Сұлу сөздің Сардары



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі2,06 Mb.
#892
1   2
З. Қабдолов еңбектерінің ішінде қазірге дейін төрт рет басылым көрген «Сөз өнері» атты зерттеуінің орны бөлек. «Сөз өнері» - жоғары оқу орындарының студенттері әлі де үзбей пайдаланатын бірден-бір оқу кұралы. Еңбекте көркем әдебиет табиғаты тарихи және теориялық тұрғылардан жан-жақты сараланады. Әдебиет теориясын қалыптастырудағы эстетикалық ой-пікірлердің әдіснамалық мән-маңызы зерделенеді. Әбу Насыр әл-Фараби тәрізді ғұламалардың терең танымдық идеяларын З.Қабдолов қазақ оқырмандары үшін арнайы таратып бағалайды.

Кітапта көркем өнер мен әдебиеттің әлеуметтік табиғаты, әдеби тектер мен жанрлар, өлең құрылымы, мазмұн мен пішін, даралау мен жинақтау, керкем-әдеби тілдің ерекшеліктері сияқты әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелер оқулық талаптарына сай деңгейде сөз болады.

З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әдеби бейнесі үздік шеберлікпен сомдалды. Роман-эссесінде Мұхтар Әуезовтің тарихи тұлғасын жаңа бір бағытта, өзгеше бір төселген шеберлікпен төгілген көркемдік алымда ашқан еді. Оған осы романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Оқымысты назарын аударатын тағы бір күрделі мәселе-көркем тіл мен өлең құрылымы. Тілдегі бейнелілікті зерделеуде ой мен сезімнің бедерлілік табиғатын З. Қабдолов көркем әдебиеттегі ең басты талант өлшеміне балады. Шығарманың тілдік қолданыс ерекшелігі жанр, жағдай, суреттелетін дәуір, кәсіби ыңғай, кейіпкерлердің болмысы мен ой, қиял желісі, әрекет өрісімен сабақтастығы назарда ұсталды. Сан алуан лексика, семантикалық деңгейлердің суреткерге тән мәдени-эстетикалық мұрат, талант даралығымен тамырластығы да ешқашан ұмытылмайды.

З. Қабдолов ағымдағы әдеби үдеріске байланысты ой-пікірлерінде де, іргелі суреткерлер жайлы ықшам зерттеу, мақалаларында, Абай, Махамбет, Жамбыл, М. Әуезов, Б. Майлин, Ш. Айтматов, Ә. Нүрпейісов, Т. Ахтанов, Қ. Ысқақов және т.б. белгілі тұлғалар хақындағы ғылыми-сын эсселерінің бәрінде дерлік мәтін ауқымында - оқырман, дәрісханада-тыңдаушы көкейін тап басатын өзекті ахуалды дәл танытуымен ерекшеленіп тұрады.

Ғалымның қаламынан туған «Жанр сыры» (1964), «Жебе» (1971), «Арна» (1988), «Әуезовтің әсемдік әлемі» (1977), «Менің Әуезовім» (1977), «Көзқарас» (1999) атты еңбектердің студент, магистрант, аспиранттар қауымына берері мол.

З. Қабдолов «Жанр сыры» арқылы қазақ әдебиеттануында әңгіме тәрізді шағын эпикалық туындылардың ішкі құрылымы, ұлттық қасиеттері, стильдік өрнегі туралы алғаш ой толғағандардың бірі. Ол сондай-ақ Абай лирикасы мен эстетикалық әлемі, ақын өлеңде-ріндегі философиялық тереңдік пен шынайылық туралы әсем де нанымды байламдар айтқан.



З. Қабдолов шебер аудармашы да болды. А. Пушкин мен Н. Гогольдің жекелеген шығармаларын, Л. Кассиль, В. Добровольский, В. Закруткин романдарын нақышына келтіре аударды. А. Островскийдің «Ұшынған ақша» пьесасы театр сахналарына З. Қабдоловтың тәржімесі арқылы қойылды.

З. Қабдолов орта мектептің жоғары сыныптарына арналған «Қазіргі қазақ әдебиеті» окулығына жазған тарауларын әрдайым жаңартып отырды. Университетте «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы» пәндерінен филологтар мен журналистер үшін ұзақ жылдар бойы дәрістер оқыды, арнайы курстар жүргізді, аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. Зейнолла Қабдоловтың алдынан ондаған, жүздеген шәкірттер өтті. З.Қабдоловтан дәріс тындау бақыты бұйырған көп талапкер кейіннен көрнекті жазушы, ғылым адамы, қоғам қайраткері болды. Олардың барлығы да Зейнолла Қабдоловты ризашылықпен еске алады. Академик Зейнолла Қабдолов өзі де ұлы ұстазы Мұхтар Әуезовке ғұмыр бойы шәкірттік парызын өтеген еді.

Ғалым-ұстаздың күллі шығармашылығын ой елегінен өткізіп, оның қаламынан қалған әрбір туындының қыр-сырын түбегейлі қарастыратып, танып-талдайтын Халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өтіп тұрады.

Асылы, жазушының оқырман жүрегіне жол табуы оңай емес және ол қай тақырыпқа қалам тартқанына да байланысты емес. Міне дәл осы тұста, қаламгердің таланты, дарын күші, суреткерлік шеберлігі алдыңғы қатарға шығады. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов алдымен осы қасиеттері арқылы оқырман жүрегіне жол тапты. Жазушының күллі шығармалары тұтаса келгенде, немесе осы шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін жинақтай айтқанда Зейнолла Қабдолов қазақ әдебиетіндегі парасатты прозаның, осы аядағы алғаш рет шынайы көріне алған қаламгерлік шеберліктің жаңа өлшемін межеледі. Қазақ сөзінің қадір-қасиетін, көркемдік қуатын суреткерлік мақсатта қалайша құбылтуға, құлпыртуға болатындығын аңғартты, шығармашылық процесте әрбір сөйлемді, сөз тіркесін қалайша ұтымды, ұтқыр пайдаланудың жолдарын жаңаша зерделеді.

Қазақ ғылымы мен білімінің, әдебиетімен өнерінің айдынында қайталанбас қолтаңба қалдырып, қазақ қаламгерлері мен әдебиетші ғылымдарының тұтастай бір буынына көшбасшы болған академик-жазушы Зейнолла Қабдолов.

З. Қабдолов аса нәтижелі, жемісті жазушылық, ғалымдық, ұстаздық еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды; КСРО Жазушылар Одагы сыйлығының және ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығыньң лауреаты атанды. Зейнолла Қабдолұлы- ұлтының артық туған ұлы, асыл туған аяулы азаматы. Академик Зейнолла Қабдолұлы өнегелі ғұмыр кешті.

Зейнолла Қабдолов-бергенінен берері көп ғалым, білдіргенінен білдірері көп ұстаз, қаламының нәрі мол жазушы. Ұстаз, ғалым, жазушы Зейнолла Қабдолов еңбектерін, тәлім-тәрбиелік, ғылыми-тағылымдық, әдеби көркемдік қыр-сырларын жете зерттеп, ұрпақ игілігіне жарату сынды келелі мәселелер қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының абыройлы міндеттерінің алғы қатарынан орын алады.

Өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер


  • Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы: Санат, 2007.- 360 б.

  • Қабдолов З. Әуезов.- А.: Санат, 1997.- 352 б.

  • Қабдолов Зейнолла тағылымы. Өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен сұхбаттар, өлең жырлар. -А.: Қазақ университеті, 2007.-416 б.

***

  • Жақып Б. Өзіне-өзі сөзінен күмбез тұрғызған... [Текст] : академик Зейнолла Қабдолов / Жақып Б. // Ана тілі . - 2012. - 6-12 желтоқсан.

  • Қабдолов Зейнолла //Біздің элита. Наша элита. 1-том.-Алматы: Қазақ, университеті, 2009.-б.299-301.

  • Қабдолов Зейнолла //Қазақтың жүз романы: Оқу құралы/ Құрастырып дайындаған Р.Нұрғали.-Астана:Фолиант, 2004.- б.174-175.

  • Қабдолов Зейнолла //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. А.: Қазақстан даму институты.-1999.- б.334-335.

  • Қасқабасов С.Заңғар Зейнолла [Ткст] / Қасқабасов С // Дала мен қала. - 2012. - 6 қараша.

  • Қирабаев С. Біздің Зекең [Текст] : ғалым Зейнолла Қабдолов / Қирабаев С. // Егемен Қазақстан. - 2012. - 6 желтоқсан.

  • Күмісбаев Ө. Бір өзіңдей жан тумас [Текст] : академик Зейнолла Қабдолов /Күмісбаев Ө. // Айқын апта. - 2012. - 19 шілде.

  • Нұрғали Рымғали. Әдебиет теориясы. Нұсқалық.-Фолиант,2003.-344 б.

  • Селбаев А Кешегі абыз-ертеңгі аңыз... [Текст] : академик Зейнолла

Қабдолов / Селбаев А. // Ана тілі . - 2012. - 6-12 желтоқсан.

  • Тәшенов Т Қабдоловтың қағидасы [Текст] : академик Зейнолла Қабдолов / Тәшенов Т // Айқын. - 2012. - 8 желтоқсан.

Құрастырушы: Казиқанова А.Қ.



ақпараттық-библиографиялық бөлім.
Каталог: Library -> Librarykz -> vobzori
Library -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
Library -> Азамат Тілеуберді
Library -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
vobzori -> Сахи Романов (1926-2002 жж.)
vobzori -> «Ұланғайыр даланы сыйғызатын журек» атты Жубан Молдағалиев туралы өмірбаяндық очерк Биографический очерк о Жубане Молдагалиеве «Сердце, в котором умещается степь»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет