Ақмола облысы Акмолинская бласть Зеренді ауданы Зерендинский район


Гуманитарлық ӘБ пән мұғалімдері жүргізген іс-шараларының есебі 2014-2015 оқу жылы



бет4/15
Дата20.06.2018
өлшемі351,55 Kb.
#43547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Гуманитарлық ӘБ пән мұғалімдері жүргізген іс-шараларының есебі 2014-2015 оқу жылы.

ӘБ-тің құрамында жеті мұғалім бар. Олар: Ахсанова С.А. мектеп психологі және өзін-өзі тану мұғалімі, еңбек өтілі 35 жыл, 1 санатты, жоғары білімді ұстаз. Горьковская Л.Л. орыс тілі мен әдебиет мұғалімі, еңбек өтілі 8жыл, 2-ші санатты, білімі жоғары. Жапарова К.К. тарих пәні мұғалімі, еңбек өтілі 31жыл, 1 санатты, білімі жоғары. Кайсенова К.Ж. қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, еңбек өтілі 29 жыл, 1 санатты, білімі жоғары. Сакипова А.Б. қазақ тілі мұғалімі, білімі жоғары, 1 санатты, еңбек өтілі 28жыл. Биылғы оқу жылында екі мұғалім қосылды: Балтабаева А.М. орыс тілі пәні мұғалімі, білімі жоғары, 2-ші санатты. Жапар Айгерім (ағылшын пәні) еңбек өтілі 1 жыл, колледж аяқтап, сырттай жоғары оқу орнында білімін жетілдіруде.

Жаңа оқу жылында құрылған жоспар бойынша және әр мұғалім алдына қойылған мақсаты бойынша жұмыс жүргізді. Бағдарламаны орындау мақсатында әр мұғалім әдіс- тәжірибелер, көрнекілер, интер тақта қолданды. Әдіс- тәжірибелер, көрнекілер, интер тақта қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін көтердік.

Осының нәтижесінде: оқушылар Абай оқуларына, аймақтық, аудандық, қашықтық олимпиадаларға қатысты. 10 «а» оқушысы Молдабек Әсем І- орын қазақ тілі пәнінен, 8 «а» сынып оқушысы Айтуған Айгерім ІІ- орын. Пән мұғалімі - Кайсенова Клара Жанашовна. 9 «б» сынып оқушысы Попович Инна ІІ-орын, Мустафина Айым 8 «б» с. ІІ-орын қазақ тілінен, дайындаған мұғалімі –Сакипова Айман Белгибаевна. Орыс тілінен 9 «б» сынып оқушысы Байматова Елизавета ІІ –орын, дайындаған пән мұғалімі Горьковская Любовь Лэмовна. Тарих пәнінен 9 «а» сынып оқушысы Акпаров Данияр І- орын, дайындаған тарих пәні мұғалімі Жапарова Кадира Кинаятовна.

Молдабек Әсем аудандық олимпиададан ІІ-орынға ие болды. Кошкина Анна Республикалық сайысқа «История моего края» атты тәжірибелі жұмысымен қатысты. Дайындаған мұғалім Ахсанова С.А. 10 «а» сынып оқушысы Молдабек Әсем аудандық Абай оқуларына қатысты. Алты оқушы «Русский медвежонок» сайысына қатысты, дайындаған мұғалімі- Горьковская Л.Л. Он лайын тестіне қатысып, жақсы білім деңгейлерін көрсетті

Мұғалімдер мен оқушылар «Қазақстан интернет» олимпиадасына қатысты. Осы әдіс-тәсілдерді келесі жылы да жалғастыруға ұсыныс түсті. Ұстаздар өз пәндері бойынша білімдерін жетілдіріп, шеберліктерін шыңдауда: Ахсанова С.А. курс «Центр семейного воспитания» №005722. 2015жыл.

Горьковская Л.Л. 2014г. 3-х уровн. курс «Өрлеу».

Жапар А. Е. «Содержание метод.препод. англ.яз. с 1-го класса в услов.обнов.содер.обр-ния» «Өрлеу» 28.03.2015г. №0015726.

Жапарова К.К. курсы повышение квалификации 2012г. Кайсенова К.Ж. курсы повышение квалификации 2012г. Сакипова А.Б. 2013г.курс «Критич.мышление».

Өткізілген ашық сабақтар: Кайсенова Клара Жанашовна 8 «а» сыныбында «Сөйлеу мәдениеті» атты қызықты, мазмұнды сабағын көрсете білді.

Сакипова Айман Белгибаевна 9 «б» орыс сыныбында «Орта Азияны зерттеген ғалымдар» тақырыбында пәнаралық байланыс жасап, оқушыларды ашық сабағымен қызықтыра білді.

Тарих пәнінің мұғалімі Жапарова Кадира Кинаятовна 5«б» орыс сыныбында «Борьба за независимость» атты ашық сабағында оқушылардың қызығушылығын тудырып, батырлардың ерлігін дәріптеп, патриоттық сезім тудыра білді. Мұғалімдер бір- бірінің ашық сабақтарына қатысып, өзара пікір алмасып, талдау жасадық.

Педагогикалық кеңестерге қатысқан мұғалімдер: Жапар А.Е. ағылшын тілі сабақтарында «Тренингтер қолдану» атты баяндама жасады; Сақыпова А.Б. « Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдылық белсендігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбына өз жұмысынан презентация көрсетті. Ахсанова С.А. «ЗОЖ- залог физического и психического здоровья ребенка» атты тақырыбына жасады.

Горьковская Л.Л. «Эффективное использование методик Кембриджского университета в процессе обучения» баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Жапарова К.К. Өз жұмысы бойынша өткізген «Құқық және тарих апталығы» атты презентация көрсетті.

Ата- аналар жиналысында оқылған баяндамалар: Ахсанова С.А. «Агрессия причины и профилактика» атты баяндама. Жапарова К.К. баяндама «Права и обязанности учащихся».

Басылымдар: Ахсанова С.А. журнал «Социальный педагог и психология» статья «Причины детских краж» (№6,14г.) Журнал «Нач. Военная подготовка» кл.час «Памяти дважды героя Сов. Союза Т.Бигельдинова». (№6, 14г. Газета «Зерен» статья «Благодаря единству помыслов» (№31 от 1.05.15г.)

Сакипова А.Б. газет «Зерделі Зеренді» ст. «Ұлы Жеңіске тағзым». (№8.от 8.05.15г.)

Негізінен алдымызға қойған мақсатымызға қол жеткіздік. Келешекте басылымдарға өзіміздің өткізген іс- шараларымыз туралы мәліметтерді көбірек жазуға тырысамыз.

2015-2016 оқу жылына арналған негізгі жоспарымыз:

1.2011—2020 бағдарламаны қолданып , іске асыру.

2. Аудандық және Аккөл орта мектебімен тығыз байланыс жасау.

3.Сапалы оқу үрдісін қалыптастыру үшін басқа ӘБ мұғалімдерімен қарым –қатынас орнату. 4. Үшінші, екінші, бірінші уровень курстарын бітірген мұғалімдер шеберлікті дамыту мақсатында Коучингтер өткізу. 5. Әр ӘБ мұғалімдері интернет техн. қолдану арқылы өз сайттарын ашып, озат мұғалімдердің әдіс- тәсілдерімен танысу және алмасу.

6. Оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру үшін іс-тәжірибелерімен алмасу.

7. Дарынды оқушылармен жұмысты жалғастырып, аудандық, аймақтық, қашықтық олимпиадаларға, сайыстарға дайындап қатыстырту.
Молодежный орта мектебі

2014-2015 оқу жылында мектеп

медбикесінің атқарған

жұмыстарының қорытынды есебі
2014-2015оқу жылында атқарылғын жұмыстар:

Дәрігерлік емдеу бөліміне арналған 1 кабинетті медициналық құрал- жабдықтармен толыққанды қамтылуын , мектептің жаңа оқу жылына дайындығын және мұғалімдер мен жұмысшылардың дәрігерлік тексеруден өтуін қадағаладым

Мектептегі 119 оқушыны және мектепке дейінгі 17 оқушыны шағын орталықтағы 40 сәбилерді алдын-ала медициналық тексеруден толығымен өткізіп, оның ішінде денсаулықтары бойынша ауру нышандары белгілі болған оқушылар дәрігерлік қараудан өтіп, емдерін алды;

