Қадірлесең салт-дәСТҮР Қымбатты асыл қазына



Дата27.12.2016
өлшемі51,94 Kb.
#6136
ҚАДІРЛЕСЕҢ САЛТ-ДӘСТҮР – ҚЫМБАТТЫ АСЫЛ ҚАЗЫНА
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған , салт-дәстүрлер бейнеленген слайдтар

Өткізілу формасы: дөңгелек стол
Барысы:

1-жүргізуші:Халықтың атадан балаға көшіп,жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік,мәдени-тұрмыстық,кәсіптік,салт-сана,әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады.Дәстүр – мәдениеттілік белгісі.Дәстүр байлығы – мәдениет байлы-

ғы.Ол – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық.Мысалы,ата-ананы,

үлкенді құрметтеу,байғазы,сүйінші,сәлем беру,ат тергеу т.б.дәстүрге жатады.

Қазақ халқа дәстүрге өте бай.Әдет,ғұрып,ырым,тыйым,дағды бәрі осы салт-дәстүрдің салалары мен тармақтары болып саналады.70жыл бойы ұлтымыз-

дың дәстүрлерінің заңдылық ережелері бұзылды.Рухани дүниемізге елеулі нұқсан келді.Көпшілігі ұмытылды,немесе тыйым салынды.Мұның соңы әдеп

сіздік пен берекесіздікке әкеліп соқты.


2-жүргізуші: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет-адал,білімді,еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру.Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады.Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп,сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп,сол арқылы ізгілікке,адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі.

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық,мейірімділік ана сүтімен,ана тілімен орныға бастайтыны аян.Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез,сүйекпен кетеді»деуі заңды.Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес,ауыл болып көңіл бөлген.Мысалы:улкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын,оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын.Жалпы салт-дәстүр – халқымыздың келбеті,рухани мәдениетінің қазығы десек болады.

Бүгінгі «Қадірлесең салт-дәстүр – қымбатты асыл қазына» атты қазақтың әдет-ғұрып,салт-дәстүріне бағытталған шарамыздың қонақтарымен таныстырып өтейін:

«Әжелер-тәлім-тәрбиенің қайнар көзі»демекші, 4 немере тәрбиелеп,өнегелі ана, әже,ене болып отырған, зейнеткер ұстаз Қайникамал Молдахметқызын,

Сонымен қатар немерелерімен келіндерін де тәрбиелеп отырған Алтын апай мен Гүлбаршын апайды және жергілікті әкімшіліктен 2ұлдың әкесі Құмарбек

ұлын ортаға шақырамыз.


1-жүргізуші: Тәрбиелік шарамызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.
1 слайд Сызба «Қазақ халқының салт –дәстүрлері»

2 слайд «Отау көтеру дәстүрі»
1. «Қыз айттыру»

2. «Шаңырақ көтеру»

3. «Аушадияр»

4. «Қынаменде»


3 слайд «Отбасы,тұрмыс дәстүрі»

1. «Бәйге»

2. «Қонақ кәде»

3. «Жылу»

4. «Бата»
4 слайд «Тәрбие дәстүрі»

1. «Бесікке салу»

2. «Тыйым»

3. «Жеті ата»

4. «Ашамайға мінгізу»

5. «Алтыбақан»

6. «Азан шақыру-ат қою» Баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрдің бірі- азан шақырып ат қою.Енді осы рәсімді тамашалайық.
5 слайд «Еңбек дәстүрі»

1. «Аңшылық»

2. «Асар»

3. «Қол ұшын беру»


6 слайд «Ислам тағылымы»,

1. «Айт»,»Құрбан шалу», «Аластау», «Ақтық байлау», «Жарапазан»

2. «Зекет», «Ораза», «Ауыз ашар», «Намаз», «Пітір-садақа»
7 слайд «Қаза ғұрыптары»

1. «Өсиет», «Иман айтк», «Көңіл айту», «Жоқтау», «Көрісу», «Дұға оқу», «Ас беру»


Осы салт-дәстүрлердің кейбір түрлеріне тоқтала кетейік. ( оқушыларға сөз)
Қонақтарға сөз беру
2- жүргізуші: Жастарды еңбекке тәрбиелеуде салт-дәстүрдің маңызы өте зор. Ұлттық тәрбиедегі еңбек дәстүрлерінің бірі «Асар» мен «Қол ұшын беру»туралы жаңа айтып өтті.Сонымен қатар ұлттық тәрбие «ар-ұят» ұғымдарын жастарды еңбекке тәрбиелеуде өте ұтымды пайдаланған. Бұған мына әңгіме дәлел бола алады:

Баяғыда бір білімді де көргенді адам болыпты.Оның жалғыз ұлы бар екен.Сол бала ержетіп, ат жалын тартып мінуге жарап қалғанда,әкесі оған еңбек етіп,ақша табуды тапсырыпты.Бірақ анасы жалғыз ұлын аяп,әлі бұғанасы қатпаған жас деп,баласының жұмыс істеп табатын ақшасын үйдегі ақшадан алып беріпті.Бала әлгі ақшаны кешқұрым «бүгінгі табысым»деп,әке-

Сіне бергенде,әкесі оны алған бойда ошақтағы отқа лақтырып жіберіпті.Бала оған қыңқ етпепті.Екінші және үшінші күндерде де тап солай болыпты.4-ші күні әкесі ақшаны тағы отқа тастағанда: «Ойбай,көке,ақшаны өзім тауып едім ғой!»-деген екен дейді.

Демек, адал еңбекпен жеткен жетістік шын қуанышты да, тапқан табыс өте қадірлі.Сонымен қатар ло адамды тәрбиелейді,тәртіпке түсіреді.Бұдан шығатын қорытынды: адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып,кемелденеді,ешкімге жалынышты, тәуелді емес,өзінің бақыт мен қуанышы атақ абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты,қарыздар емес жеке тұлғаға қоғамға пайдалы,айналасына сыйлы,қайырымды кісіге айналады.



1-жүргізуші: Қазақта керемет екі құдірет бар:бірқос ішекті,тоғыз пернелі үкілі домбыра,екіншісі-тоғыз-тоғыздан симметриялы орналасқан отаулары,қасиетті құмалақтары бар қос қазаннан тұратын тоғыз құмалақ ойыны.

Шеризат:


2-жүргізуші:Халқымыз түрлі жаман әдеттерден аулақ болу үшін балаларына тәрбиелік мәні бар мақал –мәтел ,ырым-тиым сөздер айтып отырған.

Кезекті мақал –мәтелге берейік: (Шеризат пен Дарын)

-Иә, қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі тәрбиелік мәні зор ,астарлы.Бұған осы көріністен –ақ көз жеткізген боларсыздар

1-жүргізуші: Бата ата-бабаларымыз өмір тәжірибелерін,халықтық әдет-ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерін өнеге етіп ұрпақтарына үйретіп отырған,тілек тілеп,бата беріп жастарды жақсы жолға бастаған.

Ерасыл:


Жалпы қазақта батаның түрлері көп екен,мәселен,ас қайтару,ұзатқан қызға,келін түскенде,ұлыс күнгі бата,әскерге баратын жастарға,тілек батасы.Қазақта «Алтын алма,бата ал»-деген бар ,қонағымыз Құмарбек ағадан бата сұрайық.

2-жүргізуші: Қазақ- дәстүрі бай және қатаң сақтайтын халық.Туған халқының мінез-құлқы,наным-сенімін жете зерделеген ғұлама А.Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. «Халқыңның қандай екенін салтынан сынап біл»-деген жақсы халық даналығы бар.Елге бірлік ,тыныштық тілеп халқымыздың қадірлі болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып,жоралғысын жасауды парыз ұрпақтық борыш деп білуіміз керек.Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады.Ата-баба дәстүрлерін ұлттық мәдениетіміз деп қарап бағалай білейік.

1-жүргізуші:Бүгінгі тәрбиелік шарамызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңе тоқып,саналарыңа сіңіріп алсаңыздар артық болмас. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін,тілінің,салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдіміз.Еліміздің жарқын болашағы сендердің қолдарыңда!
Жүргізген:ШҚО.Тарбағатай ауданы.Тұғыл ауылы.

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп.



Таткенова ГМ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет