Ата ана үшін бақыт деген баланың, Қуанышты тойында шашылғаны



Дата04.10.2023
өлшемі13,86 Kb.
#183634
Байланысты:
арнау


Ата – ана үшін бақыт деген баланың,
Қуанышты тойында шашылғаны
Ұл үйленіп, қыз ұзатып сәніменен,
Перзентінің бағының ашылғаны.

Аллаға шүкір, ұл – қыз өсіп жетілд,


Немере – жиен өсіп жатыр кекілді
Аталары о дүниелік болса да,
Қолдау беріп төрде отырған секілді.

Өмір заңы, қыз – жат жұрттық, білемін,


Қимастықтан сыздар тұр – ау жүрегім
Немереме: таңдап барған жеріңде,
Бағың болсын! – аналық ақ тілегім.

Дақ түсірмей әулеттің абырой, атына,


Бала – келін, қыз – күйеу берік салтына
Осы ортадан өнеге алған немерем,
Сыйлы болар келін боп барған жұртына.

Жақсы атын шығаратын ерінің


Ақ адал жан Нұрғанымдай келінім.
Анасынан үлгі алған Нұршатым,
Қызғалдағы еркелеген елінің.

Нұршатжаным, ақылың көп, саналысың,


Әжең үшін орның бөлек бағалысың.
Оң аяқпен аттаған босағаңда
Алғайсың әке менен ана алғысын.

Сонда ғана өсесің, көгересің,


Батасын ал үлкеннің өнегесін
Күйеу бала, шаңырағың биік болып,
Жас отаудың берік қала керегесін.

Екеуіңнің ала ұзақ жолың бар,


Жақсы жанға қай жерде де орын бар.
Екі әулеттің қуанышын еселетіп,
Бір – біріңмен тату – тәтті болыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет