Ақмола облысы Акмолинская бласть Зеренді ауданы Зерендинский район



бет1/15
Дата20.06.2018
өлшемі351,55 Kb.
#43547
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Ақмола облысы Акмолинская бласть

Зеренді ауданы Зерендинский район

«Молодежное орта мектебі» КММ КГУ «Молодежненская средняя школа»


Педагогикалық кеңестің Утвержден решением

шешімімен бекітілді педагогического совета

1 хаттама протокол №1

__ 2014 жыл от __ 2014 года.

Педагогикалық кеңестің төрағасы Председатель педагогического совета


Мектептің

2015-2016 оқу жылына арналған

оқу - тәрбие жұмысының жоспары

Учебно - воспитательный план школы

на 2015-2016 учебный год


2015 ж./г.


Мазмұны

І ТАРАУ

1.Кіріспе.

2. Жылдық жұмыстың талдауы.

ІІ ТАРАУ

ҚР «Білім туралы» Заңның орындалуы.

1. ҚР «Білім туралы» Заңның орындалуы бойынша мектеп жасындағы балаларды орта біліммен толық қамту бөлігінде педагогикалық ұжымның жұмысы.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар.

3. 12 жылдық оқытуға көшу дайындығы бойынша мектептің жұмысы.

ІІІ ТАРАУ

Педагогикалық кадрлармен жұмыс.

1.Педагогикалқы кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс.

2. Жас мамандармен атқаратын жұмыс жоспары.

3. Педагогикалық кадрларды аттестаттау.

4. Педагогикалық кеңес жұмысының жоспары.

5. Әдістемелік кеңестің жұмысы.

6. Директордың жанындағы кеңестердің жоспары.

7. Пән онкүндіктерінің жоспары.

ІV ТАРАУ

Оқу-тәрбие үрдісіне басшылық.

1. ҚР «Тіл туралы» Заңның орындалуы

2. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары.

3. Дарынды оқушылардың дамуы бойынша жұмыс жоспары.

 

V ТАРАУ

Оқу-тәрбие жұмысына бақылау ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысының жоспары.

VІ ТАРАУ

Ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс.

1.Ата-аналар үшін жаппай оқу.

2.Ата-аналар комитетінің жұмыс.

VІІ ТАРАУ

Материалдар-техникалық базаны нығайту және ұйымдастыру-шаралық жұмыс.

ҚОСЫМШАЛАР

1. Тәрбие жұмысының жоспары

2. Әдістемелік бірлестіктер жұмысының жоспары.

3. Кітапхана жұмысының жоспары.

4. Психологиялық қызмет жұмысының жоспары.

5. «Жасұлан» ұйымының жұмыс жоспары.

6. Медбикенің жұмыс жоспары

7. «Айгөлек» шағын орталығының жұмыс жоспары

 

І ТАРАУ

 

1.Кіріспе

 

2. Өткен оқу жылындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысына талдау және жаңа оқу жылының негізгі мақсаттары мен міндеттері.

 

Кіріспе

 

Мектептің әдістемелік жұмысын талдау мақсаты:

оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігіне байланысты әдістемелік қамсыздандыру тұрғыдан мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау.

Мектептің әдістемелік қызмет жұмысының негізгі мақсаттары:

-мұғалімдерге әдістемелік қолдау мен көмек көрсету,

-мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін жағдай жасау және оқыту сапасын арттыру.

Мектептің әдістемелік қызметінің міндеттері.

-мұғалімдердің білім беру, педагогикалық қызметтегі заманауи ғылыми жолдар туралы ақпараттық қамтамасыздығын ұйымдастыру;

-мұғалімнің ғылыми-теориялық, әдістемелік деңгейін арттыру;

-заманауи білім беру технологияларын меңгеру;

-озат педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау және енгізу.

 

2015-2016 оқу жылында әдістемелік жұмыстың басым бағыты «Мұғалімнің кәсіби құзырлығын арттыру арқылы мектеп дамуының тұлғаға бағытталған ұстанымды жүзеге асыру» тақырыбымен белгіленді.

 

Негізгі мақсаты:

Мұғалімнің кәсіби құзырлығын арттыруға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға комфортты жағдайлар жасау; тұлғаға бағдарланған білімді күшейту арқылы дәстүрлі педагогикалық технологияларды жетілдіру.

2015-2016 оқу жылының міндеттері.

1. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың шығармашылық және кәсіби белсенділігі дамуының педагогикалық жағдайларына талдау жасау.

2. Мұғалімдердің әдістемелік құзырлығы мен өз бетімен білім алуының арттыру жүйесін жетілдіру.

3. Әлеуметтік сау тұлға ретінде оқушының тәрбие жүйесін жетілдіруге жағдай жасау.

4. Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын қамтамасыз ету.

5. Пән мұғалімдеріне оқыту жаңа әдістемелерін қолдану және білім сапасының тиімділігін қолдану үшін жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларын енгізу.

6. Оқушылардың даму динамикасын байқайтын, әр оқытудың кезеңінде біліктіліктің деңгейін белгілейтін диагностикалық жүйесін әзірлеу.

7. Қазіргі заман талаптарына сәйкес білім деңгейін қамтамасыз ету.

8. Оқушылардың өз бетімен білім алу және өзін-өзі дамыту дербестігін өркендету.

9. Үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен саралап деңгейлеп оқыту жұмысын жетілдіру.

10. Сынып жетекшілерге өздерінің функционалдық лауазым міндеттерін, айқын орындау, жүйелі түрде ұйтқы болу, ағымдық оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде, мақсат қоюда және жоспарлауда шығармашылықпен істің ыңғайын білу.

11. Оқу-тәрбиелік және ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде ата-аналарды нәтижелі де тиімді тарту бойынша жұмысты жалғастыру.

12. Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын құру.

13. Оқу жылы барысында әдістемелік күндерінің өткізілуін жоспарлау.

14. «Тұрақты даму үшін білім» тәжірибелік жұмыс жоспарының енгізілуін жалғастыру.

 

2014-2015 оқу жылындағы Молодежный орта мектебі жұмысының талдауы.

 

2014-2015 оқу жылында мектеп «Мұғалімнің кәсібилік құзырлығын арттыру арқылы мектеп дамуының тұлғаға бағытталған ұстанымды жүзеге асыру»  тақырыбы бойынша жұмыс атқару.

Мұғалімдер келесі міндеттерді шешуге қатысты:

-Қол жетерлік білімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

-Білім сапасын арттыру.

-Өздігінен білім алу мен өздігінен дамуға қабілеті бар, адамгершілігі мол, үйлесімді және дені сау жеке тұлғаны дамыту.

Мектептің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

Жалпыға міндетті білім беру стандартының міндетті мөлшерін игеру негізінде білім алушылардың жалпы мәдениет тұлғасын қалыптастыру.

Олардың қоғамдағы өмірге бейімделуі.

Саналы түрде таңдау мен кейінгі кәсіби білім бағдарламаларды игеру үшін негіз құру.

Азаматтық пен елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, адамның құқықтары мен бостандығын құрметтеуге, қоршаған табиғатқа, Отанына, отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы келесі нормативтің-ақпараттық құжаттармен реттеледі:

-ҚР «Білім туралы» Заңы.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

-ҚР «Тіл туралы» Заңы.

-«2014-2015 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаты.

-Мектеп жарғысы.

-Жұмыстың жеке тараптарын реттейтін актілер, ережелер (ҰБТ, МАБ, ішкі еңбек тәртіп ережелері).

-Жылдық жұмыс жоспары.

-Штаттық кесте.

Әр мұғалім ӘБ бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

Мектепке бекітілген біздің ауылда бір жастан-17 жасқа дейін 207 бала тұрады.

Мектепке дейінгі 1-6 жастағы балалар саны-80,

6-7 жасқа дейін –19.  

Мектеп құжаттамасының талдауы бойынша ұйымдастырушылық-басшылық құжатнама бар, педагогикалық кеңестің, директор жанындағы кеңестің хаттамаларында жазылып отырылады.

Педагогикалық кеңестің тақырыбы мектеп жұмысының жоспарына сәйкес, талқылауға шығарылған мәселелер әр түрлі және маңызды.

Номенклатуралық құжаттар қанағаттанарлық жағдайда.

Куәліктер мен аттестаттарды тіркеу кітаптары.Оқу жылының нәтижелері бойынша қатаң есептегі бланктарды тіркеу кітаптары жаңартылды және сынып журналдарында бағалардың сәйкессіздігі болған жоқ. Мақтау қағаздарын тіркеу кітабы қанағаттанарлық жағдайда.

Оқушылардың жеке іс қағаздары. Оқу жылы барысында жеке іс қағаздары бірнеше рет тексерілді. Сынып жетекшілер кейде сынып журналына жеке бас істердің нөмірін алфавиттік кітаптағы нөмірлерімен сәйкес жазбаған, оқушылардың кету немесе келу туралы мәлімет уақытында белгіленеді. Кейбір оқушылардың іс қағаздарында аты-жөнінің сәйкессіздігі болды, бұл туралы кемшіліктер тексеру нәтижелері бойынша анықтамаларда көрсетілген.

Сынып журналдары.

-Көптеген мұғалімдер қатаң есептегі құжаттардың толтыруларына ұқыпты қарайды.

-Білім мазмұнының минимумы сақталған.

-Жазбаша, практикалық жұмыстар күнтізбелік-тақырыпта жоспарға сәйкес орындалған.

Бағалар қоры жеткілікті.

Бірақ оқу жылы ішінде тоқсандық және қорытынды бағалардың нақтылығы жөнінде ескертулер жасалды, кейбір мұғалідер журналды уақытында толтырмаған, үй тапсырмаларын жазбаған, түзетулер, қатені өшірулер болған.

Әкімшілік, педагогикалық ұжым биылғы оқу жылында мектептің қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуіне жағдай туғызып, техника қауіпсіздігін қадағалады.

.

2014-2015 оқу жылына арналған кабинеттерде ТҚ бойынша нұсқаулар әзірленген, нұсқаулар уақытында жүргізіліп, оқушылардың қолы қойылған. Санитарлық талаптар сақталған.

Мектепте азаматтық қорғаныс бойынша қажетті нормативтік және ұйымдастырушылық құжатнама бар. Аудандық штаб өкілдері АҚ бойынша құжаттамалардың жүргізілу сапасын жақсы деп бағалайды.

Мектеп басшылығы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыздандыруына үнемі көңіл бөледі. Оқу жылы ішінде медбике тағамдардың сапалығын тексеріп отырады. Бастауыш мектеп оқушыларының тегін тамақтандыру жұмысы жақсы жолға қойылған.

Тұрмысы төмен отбасыларындағы балалардың әлеуметтік кепілділігін мектеп қамтамасыз етеді. 2014-2015 оқу жылында есепте 13 бала тұр.

Материалдық жәрдем көрсету мақсатында бұл оқушыларға жалпы оқу қорынан ақша бөлінген.

Бұл қаражат: оқу-құралдарын, киім-кешек, аяқ киімдерді алуға жұмсалды;

Оқыту мен тәрбие үрдісінде оқушыларды психологиялық тұрғысынан қамтамасыздандыру психологиялық қызмет жұмысының мақсаты болып табылады:

Міндеттері:

1. Балалардың психологиялық әлеуетінің жүйелі диагностикасы.

2. Балалардың жаңа әлеуметтік жағдаятына бейімделуінің деңгейі мен ерекшеліктерін зерделеу.

3. Мұғалім, оқушы мен ата-аналарда туындайтын мәселелерді тиімді шешу мақсатында психологиялық ағартыушылық қызметі мен профилактикасы.

4. Педагогикалық ұжымда психологиялық  ахулды жасауда әкімшілікке көмек көрсету.

Психологиялық қызметінің жұмысы 4 бағытта дамуда: диагностика, түзету, ағартушылық-профилактикалық іс-әрекет және консультация беру.

Оқуға деген ынтаның деңгейін, зияткерлік қабілеттерін, мектепке көңіл бөлуін, мазасыздығын, танымдық үрдісін, өзін-өзі бағалауын, социометрия мен кәсіби бағдарын анықтау мақсатында 1,4,5,9 және11 сыныптарында диагностикалық жұмыс жоспар бойынша жүргізіледі. 7,8 сыныптарда жас өспірімдердің суицидік бағыттылығы.

ҰБТ-ге психологиялық дайындық бойынша 11 сыныпта профилактикалық жұмыс, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер арасында ЖИТС, суицид және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Оқу жылы барысында ата-аналар жиналыстарында мына тақырыптар бойынша мәселелер көтерілді: «Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығы», «Бірінші сынып оқушыларының қарама-қайшы рөлдері», «Отбасы жағдайындағы баланың психологиялық денсаулығы», «Балаға стресс қалай болғанын білуге болады?», «Оқу іс-әрекетінің табыстылығына ынтаның ықпалы».

«Білім тұрақты даму үшін» инновациялық жобаның психологиялық қамтамасыздығы бойынша жоспардан тыс жұмыс болды, жұмыстың қорытындысы ретінде «Қоғамның тұрақты дамуы үшін мектеп моделін жетілдіру» қалалық семинарда «Эксперименттің психологиялық қамтамасыздығы: мониторингтің нәтижелері» тақырыбында баяндама жасалды.

Сынып жетекшілер мен оқушылар үшін консультациялар. Отбасылық және жеке консультациялар ата-аналар үшін.

Атқарылған жылдық жұмысты талдай келе негізінде психологиялық қызмет алдына қойған міндеттерін жүзеге асырды. Жұмыстың әлсіз жақтарын да айта кету керке: ол педагогикалық ұжымның психологиялық қызметтпен өзара әрекетінің нашарлығы және коррекциялық бағдарламалар базасының жеткіліксіз дамығаны.

2014-2015 оқу жылында психологтар жұмысын жетілдіру үшін келесі жұмыс жоспарланды:

-бірлескен нәтижелі жұмыс үшін оқушылардың ата-аналарымен жұмысты белсендіру, осы мақсатпен қазан айында 1-5 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ата-аналар сүйетін мектеп» жұмысының басталауы жоспарланды;

-әдістемелік қызметтің жабдықтауын жақсарту, әдістемелік инструментарийді көбейту;

-кәсіби біліктілікті дамыту үшін өздігінен білім алуды жалғастыру.

2014-2015 оқу жылында ата-аналардың өтініштері негізінде және оқушылардың дербестік машықтарын қалыптастыру, тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсаты мен отбасыға жан-жақты көмек көрсету үшін мектепте 6 ұзартылған күн тобы ұйымдастырылған. Топтар 1-4 сыныпта оқитын 30 оқушыларынан жасақталды. Ұзартылған күн топтары екі ауысымда жұмыс істеді: 2 топ І ауысымда, 1 топ ІІ ауысымда.

ҰКТ ұйымдастыруында отбасы құрамы, ата-аналардың жағдайы, отбасының материалдық қамтамасыздығы есепке алынды.

Бірақ ҰКТ-да балалардың қатысуы 10 адамнан аспады (тексеру актілері бойынша), оқушылардың келуі мен кетуі туралы бұйрықтар уақытында шығарылмады, ҰКТ тәрбиешілері күн тәртібі мен іс-шаралардың өткізу жоспарын кейде сақтамайды, кейбір тәрбиешілер І ауысымда жұмысқа кеш келгендері, ал ІІ ауысымдағы тәрбиешілер балаларды уақытынан ерте үйге жібергендіктері байқалды.

Мектепте оқыту қазақ тілінде және оқыту орыс тіліндегі 2 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Кабинеттері безендірілген және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздырылған.

Мектептің оқу үрдісі оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспарлармен, сабақ кестесімен реттеледі.

Сабақ екі ауысымда жүргізіледі, сабақтардың ұзақтығы 45 минут.

Оқу жүктеменің максималды көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен санитарлық нормаға сәйкес. Мектептің оқу жоспары базалық, мектеп және оқушы компоненттерінен құрылған. Оқу жоспарының мазмұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ОблБД, ҚалББ бұйрықтарымен сәйкес.

Мектептің бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздығы оқу жоспарын толық көлемде жүзеге асырруға мүмкіндік береді.

Мектебіміз педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Педагогикалық ұжым 33 адамнан құрылған. Олардың 29-ы жоғары білімді, 4 адамның білімі орта арнаулы.

Мұғалімдер МББ ҚБА және ҚДИ жоспарына сәйкес уақытында қайта даярлау курстарынан өтіп тұрады.

2014-2015 оқу жылында 11 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан, ал 5 мұғалім – проблемалық курстарынан өтті.

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау нәтижелері бойынша: 1 жоғары санатты, 13-бірінші санатты (биыл 1 мұғалім санатын растады), 9 мұғалім – екінші санатты (биыл 1 мұғалім санатын растады), 10 мұғалімде – санаты жоқ .

Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмыс білім беру үрдісінің деңгейі, мұғалімдердің сұраныстары мен қажеттілігі, сондай-ақ білім алушылардың ерекшеліктері есепке алыну арқылы ұйымдастырылды.

Әдістемелік жұмыстың құрылымы мұғалімдердің мүдделеріне сәйкес.

Мектепте 4 әдістемелік бірлестік «Оқу пәнінің оқытылу әдістемелік аймағында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің, олардың білімдарлығының және құзырлығының деңгейін үздіксіз жетілдіру» тақырыбы бойынша жұмыс істейді.

 ӘБ жетекшілері мектептің әдістемелік кеңесінің құрамында, олар жұмыстың негізгі бағыттарын үйлестіреді.

Әдістемелік жұмыстың ұйымдастыруында пәндердің оқытылу сапасының және оқушымен бағдарламалық материалдары игеру деңгейінің мониторингісі жүзеге асырылады.

2014-2015 оқу жылындағы білім беру үрдісінің нәтижелілігі. 

Пән

Оқыту қазақ тілінде

Оқыту орыс тілінде

Қазақ тілі

77 %

71 %

Орыс тілі

64 %

79 %

Ағылшын тілі

61 %

67 %

Математика

87 %

88 %

Физика

65 %

71 %

Химия

81 %

73 %

География   

82 %

91 %

Биология

80 %

75 %

Тарих

76 %

79 %

Информатика

80 %

87 %

Сызу

97 %

91 %

Дене шынықтыру

96 %

98 %

Технология

100 %

100 %



 

   Курстар жүйесі арқылы біліктілікті арттыру мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіру ӘБ пен мектеп әкімшілігі жұмысының маңызды бағыты болып табылады.

Оқу жылдары

2012-2013

2013-2014

2014-2015

Біліктілігін арттыру курстардан өткен мұғалімдердің саны

10

6

11

Проблемалық курстардан өткен мұғалімдердің саны

6

9

5

 Биылғы оқу жылында біліктілігін арттыру курстарында қазақ тілі және ағылшын тілінің мұғалімдері, математика, физика, бастауыш сынып мұғалімдері курстардан өтті. Математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану пәндерінен проблемалық курстар өтілді.

Оқу жылы барысында мектеп мұғалімдері пәндер бойынша тұрақты өткізілетін аудандық, облыстық семинарларға қатысып, сондай-ақ біздің мектепте келесі семинарлар өткізілді:

1. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарларына семинар өткізілді.

Аталған семинарлар қатысушылардың оң бағасын алды. 1-2 семинар шеңберінде ашық сабақтар берілді.

Оқу жылы ішінде пән онкүндіктері өткізілді, онда пән бойынша мұғалімдер ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар көрсетті.

Оқыту қазақ және орыс тіліндегі бастауыш сынып онкүндігі, математика онкүндігі, ағылшын тілінің, жаратылыстану-ғылыми циклдің, тарих, орыс тілі мен әдебиеті, политехникалық циклдің, дене шынықтыру онкүндіктері қызықты да мазмұнды өтті.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және интерактивті тақтаны қолдану арқылы ашық сабақтардың саны артты.

Дарынды балалармен жұмыс оқу жылының басында бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.

ӘБ жұмысының арқасында мектеп пәндік олимпиадасын өткізу үшін материал дайындалды, олардың қорытындысы былтырғы жылмен салыстырмалы түрде талданды. Мектепішілік және қалалық олимпиадалардың нәтижелері бойынша мұғалімдер мынадай қорытындыға келді: дарынды балалармен пәндер бойынша жұмысты күшейту қажет.

ӘБ отырыстарында білім алушылардың PISA аттестаттауының қорытындысы талданды, шаралар жүйесі әзірленді.

Өткен жылмен салыстырғанда республикалық қашықтық олимпиада жүлдегерлері көп.

Мектеп оқушылары олимпиадалар мен сайыстарға қатыстып 1,2,3-і орындарға ие болды.


п/п

Предмет

Язык обучения

Ф.И. учащихся

класс

Достижения кустовой олимпиады

Достижения

Районной олимпиады

1

Тарих

Казахский

Акпаров Данияр

9 «А»


I-место




2

Химия

Казахский

Бекболат Балдаурен

9 «А»


Грамота за участие




3


Қазақ тілі

Казахский

Молдабек Әсем

10 «А»


I-место

II-место

5


Химия

Казахский

Айтуған Шынарбек

10 «А»


Грамота за участие

III-место

6

Математика

Казахский

Акимова Айжан

10 «А»


Грамота за участие




7

География

Казахский

Әмірбек Ақерке


8 «А»

I-место




8

Қазақ тілі

Казахский

Айтуғанқызы Әйгерім

8 «А»

II-место




9


Казахский язык

Русский


Попович Инна

9 «Б»


II-место




10


Биология


Русский


Кошкина Анна

10 «Б»


I-место




11


Биология


Русский


Сунгатуллин Ильгиз

11 «Б»


I-место




12


Математика

Русский


Дычкив Владислав

9 «Б»


II-место




13

Русский язык


Русский

Байматова Елизавета

9 «Б»

II-место




14

Казахский язык


Русский

Мустафина Айым

8 «Б»

II-место




Каталог: 0CE481BCB0098E60
0CE481BCB0098E60 -> Мұғалім: Жиналысымызды бастамас бұрын ата аналар 2 түсті жүрекшелерден бір бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата аналар бірігіп бір топ боласыздар. «Есімдер аллитерациясы»
0CE481BCB0098E60 -> Аты-жөні Жапар Айгерім Еркешқызы
0CE481BCB0098E60 -> Тақырыбы: “Аққу, шортан һәм шаян ”
0CE481BCB0098E60 -> Міндетіміз: Жас ұстаздарға тәрбиелік көмек беру
0CE481BCB0098E60 -> Молодежный орта мектебі Ашық тәрбие сағаты «Ас атасы-нан»
0CE481BCB0098E60 -> Сергіту сәті 21 ғасырға 21 тілек
0CE481BCB0098E60 -> Молодежный орта мектебінің 2016-2017 оқу жылының І жартыжылдықтағы әдістемелік жұмысының қорытындысы Мектебіміздің әдістемелік жұмысы
0CE481BCB0098E60 -> Тақырыбы: «Периодтық жүйенің шығу тарихы»
0CE481BCB0098E60 -> Зеренді абб «Бекітемін» «Келісілді» басшысы мектеп директоры шағын орталық әдіскері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет