тербейді Ана – тебіренеді жаны шын.
Тербейді Ана уақытты;
Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін.
Тербейді Ана бөбегін,
Сол арқылы тербетеді өз елін,
Құмын, тауын, өзенін.
Тербейді Ана көлеңкені, шуақты –
Планетаның алақаны сияқты...
1-жүргізуші:Ана өмірдегі ең асыл жан.Ғабит Мүсірепов әдебиет саласында ана образын ерекше бейнелеген және құрметтеген.Ана деген сөздің терең мағынасына жеткен.
Ендеше ортада “Ананың анасы” атты шығырмасынан үзінді!
Автор сөзі;Іркіт сабасындай іркілдеген молда мен саудагер Рамазанға соқыр Әйтілес ескі күндердің әңгімесін шертіп отыр. Тот басқан әңгімені жанып- жанып жаңартып, жалт-жұлт еткізеді. Көзден айырылған соң барлық жарықты көңілі мен құлағына жинаған қарт, ескі күндерді тымактай бұлғап, төңкеріп- төңкеріп алады:
-Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз... Сексеннің екісінде ме екен, үшінде ме екен, сол кезде Жанай балуан, қайраты қайтса да, болат жүрегі мойымаған кезі еді... Даусы саңқылдап шаңырақта ойнар еді. О кісі сөйлегенде іргеде ғана отырып ойымызға тоқи берер едік... Сол кісі айтады-ау:
– Баяғыда бала кезімізде Жалпақ балуанға еріп, Ергенектінің елін шабуға аттандық,- дейді. Жалпақ балуан Бала бидің батыры екен, бір күні Бала би шақырып алып: -
Балаби;Уа, Жалпақ! Ергенекті елімізді екі рет шапты. Бірінде мен тоналдым, бірінде сен тоналып едің: мен малымды бердім, сен жанынды бердің. Жаңынды бергенін емей немене, қырық жетіні қырқа матап беріп отырған қалындығынды бергенсің!.. Білетін бе едің? -дейді.
Ол кезде сен жас едің, дұшпаннан кек алу былай тұрсын, жауға өзің кездесіп қалып, астындағы тайынды беріп әрең құтылған болатынсың... Қазір сен Жалпақ балуан атандың, ол кекті қалай ұмытып жүрсің?.. - дейді.