Реферат тақырыбы: «Көркем шығарма құрылымы»



бет1/2
Дата28.04.2020
өлшемі26,93 Kb.
#65026
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Көркем шығарма құрылымы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Көркем шығарма құрылымы»


Орындаған: Әбді Ақнұр

Мамандық: КФ91нп – «Қазақ филологиясы»

Тексерген: ф.ғ.к., доцент Жамбек С.Н.

Көкшетау қаласы, 2020 ж


Көркем шығарма құрылымы
Көркем шығарма табиғаты өте күрделі ұғым. Солай болса да әдебиет зерттеушілері көркем әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық, танымдық, эстетикалық сияқты басты табиғатын айқындап жатады.

Әдебиеттануға қатысты зерттеулерде көркем шығарма адам баласының механикалық емес, іс-қимылынан туындаған үлкен шығармашылық күш-қуат, жігер мен қайрат, ақыл-ой мен сезім жұмсалатынын рухани ой еңбегінің жемісі деп қарастырады. Мұндай рухани ой еңбегіне ғылыми жаңалық, философиялық, публицистикалық және түбінде көркем еңбектер жатады.

Өнер туындыларының құрамында екі аспект көзге байқалады. Ол біріншіден "сыртқы материалдық шығарма" (М.М.Бахтин) "артефакт" деп аталады. (материалдық нысан: латынша artefactum - жасанды жолмен жасалған). Артефакт бояулар мен сызықтардан, дыбыс пен сөзден тұрады. Олар айтылады, жазылып алынады, және кейбіреулердің жадында сақталады.

Екіншіден, материалды түрде жасалып, бекітіліп көрерменге, тыңдаушыға, оқырманға көркемдік тұрғыда әсер ететін қуаты бар эстетикалық нысан.

Артефакт Я.Мукаржовскийдің айтуы бойынша эстетикалық нысанның сыртқы белгісі, таңбасы болып табылады.

Эстетикалық нысан артефактімен әр түрлі үйлесе береді. Бейнелеу өнерінде, мүсін, сәулет, көркем сөз өнерінде сыртқы материалдық шығарма әрқашан да өзіне тең болады.Ол түгелдей тұрақты және трансформациялауға (өзгертуге) келмейді. Ал орындаушылық өнер деп фольклорлық қойылым, театрда эстетикалық нысан салыстырмалы тұтастық күйінде болады да, сценарийлер, нота жазбаларында материалдық тұрғыда басқаша.

Басқаша айтқанда артефакттағы шығарма өзіне тең болмай, үнемі өзгерістерге түсіп, көпнұсқалық сипатқа ие болады. ХХ ғасырда орындаушылық өнердің туындылары жиі аудио ( дыбыс, бейне) жазбаларға түсе бастады. Сондықтан да олардың артефагтісі кинофильм әдеби шығармаға тән тұрақтылық пен толық сақталу сипатына ие болды. Бірақ, көркем орындаушы (пианист немесе дирижер, биші немесе драма әртісі) тікелей байланысқа түскенде сыртқы материалдық шығарма түрін өзгертеді. Ал оңтайлы нұсқасында жаңғырады. Мұндай қозғалыссыз орындаушылық өнердің өмір сүруі мүмкін емес. Өзіндегі сапалық қасиетін сыртқы материалдық шығарма (артефаг) эстетикалық нысанға бейтарап болады. Қолжазба немесе баспа түріндегі кітаптардағы әріптердің өлшемін дұрыс оқуға қажеттілік тұрғысынан ғана мәңгі ие болады. Оның маңыздылығы осында ғана. Сонымен бірге артефаг кейде жиірек эстетикалық нысанға кіріп, көркемдік әсер етудің белсенді факторына айналады. Мысалы, жеке сөз арнайы шрифт немесе бас әріптер индексін автомат қолдану сыртқы материалдық шығарма (артефаг) бұл автоматты туынды өрнегі бір мезгілде эстетикалық нысан тізбегіне кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет