Амангелді атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылында «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды шығармашылық әрекетке баули отырып, білім деңгейін көтеру, тұлғалық құзіреттілігін дамыту» тақырыбы аясында жұмыс жасап, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыта отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру мақсатына жету жолында білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау, білім бағдарламасын жеке тұлғаның толық игеруіне қажетті білім ортасын дамыту, білім саласына диагностика мен мониторингтің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, кәсіби құзыреттілікті дамыту арқылы әдістемелік жұмысты дамыту, бастауыш сатыда сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасау, білім алушылардың шығармашылық және зерттеушілік құзыреттерін дамыту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы мен оның құндылықтарын нығайту, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастық аясын кеңейту, білім алушы, мұғалім, ата-ана ынтымақтастығын дамыту, критериалды бағалауды оқу үшін және оқыту үшін дайындалған іс-әрекеті кезінде қолдануды дамыту, мұғалімдер мен білім алушылардың сыни ойлау және салыстыра отырып талдау деңгейін дамыту, білім алушылардың үш тілде білім алуына жағдай жасау, ғылыми жобамен айналысу арқылы білім алушылардың танымдық деңгейлерін көтеру, дарынды білім алушылармен жеке жұмыс жасауға қажетті ортаны дамытуды міндет етіп алды.
І. Жалпыға бірдей міндетті білім берумен қамту жұмысының орындалуы
Оқушыларға жалпыға бірдей міндетті білім беру мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 шілдедегі №324 бұйрығын, аудандық білім бөлімінің жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамсыз ету туралы бұйрықтарын жүзеге асыру мақсатында шағын аудандардағы 0-18 жас аралығындағы балалардың есебін алу, өзгерістерді анықтау, олардың оқуға толық қамтылуын тексеру мақсатында жұмыс жоспары жасалынып сол жоспарға сай жұмыс жасалынды. Мөлтекаудандардағы есепке алынған барлық балалар толық оқумен қамтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |