Күн тәртібінде: 1. «Ғабит Мүсірепов –Қазақ әдебиетіндегі ана образын жасаушы»
Тыңдалды: 1-мәселе бойынша
Топ жетекшісі: Жалпы осы тақырыпта да қазақ әдебиетінің кемеңгері Ғ. Махмұтұлы Мүсірепов ана бейнесін ашуда үлкен үлес қосты. Әйел-Ана тұлғасын сомдауда бүкіләлемдік аналар галереясын байыта түсті. Сонымен қатар сөз өнеріне де тақырыптық-идеялық сипатта зор үлес қосты.Ғабит Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында ана образын жасады.Ана деген-құдіретті ұғым,құдіретті күші бар сөз. Небір мықтылығымен әлемді ауызына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында тізе бүккен.Ананың аяулы алақаны мен мейірлі жүрегіне тең келетін ештеңе жоқ.
Аманғали Дилана: Ғабит Мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. Отбасының ұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Өз дәуірінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды.
Жалғас Асылай: Ғабит әңгімелеріндегі қазақ әйелдерінің өршіл де өжет, қажырлы да сабырлы, пайымды да ақылды қасиеттері барынша жарқын суреттелген. Жазушы әңгімелерінің көркем идеясы, сюжеттік құрылымымен тамаша сабақтасқан озық туындылар ретінде бағаланады. Әңгімелерінің бір ерекшелігі - адам психологиясына терең бойлататын қайсарлық, өжеттік, адалдық қасиеттерді ішкі күрделі көңіл-күймен шебер танытады. Жазушының ана тақырыбына жазған әңгімелерінде ананы ардақтау, оның ұлылығы алдында бас ию басым болып келеді. Жазушы суреттеген әйелдер өз балаларының ғана емес, жалпы адамзаттың асыл анасы ретінде асқақ ардақталады.
Қаулы: 1.Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу мақсатында,шығармашылығымен таныстыру мақсатында осындай тәрбиелік шаралар өткізілсін.
Жиналыс төрайымы: Ергалиева Г.Б
Хатшысы