Туберкулез ауруына қарсы алдын-ала бақылау жүйесіндегі егу шараларын (МАНТУ) толық жасады, соның ішінде ауру нышаны байқалған балалар дәрігерлік қараудан өтіп 90 тәуліктің дәрісін қабылдап, есептен шықты;

Денешынықтыру пәнінен босатылған оқушылардың денсаулығына байланысты анықтама қағаздарын жүйелеп, бірізділікке келтірдім;

Педагогикалық мамандармен кіші қызметкерлер медициналық тексеруден өткізіліп, олардың кітапшалары толықтай медициналық талаптарға сай жүргізілді;

Оқушыларға лекция, семинар, әңгіме, аурудың түрлеріне байланысты диктант сабақтары жүргізіліп тұрады;

Айсайын жұқпалы ауруларға қарсы газеттер шығарылады әртүрлі спорттық шаралар өткізіледі.

Асханадағы тағам мәзірінің медициналық талаптарға сай қадағалануы, ондағы қызметкерлердің де құжаттары жүйеленген;

Мектеп жанындағы шағын бала-бақшадағы балалардың денсаулығымен тазалығы күнделікті тексеріліп,ата-аналарымен әртүрлі жұқпалы аурулар туралы әңгімелер өткізілді.

Ай сайын жұқпалы ауруларға қарсы әртүрлі тақырыпта әңгімелер, диктанттар,сұрақ –жауаптар және сурет көрмелері өткізілді .Оқушылар ай сайынғы алдын алу екпелерін уақытында алып,арнаулы жұрналдарына жазып отырдым.

Мұғалімдер мен оқушылар арасында денсаулық күніне байланысты «Шынықсаң шымыр боласың» деген тақырыпта әртүрлі сайыстар өткізіліп,күнделікті музыкамен таңертеңгілік жаттығулардың өткізілуін қадағаладым.

Аудандық дәрігерлік тексеріске 97-98-99-2000 жылғы қыздарды апарып дәрігерлік қортындыларына акт-жаздым.Емделуге жолдамалар берілді.Жоспар бойынша өкпені айнаға мұғалімдер ,жұмысшылар және оқушылардың түсуін ұйымдастырдым.Жазғы сауықтыру ортаығында дем алатын оқушыларды дәрігерлік тексерістен өткізіп күнделікті ас мәзірін жасадым.Мектепте өткізілген мемлекеттік емтиханда оқушылардың денсаулығын қадағалап ,3.06.15 күнгі өткізілген ҰБТ ға оқушылармен бардым. Оқу жылының аяғына дейін әр түрлі ауралармен ауырған оқушылардың аураханада және ауруханадан тыс емделіп «Д» тізімнен шыққан туралы ай сайын дәрігерлік бөлімшеге есеп беріп отырдым

Математика -жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің

2014-2015 оқу жылындағы жылдық есебі
ӘБ мақсаты:

Жаңа технологияларды игере отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, білімдерін тереңдету, бәсекеге қабілетті оқушыларды тәрбиелеу.

Математика- жаратылыстану пәндерін оқыту үрдісінің негізгі міндеті -арнайы педагогикалық әдістермен жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Математика –жаратылыстану әдістелелік бірлестігінде математика, физика, иформатика, биология, химия, география пәндерінен беретін он мұғалім жұмыс істейді.

Әдістемелік бірлестікте 2014-2015 оқу жылына арналған оқу жоспары қаралып, күнтізбелік жоспар құрылды. ӘБ мүшелерінің сапалық құрамы анықталып, биылғы жылға жас мұғалімдер Балгушукова Ж.О. 5-8 қазақ сынып математика пән мұғалімі, Безлуцкий Д.В. 5-11 орыс сыныбында география, информатикадан және Дидковская В.В 5-8 орыс сыныбына математикадан сабақ беруде.



Жылдық жоспар бойынша төрт отырысқа бөлінген. Әрбір отырыстарда қаралған мәселелер.

  1. Нормативтік құжаттармен танысу, тақырыптық – күнтізбелік және әдістеме бірлестік жоспарларымен танысып бекіту. Отырыстарда оқылатын баяндама тақырыптарымен танысу және әр тоқсандық жұмыс қорытындысын тапсырып отыру қарастырылды.

  2. Мектепішілік, қашықтық , аймақтық олимпиадалар, ашық сабақтар, сабаққа қатысу, бақылау жұмыстары және оқушылардың ОЖСБ және БҰТ -ге даярлау жұмыстарын қадағалау, жарты жылдық қорытынды есептері туралы әңгіме дебат өткізу.

  3. Апталықтарды талқылау, мұғалімдердің өзіндік білім деңгейін жетілдіру жас мамандарға көмек көрсету, бақылау жұмыстары және өз пәндері бойынша мониторингі жасау , семинарларға қатысу, курстарға бару туралы өзара пікір алмасу жұмыстары.

  4. Мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға қатысу, жылдық бақылау, емтихан жұмыстарына дайындық жүргізу, кабинеттерін жөндеу және келер жылғы әдістеме жұмысының құрылуы туралы пікірлерін тыңдау және қорытынды жасау туралы қарастырылды.

Осы отырыстағы мәселелерді әр мұғалім өз деңгейлерінде орындай білді.

Барлық жұмыстар талқыланып мұғалімдердің жыл бойы жүргізген жұмыстарының жетістіктеріне қорытынды жасалынды.

ӘБ-нің бір мұғалімі  Инкарова Б.А үш айлық курстың ІІІ деңгейін оқып бітіріп, жаңа оқу жылында технологияларды қолданып жүр.

Биылғы оқу жылында біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімдер:

Балгушукова А.К "Заманауи мектеп директорларының басқарушылық қызметінің негіздері" 2015ж.

Тетейхан А және Инкарова Б.А Функционолдық сауаттылық PISA-2015

Бірлестік мұғалімдерінің дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары жүргізлуде, соның нәтижесінде «Ақбота» конкурсына және мектепішілік, аймақтық, аудандық және қашықтық олимпиадаға оқушылар қатыстырылды. Соның ішінде: математика пәнінен (5-8) сыныптар арасынан қашықтық олимпиадаға 19 оқушы. Физика пәнінен КИО –ға 1- кезеңге 2 оқушы, 2- кезеңге 2 оқушы. Биология пәнінен КИО 4 оқушы. Химия пәнінен 3 оқушы және география пәнінен 2 оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиада нәтижесінде аймақтық олимпиадаға 13 оқушы қатыстырылып,

4 оқушы аудандық олимпиадаға қатысты. Олар Айтуған Шынарбек

10 сынып –химиядан 3-орын, Сунгатуллин Ильгиз 11 сынып –биология, Кошкина Анна 10 сынып - биология.

ӘБ бірлестігінің мұғалімдерінің ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуімен Шакимжанова Д.А. оқушыларының жұмыстары аймақтықтан өтіп аудандық байқауға жіберілді.

Математика –жаратылыстану бірлестігінің пәндері бойынша 9,10,11 –сынып оқушыларына  ОЖСБ және ҰБТ –ға дайындық кестесі құрылып, қосымша сабақтар өткізілуде. Оқушыларға ҰБТ-ға дайындалуына көмек ретінде информатика кабинетінде компьютерге «5+», «ҰБТ –ға дайындық» тест орнатылған.


Осылайша оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамытуда олардың білімдерін игеру арқылы мүнкіндігін шыңдап табиғи қабілеттерімен дарындылық қасиеттері ашылған, өздігімен ізденіп, іс-әрекет жасайтын жеке тұлғаны қалыптастыруымызға болады.

II ТАРАУ

 

ҚР «Білім туралы»  Заңның орындалуы

 

ҚР «Білім  туралы» Заңның орындалуы

 бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс жоспары.

 


р/с


Іс-шаралар

Өткізілетін

Уақыты

Жауаптылар

Мемлекеттік басқару және іс жүргізу саласында мемлекеттік тілді қолдану

Ұйымдастыру шаралары




Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу

қаңтар,

ақпан

меңгеруші,

қазақ тілі мұғалімі




Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі жөнінде мәжіліс өткізу.

қаңтар,

ақпан

әдіскер,

қазақ тілі мұғалімі




Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру.

Ақпан

меңгеруші,

әдіскер, 

қазақ тілі мұғалімі




Мемлекеттік тілді дамытуға жауапты қызметкер тағайындау.

Ақпан

меңгеруші




Тіл туралы заңнама жөнінде ақпараттық күн өткізу.

ақпан,

мамыр

меңгеруші




Тіл саясатына байланысты стенд дайындау, ілу.

Наурыз

әдіскер,

қазақ тілі мұғалімі,

тәрбиешілер




Мекемеге тіл туралы қанатты сөздер ілу.

Наурыз

әдіскер,

қазақ тілі мұғалімі,

тәрбиешілер




Іс номенклатурасы бойынша папкалардың мұқабаларын мемлекеттік тілде жазу, ішкі тілде әзірлеу, сауатты жазылуын қадағалау.

тұрақты

меңгеруші,

хатшы




Мемлекеттік тілдің негізгі іс жүргізу тілі ретінде қолдануын қамтамасыз ету:

- кіріс, шығыс, телефон хаттардың,

- заңды күші бар құжаттардың (бұйрық, шешім, қаулы, анықтама, лицензия, түбіртектер),

- хаттамалық тапсырмалардың,

- жиналысқа шақырылатындар тізімінің,

- тіркеу парақтары мен тарату парақтарының,

- тіркеу журналдарының мемлекеттік тілде болуын қадағалап отыру

 

 

тұрақты

 

 

меңгеруші,

хатшы




Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген қызметкерлердің тізімін әзірлеу, Тілдерді дамыту басқармасына тапсыру.

ақпан

қыркүйек

меңгеруші, әдіскер,

хатшы




Қызметкерлерді мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша топтап, тізімін жасау.

тұрақты

меңгеруші,әдіскер,

хатшы




Мемлекеттік тілде құжат әзірлей алатын қызметкерлердің тізімін жасау

қыркүйек

меңгеруші,

хатшы




Қызметкерлердің мемлекеттік тілде құжат дайындау сапасын қадағалау.

тұрақты

меңгеруші, әдіскер,

қазақ тілі мұғалімі




Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері балаларының тізімін жасау.Тілдерді дамыту басқармасына тапсыру.

тоқсан сайын

меңгеруші, әдіскер,

тәрбиешілер




Мемлекеттік тілді оқыту курсының жұмыстарын ұйымдастыру:

- тыңдаушылардың тізімін бекіту;

- сабақ кестесін ыңғайлы уақытқа қойып, бекіту;

- сабақ уақытында жұмыстан босату;

- қызметкерлердің толық қатысуын қадағалап отыру.

ақпан

тұрақты

меңгеруші,

әдіскер




Мемлекеттік тілді оқыту үшін арнайы кабинет қарастыру:

- мультимедиалық құрал-жабдықтар орнату;

- сөздіктер, анықтамалықтар алу;

- оқу-әдістемелік құралдар алу;

- сала бойынша сөздік қор дайындау;

- сапасы мен нәтижесін бақылау.

 

 

жыл бойы

меңгеруші, әдіскер,

аудармашы, қазақ

тілі мұғалімі.




Мекемедегі алқалық отырыстарды, лездемелер мен мәжілістерді аралас тілде өткізу:

- материалдарын (баяндамалар, слайдтар, кестелер);

- хаттамасын аралас тілде дайындау.

 

жыл бойы

 

меңгеруші,

әдіскер, педагогтар




Тілдерді дамыту мен қолдануға байланысты нормативті-құқықтық актілердің болуы («Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, тілдерді қолдану мен дамытуға арналған қалалық бағдарлама және т.б.)

 

 

тұрақты

 

меңгеруші,

әдіскер, педагогтар




«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын бақылау.

тұрақты

меңгеруші




Мекемедегі алқалық отырыстар мен мәжілістерде екі тілді енгізу мәселесін жүйелі түрде қарау.

тоқсан сайын

меңгеруші,

әдіскер




Тілдерді дамыту мен қолдану аясында өткізілетін қалалық іс-шараларға қызметкерлердің белсене қатысуын қамтамасыз ету.

тұрақты

меңгеруші,

әдіскер




Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес ресімделуін қадағалау.

ай сайын

меңгеруші,

аудармашы




БАҚ-пен жұмыс

- қазақ тіліндегі мерзімділік басылымдарға жазылу

қараша

әдіскер




Мерекелік іс-шаралар










  • «Жырлаймын Отанымды!» патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы

қаңтар

әдіскер, қазақ тілі

мұғалімі,

тәрбиешілер




  • «Тұсау кесу» шағын орталықта сәбилердің бірінші мерекесі

  • «Бесікке салу» салт-дәстүрін көрсету.

 

  • «Қырқынан шығару» салт-дәстүрін көрсету.










  • «Ауыл тойы» ертеңгілік.

  • «Наурыз – шуақ мереке!» ертеңгілік.

  • «Ұлттық ойындар күні» жарыс.

  • «Шебер  әжелер» сайысы.

наурыз

топ тәрбиешілері,

әдіскер, тәрбиешілер,

қазақ тілі мұғалімі, спорт нұсқаушысы











.

  • «Ұлттар достығы – ұрпақтың тілегі» ертеңгілік.

 

мамыр

әдіскер, тәрбиешілер,

қазақ тілі мұғалімі

 

  • «Бақытты балалық шақ» ойын-сауық.

  • «Әрқашан күн сөнбесін!» суреттер байқауы.

маусым

тәрбиешілері, қазақ

тілі мұғалімі

 

  • «Гүлдене бер, Астана!» арналған музыкалық кеш.

  • «Менің сүйікті қалам»  аудандық, қалалық суреттер байқауына қатысу.

шілде

әдіскер,

тәрбиешілері

 

  • «Баланың  құқығы туралы» Заңдар,  ата-аналармен дөңгелек үстел.

  • «Көк тудың желбірегені – ай!» тәрбие сағаты.

тамыз

әдіскер,

тәрбиешілер

 

  • Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өткізілетін іс-шаралар:

  1. «Өз тіліңді құрметте».

  2. «Кел, балалар, оқылық!» сайыс.

  • «Білім күні» ертеңгілік.

қыркүйек

тәрбиешілер,

әдіскер, қазақ тілі

мұғалімі

 

қазан

Әдіскер, қазақ тілі мұғалімі, тәрбиешілер

 

  • «Ғажайып ертегілер елі» балабақшада өткізілетін ертегілер сайысы.

қараша

әдіскер, тәрбиешілер,қазақ тілі мұғалімі

 

  • «Тұңғыш Президент» тақырыптық сабақ.

  •  «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік» тақырыптық ашық сабақтар.

  • «Менің сүйікті, Қазақстаным!» мереке.

желтоқсан

әдіскер,

тәрбиешілер,қазақ тілі мұғалімі

 

Ата - аналармен жұмыс







 

  • «Қазақтың ұлттық тағамдары» ата-аналар сайысы

наурыз

ата-аналар,қазақ тілі мұғалімі,әдіскер, тәрбиешілер

 

  • «Біз көп ұлттымыз» өзге ұлт өкілдерінің қызметкерлері арасында өткізілетін сайыс.







 

  • «Қазақ тілін бірге үйренеміз» дөңгелек үстел.

  • «Біз Қазақстандықпыз» конференция.

қыркүйек

ата-аналар,қазақ тілі мұғалімі,әдіскер,

тәрбиешілер

Атқарылған жұмыс нәтижесі




Кіріс-шығыс құжаттарының көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу.

Тоқсан сайын

хатшы




Тілдерді қолдану мен дамытудың 2014  жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат.

тоқсан сайын

меңгеруші,

әдіскер, хатшы

Каталог: 0CE481BCB0098E60
0CE481BCB0098E60 -> Мұғалім: Жиналысымызды бастамас бұрын ата аналар 2 түсті жүрекшелерден бір бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата аналар бірігіп бір топ боласыздар. «Есімдер аллитерациясы»
0CE481BCB0098E60 -> Аты-жөні Жапар Айгерім Еркешқызы
0CE481BCB0098E60 -> Тақырыбы: “Аққу, шортан һәм шаян ”
0CE481BCB0098E60 -> Міндетіміз: Жас ұстаздарға тәрбиелік көмек беру
0CE481BCB0098E60 -> Молодежный орта мектебі Ашық тәрбие сағаты «Ас атасы-нан»
0CE481BCB0098E60 -> Сергіту сәті 21 ғасырға 21 тілек
0CE481BCB0098E60 -> Молодежный орта мектебінің 2016-2017 оқу жылының І жартыжылдықтағы әдістемелік жұмысының қорытындысы Мектебіміздің әдістемелік жұмысы
0CE481BCB0098E60 -> Тақырыбы: «Периодтық жүйенің шығу тарихы»
0CE481BCB0098E60 -> Зеренді абб «Бекітемін» «Келісілді» басшысы мектеп директоры шағын орталық әдіскері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет