Сабақтың мақсаты Білімділік: ақпаратты бірнеше дерек көздерінен алады



Дата21.11.2016
өлшемі322,98 Kb.
#2226
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.

Қазақ хандығының құрылуына қандай саяси оқиғалар себепболды?



Мектеп: Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.

Сыныбы: 7

Мұғалімнің аты-жөні: Тұяқбаева Жанагүл Қойшықызы







Сабақтың

мақсаты

Білімділік: ақпаратты бірнеше дерек көздерінен алады;

деректі біршама күрделі сұрақтарға жауап беру үшін салыстырады;

әртүрлі тарихи оқиғалардың өзара байланысын табады;

тарихи тұлғалардың қызметіне сипаттама береді –деген оқу мақсаттарын жүзеге асыру.


Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, өзгерістерді анықтау, талдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Отаншылдық, елжандылық қасиеттерін шыңдай отырып, тәуелсіздікті сақтау идеяларын жан-жақты қабылдауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:карта,тірек-сызбалар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Миға шабуыл,Жигсо, Ойлан тап.
Күтілетін нәтижелер:

1. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;

2. Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;

3. Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;

4. Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.


Жоспар

Уақытты жоспар лау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дерек көздері

Басы

Жоспар:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Қызығушылықты ояту

  3. Мағынаны тану

  4. Ой толғаныс

  5. Өз таңдауыңды жаса

  6. Қорытындылау

  7. Бағалау

  8. Үйге тапсырма беру

  9. Рефлексия


Психологиялық серпіліс:

Құрметті оқушылар сіздермен орыс халқының ойшылы, жазушы, әдебиет сыншысы В. Г. Белинскийдің мына ойымен бөліскім келеді. “Мақсатсыз әрекет жоқ, қызығусыз мақсат жоқ, ал әрекетсіз өмір жоқ. Мақсат пен қызығу – іс әрекеттің көзі”деген екен. Осы сөзді сіздер қалай түсінесіздер?



Ендеше құрметті оқушылар мен де сіздерді бүгінгі сабақты мақсатты іс әрекетпен, қызығушылықпен өткізуге шақырамын.
Қызығушылықты ояту”Мағыналы құрылымдық қабаттар – жаттығуы

Құрметті оқушылар төмендегі суреттерге назар аударыңыздар!

Менде қандай сұрақтар туындады?

Мен нені байқай алдым?

Сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?






Ортасы

Білу

Мәтінмен жұмыс

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» .


Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияғадеректемелердетұңғышрет «Қазақстан» дегенатауқолдыналабастады..
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін мозаиканы жинақтау арқылы мәтін құрастыру
Жұптық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастырыңыздар


1465 -

1466

мен

Керей

жылдары

Жетісу

сұлтандар

Батыс

Жәнібек

жері

Қозыбасы

деген

жерде

хандығы

ның


қазақ

туын

біртұтас

мемлекет

тігіп

құрды.


Жауабы

1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасы деген жерде қазақ хандығынның туын тігіп, біртұтас мемлекет құрды.


Жинақталған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер
Біртұтас қазақ мемлекеті қай жылдары құрылды?

Қазақ хандығын кімдер құрды?



Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

Түсіну

Алынған мәліметтерді қайта қарастыру және оған сипаттама беру үшін жазбаша жұмыс орындаңыздар


Екі бағанадан мәтіннің тірек сөздері мен сөз тіркестерін тауып сәйкестендіріп жазыңыздар.

Әбілқайыр хандығы мен Моғалстан хандығының күш –қуаты әлсіреп,


біріктіру міндеті алға тартылды.

Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы


қазақ хандығын құру мүмкіндігі туды.

Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп


күйреу дәрежесіне жетті.

Бұл міндеттердің шешілуі үшін


негізгі себептері мен алғышарттары еді.

Бұл жағдайлар Біртұтас қазақ мемлекетін құрудың

өзара талас – тартыстар толастамады.



Жауабы:


Екі бағанадан мәтіннің тірек сөздері мен сөзтіркестерін тауып сәйкестендіріп жазыңыздар.

Әбілқайыр хандығы мен Моғалстан хандығының күш –қуаты әлсіреп,


күйреу дәрежесіне жетті.

Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы


өзара талас – тартыстар толастамады

Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп


біріктіру міндеті алға тартылды.

Бұл міндеттердің шешілуі үшін


қазақ хандығын құру мүмкіндігі туды.

Бұл жағдайлар Біртұтас қазақ мемлекетін құрудың


негізгі себептері мен алғышарттары еді.


Қолдану

Алған білімдеріңізді шешім қабылдай отырып, дәлелдемелер келтіру арқылы көрсетіңіздер
«Керей менЖәнібек – Қазақ хандығының тұңғыш хандары»
Сурет ұсынылады. Дәл суреттегідей кейіпке енуіңіздісұраймын.
Сұрақ :

1) Не көріп, не естіп, не сезіп, не ойладың?

2) Бұл дерек бізге қандай мағлұмат береді?

3) Деректен қандай қорытынды шығаруға болады?


Талдау және сыни ойлау.

Алған білімдеріңізді сараптай, талдай отырып, одан әрі дамытудың жолдарын көрсетіңіздер

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауырыЖүнісТемір әулетімен одақтасып ағасына қарсышығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.


Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз деген екен осы жерде Керей мен Жәнібекке сипаттама беріңіздер.

Тапсырма:

Керей менЖәнібекке мінездеме жазыңыздар

Кейіпкерге

Мінездеме жазу үшін келесі критерийлерге негізделу қажет:

1. Кейіпкердің өмір сүріп отырған дәуіріне толық сипатама жазу;

2. Кейіпкердің өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;

3. Тарихи орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі.

4. Адам ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері.

5. Кейіпкерге тарихи баға беріп, қорытындылау.

6. Кейіпкер туралы жеке көзқарасы.


«Өз таңдауыңды жаса» Шайбани ханмен жасаған шарт жайлы не айтар едіңдер? Таңдау керек болып анықтау үшін- Керей мен Жәнібектің халықпен бірлесе жасаған саясаты арқылы күш-қуаттың өсуі қалай байқалуда не- білесің?

Қорытындылау
Алған білімдеріңізді бірортаға жинақтау арқылы қорытынды жасаңыздар.

Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіздер?




Қорытынды ой









Соңы

Бағалау

Бағалау дөңгелегі



Бағалау дөңгелегін толтыру

  • Қарым – қатынас

  • Шешім қабылдау

  • Ыңғайлы сезіну

  • Қызығушылығының артуы

  • Уақыттың тиімді пайдаланылуы

  • Әрекет ету

Рефлексия

  1. Маған бүгінгі сабақтан ұнаған үш жағдай...

  2. Мені бүгінгі сабақта ойландырған екі жағдай...

  3. Менің бір ұсынысым немесе сұрағым...

Үйге тапсырма: «Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы тәуелсіздіктің бастамасы» тақырыбына эссе жазып келіңіздер.




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет