Ашық сабақ: 6-сынып
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Ұлт мақтаны – ұлы адам»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтының мақтанына айналған ұлы – Тұрар Рысқұлбековтың өмір жолы мен бастан кешкен қиыншылықтары туралы айта отырып оқушы білімін кеңейту.
Дамытушылық: Шығармашылық дамуына, терең ойлау әрекетіне дағдыландыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Ұлт жадында мәңгілік сақталып қалған Тұрар жөнінде айта келіп, оқушыларды елін, Отанын, ұлт зиялыларын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, пікірталас, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Ш.Мұртаза суреттері, кітабы, Т.Рысқұлбековтың суреттер топтампсы, «Мәуелі ағаш», бағалау қиықшалары.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, биология, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау. Сабақтың жалпы жүрісімен таныстыру.
II.Үй тапсырмасы:
«Қызыл жебе» романын оқып, мазмұнын айту.Оқушылар есіне тағы бір рет түсіріп алу үшін, мазмұнын толық сұрап шығамын. Сұрақтар қойдырып толықтырамын.
III.Жаңа сабақ.
Сабақты бекіту, қайталау сабағы.
Оқушылар, біз бүгінгі Шерхан Мүртаза ағамыздың «Қызыл жебе» романын қорытып, аяқтаймыз.
Шырылдап шындық іздеген Шерхан Мұртаза өмірі туралы кім, қаншалықты деңгейде біледі екен? Сендердің білімдеріңді сараптау мақсатындағы қойылған сұрақтар:
1.Шерхан Мұртаза қай жылы дүниеге келген?
-Шерхан Мұртаза 1932жылы дүниеге келген.
2.Шерхан Мұртаза қай өңірдің жазушысы?(картадан көрсет).
-Шерхан Мұртаза Жамбыл облысы Жуалы ауданының жазушысы.
3.Шерхан Мұртазаның қандай шығармаларын білесіңдер?
-Шерхан Мұртазаның «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Табылған теңіз», «Белгісіз салдаттың баласы», «Жүз жылдық жара», «Интернат наны», «Сталинге хат», «Қызыл жебе», т.б.
Шырқыраған шындықтын шарайнасы 1932жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Москва мемлекеттік университетін бітірген ол, шығармашылыққа бет бұрып, көптеген туындыларды дүниеге әкелген. Оның, «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Табылған теңіз», «Белгісіз салдоттың баласы», «Жүз жылдық жара», «Интернат наны», «Сталинге хат», «Қызыл жебе», т.б.
Ш.Мұртазаның суреттер топтамасы.
Шырылдаған шындықтың шарайнасы Шерхан Мұртазаның үлкен бір туындысы – «Қызыл жебе».Сол «Қызыл жебенің» бір ғана үзіндісі – «Тұтқын бала». Ендеше осы қорытындылау сабағын – «Ұлт мақтаны –ұлы адам» деген атпен өтеміз. Сондай-ақ бүгінгі сабағымыз «Мәуелі ағашқа саяхат» сабағы ретінде өтеді. Бұл ағаштың жеміс беріп, одан әрі гүлденуі оқушылар сіздердің қолдарыңызды. Сендер, бұл ағаштың жеміс беріп, өсуін тоқтатпағанын қалайсыздар. Олай болса, бүгінгі сабаққа белсене қатысып отырыңыздар.
1бөлім. «Тұқым».
Жеміс ағашы гүлденіп, өсуі үшін оған ең алдымен тұқым себеміз. Ал, Ол табиғаттың қай мезгіліне сәйкес келеді?
Көктем
Ендеше сендерге тұқым бөлімінде мынадай сұрақтар қойылады:
1-Тұрар Рысқұлбеков кім?
-Тұрар Рысқұлбеков ұлт зиялыларының бірі, елін шексіз сүйген қазақ ұлтының өкілі.
2.Оның балалық шағы қалай өтеді?
-Оның балалық шағы түрмеде қиыншылықта өтеді.
3. Тұрар мінезін «Топтастыру» стратегиясы бойынша топтастыру.
қайсар
алғыр
батыр
Тұрар Рысқұлбеков
өжет адал
шыдамды зерек
сауатты
2бөлім- «Тамыр»
«Тамыр» бөлімінің сұрақтарын «Кубизм» стратегиясына қатысты етіп аламын.
1.Салыстыр.
Тұрардың әкесі Рысқұл мен Приходканы салыстырыңдар.
-Тұрардың әкесі Рысқұл шындықты айтып шырылдаған, қапастағы құс тәрізді, ал Приходька бостандықтың парқын білмейтін адам. Сондықтан Рысқұл адал да, Приходько қатігез адам.
2. Зертте.
Тұрардың басынан өткен қиындықтарды мәтіннен зерттеп, зерделеп айт.
-Тұрардың түрмедегі қиыншылықтары туралы баяндалады.
3.Байланыстыр.
Бронников пен Рысқұл арасындағы қатынасты өзара байланыстыр.
-Бронников пен Рысқұл арасындағы қатынасты екеуі де қапаста , түрмеде отырған айыпталушы.
4.Пайдалан.
- «Аспара. Қызыл жебе. Көке» деген Тұрар сөздерін пайдаланып сөйлем құра.
5.Талқыла.
- Тұрардың «абжыланның алдында жалғыз қалған көжектей» күйге ұшыраған сәті мен Брониковтың оған ара түсетін жерін талқылап айтайық.
6. Суретте.
-Әкелі – балалы екеуінің қоштасар сәттегі көңіл-күйін суреттеп бер.
3бөлім- «Діңгек»
«Діңгек» бөлімін «Венн диаграммасы» бойынша өткіземіз.
Наташа Аркаша
Нәзік ,ақылды,
білімпаз
Ерке, бұзық
есер
Байдың
балалары
Сондай-ақ бұл шығарманы М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» бойынша да салыстыруғада болады. Ондағы басты кейіпкер- Сейіт-Тұрар, Бақтыгүл-Рысқұл, Ізбайша –Қатша бейнелерінде суреттелген.
4бөлім- «Бұтақ».
Бұтақтың жапырақ жайып, гүл бодып өсуі үшін сөздікпен жұмыс жасаймыз.Камера-түрмеде кісі қалмайтын жеке бөлме.
Губернатор- патшалық Ресейде арнаулы бір облыстың бастығы.
Надзиратель- тәртіптің бұзылмауына жауапты адам, бақылаушы.
Гимназия- революцияға дейін Ресейдегі орта дәрежелі оқу орны.
Пәуеске – жеңіл арба.
Кафедральды собор- қаладаға ең үлкен шіркеу.
Фуражка- жалпақ жиекті, маңдай алды биіктеу келген, қатырма нәрседен істеген күн қағары бар бас киім.
Кісен-қолға, аяққа салынатын темір бұғау, тұсау.
Оқтық-мылтықтың оқ салатын қуысы.
Абжылан-су жыланы.
Әбес-ұят.
Зындан-жерден терең етіп қазылған қараңғы үй, абақты.
Жәдігер- жақсының көзі, тұяғы.
Беймезгіл- мезгілсіз уақыт.
Көнетоз- ескілеу.
Писарь- кеңсе жұмыстарын жүргізуші адам.
Батырақ – үстем таптың қанауындағы жалшы, малай.
Каторга- жер аударған, сотталған қылмыстыларға жұмыс істететін орын.
5бөлім- «Жапырақ»
Бұл кезеңде оқушылар оқу-білім туралы Тұрардың қызығушылығын баяндайды. Сондай-ақ оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
-Ақыл азбайтын тон
Білім –таусылмайтын кен.
-Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
-Оқу білім азығы
Білім-ырыс қазығы. т.б.
6бөлім- «Гүл»
Тұрар Рысқұлбековтың білім нәрімен сусындап, гүлденуі. Яғни ұстаз үмітін ақтауы.
Ұстаз үмітінің ақталғандығына Тұрардың мынадай қызметі дәлел: 1910-1914жылдары Бішкек мектебінде оқып, оны бітіріп 1915жылы Ташкенттегі оқытушылар институтына түседі. 1916жылы Меркеге келіп патша өкіметіне қарсы қозғалысқа басшылық етеді. 1917жылы «Қазақ жастар Одағын» ұйымдастырады. 1920жылы Түркістан орталық атқару комитетінің Төрағасы болып қызмет атқаруымен қатар, Кеңес өкіметін нығайтуға, еңбекшілердің сауатсыздығын жоюға мәдениетін арттыруға күш салысады. Түркістан – Сібір темір жолын салу мәселесін көтереді. 1924жылы Моңғол Халық Республикасына барып
Бірінші Конститутцияның қабылдануына көмектеседі.
Орталық Атқару Комитетіне мүше, халқының бақыты үшін күрескен республика басшыларының бірі Тұрар 1938 жылы сталиндік жазушылардың құрбандығына ұшырайды.
7бөлім- «Жеміс»
Осынау алып ағашты жеміс ағашы деп атайтын болсақ, Тұрар да осы ағаш сияқты өркендеп, қазіргі таңда тамырын кеңге жайған алып жеміс ағашына айналып отыр. Сонымен сендердің сөздеріңізбен Тұрар Рысқұлов ағаларыңыз туралы қалыптасқан мазмұн қандай болды. Осы төңірегінде ой қозғау беріледі.
Сабақты қорыту.
Әке мен бала арасындағы сүйіспеншілікті жазушы қалай суреттеген?
Сіздердің отбасыңыздағы әке мен бала арасындағы қатынасын өз сөздеріңізбен қалай суреттеп айтып берер едіңіздер?
«Әке корген оқ жонар», «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» деген халық мәтелдерін Тұрар өмірімен байланыстырып, әңгімелетемін. «Әке корген оқ жонар» деген мақалдың Тұрар өміріне қатысы былай:
Тұрардың әкесі туралы Иван Владимировичтың: «Сен тышқанның баласы емес, жаралы арыстанның баласысың» деген сөзінде – ақ байқауға болады. Яғни, оның әкесі өте күшті асқан батыр адам болған. Тұрарда сол сияқты өз қателерін әр кез мойындап, шыншылдықты қалаған. «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» деген сөз де Тұрардың білімі мен ақылы арқылы өзінің жақсылығын көрсете білді. Сондай-ақ, ол әкесінің асқақ арманын орындап, артына өшпестей етіп із қалдырып кетті.
Т.Рысқұлов сереттері.
Сабақты бекіту.
Сабақты бекіту үшін оқушыларға осы тақырып бойынша 20 тест сұрағы беріледі.
Үй тапсырмасы.
«Ұлтымды сүйген ұланмын» деген тақырыпта шығарма жазып келу.
Бағалау.
Бағалау қиықшалары арқылы көп ұпай жинаған оқушыларды бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |