Киров негізгі мектебі «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» тақырыбында өткізілген 1-4-сыныптарға арналған Жалпыреспубликалық ашық сабақтың есебі
Киров негізгі мектебінде 29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» тақырыбында 1-4-сыныптар арасында Жалпыреспубликалық ашық сабақ«Ананың аялы алақаны» атымен өтті
Мақсаты:
- болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі ананың рөлін түсіндіру;
- қазақстандық қоғамның мәдени мұрасына құрылған отбасылық құндылықтарға құрмет көрсету және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру.
Сабағымызды әнұран айтумен бастадық .Бастауыш сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың аналар мен еліміздің әйелдеріне көрсеткен қамқорлығы туралы жағдайларға талдау жасадық.Оқушыларға Тұңғыш Президент-Елбасының әйел-аналарға қарым-қатынасынан ананың қамқорлығы мен әйелдер еңбегін бағалаудың маңыздылығын түсіндіріп ,сол кісілермен түскен суреттерін көрсеттік. Сол суреттер бойынша балаларға мына сұрақты талқылауды ұсындық: «Неліктен Тұңғыш Президент - Елбасы жыл сайын еліміздегі аналармен, әйелдермен кездесу ұйымдастырған?» Оқушылар өз пікірлерін ортаға талқылауға салды.Сосын мұғалім Елбасының анасы – Әлжан ана туралы әңгімеледі. Әңгіме сюжетіне Н.А Зеньковичтің «Назарбаевтай болғым келеді!» кітабындағы «Ана» әңгімесін оқып берді . Әңгіме бойынша балалар Әлжан анаға сипаттама берді.
Сосын балалар өз аналары, оларды қалай жақсы көретіні және құрметтейтіні, аналардың өз өміріндегі рөлі туралы әңгімеледі.
Сабақ соңында стикерлерге жүрекше түрінде өз анасының есімі мен оған арнаған тілектерін жазып берді.
«Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын
жалпыреспубликалық ашық сабақтың есебі 5-8 сыныптар
Киров негізгі мектебінде 29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында 5-8-сыныптар арасында Жалпыреспубликалық ашық сабақ «Елбасының дара жолы»атпен өтті
Мақсаты: Елбасының өмір жолын оқушыларға таныстыру арқылы олардың білімге құштарлығын ояту, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дарыту, жетістікке жету жолдарын көрсету, еңбексүйгішттікке баулу.
Сабақ түрі: Топтық жұмыс
Сабақты ҚР әнұранын айтумен бастадық. Сосын мұғалім оқушыларды топқа бөліп, мәтіндерді үйлестірді. Әр топ өзі таңдаған мәтін бойынша жұмыстанады. Мұғалім оқушыларға мәтінмен танысуын сұрап, негізігі ойды немесе бүгінгі тақырыпты анықтауды ұсынды.
Оқушыларға мәтінмен жұмыстану кезінде төмендегі сұрақтар аясында талдау жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Оқушылар топтық жұмыстану кезінде өз ролдерін бөліп алды. Мұғалім оқушылардың пікірі аясында қосымша сұрақтар қойып, ойларын қорытындылап, баға беріп отыруға және оқушылардың өздеріне кері байланыс жасауға мүмкіндік жасап отырды.
Тапсырма:
Берілген мәтінде негізгі ақпарат не деп ойлайсыз? (өзіндік пікірінді
білдір)
Мәтіндегі кейіпкердің басты қасиеттері оның тұлғалық образын ашады
ма? Өзіңіздің бойыңыздағы бар немесе болғанын қалайтын қасиеттерді байқадыңыз ба? (аргументтер жинап, фактілермен дәлелде)
Сіздің ойыңызша жетістікке жету жолы бұл мәтін арқылы көрініс таба
білді ме? Сіз өз мақсатыңызға жету үшін қандай әрекеттер жасап жатырсыз және ол осы мәтінде байқалды ма? ( салыстыру және анализдеу, жағдайға баға беру)
№ 1. Балалық шақтың іздері
№ 2. Болашаққа бастар жол
№ 3. Білім мен біліктілік
№ 4.Кемел тұлға
№ 5. Ұлт көшбасшысы
Мәтінмен жұмыс жасап болғасын оқушыларға бейнебаяндар көрсетілді . Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылады. Сабақтың басындағы мақсатқа қайта оралды. Елбасымыздың өмірбаянынан маңызды мәліметтерді атап өтті. Кері байланыс жасады. Тұңғыш президенттің еліміздің дамуына қосқан үлесін атап өтті. Әр оқушы стикерлерге сабақтан алған пайдалы, керектерін жақтарын жазып берді.
Достарыңызбен бөлісу: |