. 11.00

Қатысушылар мен көрермендерді орналастыру.



Жүргізуші

Экранда Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы жайлы

слайд көрсетіліп тұрады
«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек».

З. Қабдолов

Өзін қазақпын деп есептейтін, ана тілінің қадір-қасиетін біліп өскен әрбір азамат өз өмірінде Ғ. Мүсіреповтың қаламынан шыққан қайталанбас дара да, әсерлі шығармаларын сүйсіне оқи отырып, олардан тәлім - тәрбие алғаны даусыз.

Керемет дарындылығымен, ізденгіштігінің арқасында Ғ. Мүсірепов қазақ әдебиетінің алдыңғы шебіндегі маңдай алды қаламгерлерінің бірі болып қалды. Көркем сөзді түсіне білетін, өз Отанын, ана тілін қадірлейтін қазақ оқырманының жүрегіне ол өзінің әңгімелерімен, «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» секілді кесек туындыларымен, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек», сияқты шығармаларымен ұялап, олардың сый-сияпатына, сүйіспеншілігіне бөленді.



Видео 1

Жазушы музейінен мағлұмат беріледі

Жүргізуші

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.

«Өлімді жеңген ана»

15 мектеп-лицейінің «Жас өркен» тобының сахналауында көрініс


Жүргізуші

«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған.

«Ашынған ана» (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен: «... Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана...»



Көрініс. «Ашынған ана»

Абай атындағы 2 лицейдің оқушысы Бақдәулет Әйгерім

Жүргізуші

Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы» (1934) атты әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы, Нағиманы «большевик балаңды тауып бер» деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп беріп отыр.

Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі - «Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі. Ал «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.

Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» - бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, тарихи ел шежіресінің мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады.

Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы, ақылгөй болу—Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет. Ондай қайраткер аналар тарихта болған. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. Осындай ерлікпен, ақылды-даналықпен, билікпен, әділдікпен атын шығарған Ұлпан қазақ әйелдерінің жиынтық образы деуге болады. Жазушы жасаған Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері.


Слайд 2. Суреттер сөйлейді.

Көрсетілген суреттер бойынша оқырмандардың пікірін тыңдау

Видео 2 Видео жұмбақ

Жүргізуші

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген - бәйтерегі өмірдің.

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген - асыл жандар болаттай

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.


Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнерінің тарихында мәңгі қалатын өз мектебі, қайталанбас өрнегі, өшпес ізі бар, сөзі сара, ойы терең зор тұлға.

Бүгін біз жазушының аналар тақырыбына қалам тартқан шығармаларымен сусындап, керемет әсер алдық деп ойлаймын.



Қатысушылар аналарға арналған тілектерін жүрекше қағаздарға жазып, тақтаға іледі

Естелікке суретке түсу.

Каталог: files -> userfiles -> metodicheskaya sluzhba -> scenarii -> 321
scenarii -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
scenarii -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
scenarii -> «ГҮл мереке, КҮн мереке – 8 наурыз» халықаралық Әйелдер күніне арналған орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары арасындағы сайыстың сценарийі
scenarii -> Окж оқырмандары арасында «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауының өткізілу сценарийі
scenarii -> Окж оқырмандары арасында «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауының өткізілу сценарийі
scenarii -> «поэзия менімен егіз бе едің?» М. Мақатаевтың туғанына 85 жылдық мерейтойына арналған поэзия кешінің сценарийі
scenarii -> Қр тұҢҒыш президенті күніне арналған «халық Үшін. Ел игілігі үшін»
321 -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
321 -> ҚазақТЫҢ халық жазушысы ғ. М


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу