Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру. Тақырыбы: Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



Дата05.04.2022
өлшемі38,98 Kb.
#138001
Байланысты:
Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру
Презентация қуғын сүргін

Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру.
Тақырыбы: Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 41-бабында «Мұғалім мен оқушының білім игеру деңгейінің Мемлекеттік стандарттан төмен түспеуіне кепіл болу керек» деп міндеттесе, 8 – бабында «Мемлекеттік стандартты басшылыққа алу арқылы білімділіктің деңгейін, жалпы білім сапасын көтеру – білім беру жүйесінің міндеті» - деп шығармашылықпен жұмыс істеуді талап етеді. Ал, адам бойындағы керемет қасиет, асыл қазына – ақыл, ой және сананың сапалылығымен өлшенеді. Өз тәжірибемде оқушылардың білім сапасын көтеру үшін жазба жұмыстарын көбірек пайдаланамын. Себебі, жазба жұмысы – сапа көрсеткіші. Жазба жұмыстарды зерделей, саралай отырып, «Мониторинг» тәсілімен үздіксіз жұмыс істеу – үлкен нәтижелерге жеткізеді. Оқушылардың жазба жұмыстарындағы қатені нақты ашып көрсету – қатені екінші рет жібермеуге жетелейді. Ол үшін қатемен жұмысты оқытудың жаңа технологияларының талабына қарай ұйымдастыру қажет. Осындай мақсаттағы жұмыстарыма тоқталайын:

  1. Тоқсандық бағалау және өздік жұмыстарды, тест және шығармашылық жазба тапсырмаларды алғаннан кейін, тексеруге мән беремін.

  2. Әрбір баланың қатесіне тереңірек үңілемін.

  3. Ұқсас қателерге қарай оқушыларды топқа бөлемін. Қатемен жұмысты әртүрлі тәсілмен, әртүрлі ортада ұйымдастырамын:

А) Жеке баламен жұмыс жүргізу.
Ә) Топпен жұмыс жүргізу.
Қазақ тілінен алынған жазба жұмысындағы қате бойынша саралау кестесі.

Топ

Қате бойынша жұмыстың бағыты

Оқушының аты

1- топ

Екі дауыссыздың қатар келуі.

Нұрсұлтан, Бауыржан, Жұлдыз, Асылан.

2-топ

Дауысты «и» мен дауыссыз «й» дыбыс әріптерінен.

Айнаш, Ахат, Гүлсара.

3-топ

«н», «ң» дауыссыз дыбыс әріптерінен

Асылан, Ахат.

4-топ

Жалқы есімнің жазылуынан

Салтанат, Нұрсұлтан, Бауыржан.

5-топ

Тыныс белгілерінен

Салтанат, Амандық, Мәдина.

Білім қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғаммен байланыстырудың бір тәсілі – үнемі оларға ой тастайтын сұрақтар беріп отыру, олардың жауап бере алуы немесе бере алмауы маңызды емес, олардың осы сұрақ төңірегінде өздерінің жауап іздеуі маңызды. Бұл оқушының ой – өрісін дамытуы үшін ізденуіне әкеліп тірейді. Өзінің ой – өрісінің дәрежесінің қандай екендігі және нені білу керек екенін түсінеді.
М. Жұмабайұлы түсініп оқымай, жаттап алушылыққа үзілді – кесілді қарсы.
Баланы оқыту үшін оның жүрегіне ең алдымен нақты бейне, сурет орнату керек деп кеңес береді. Мысалы: әр бала өз салған суретінің астына өзінің аты жазылған суреттің дұрыс салынбағандығын қаламайтынын ескеру керек. Сонымен бірге балалар алғашқы жазатын сөздердің таныс тұрмыстан болуы шарт. Бұл оларды сауаттылыққа үйретеді. Бірден жазу жаза бастағанда сөз мағынасын түсінбесе қатемен, сауатсыз жазу деген осыдан қалыптасады. Жалпы бала бойына нені сіңіріп, нені талап ету керек?

  1. Естіген, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру.

  2. Белгілі – бір әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу.

  3. Дайын әңгімені өз ойынан толықтыру.

  4. Балалар жиналысында өз пікірін дәлелдеп сөйлеу.

  5. Әдебиет әсерлі кестелі, қатесіз, өлшеулі, өлшейсіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу.

  6. Оқығанды суретке салу, әдебиет әсерін сахнаға айналдыру.

Сөзсіз, бұл жұмыстардың бәрі бастауыш сыныптардағы жұмыстардың күрделенген түрі. Пәнаралық байланысты жүйелі, ұтымды пайдалану арқылы ойды еңбекпен, білімді тұрмыспен, арман – қиялды имандылық – ізгілікпен ұштастырып отыру керек. Әрбір оқушы өмірде өз орнын тауып, батыл қадам жасау үшін, өзіне сенімді, адамдарға деген көңілі жақсылыққа негізделу үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек деп ойлаймын.
Ағартушы «Бала не нәрсемен айналысса да ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білгенін, болмаса, тілі түзелгенмен ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмейтін балаға ешбір білім беру мүмкін еместігін» дәл басып дәлелдей білген.
Оқығанды суретке салу немесе суретке қарап әңгіме құрастыру баланың ойын дамытып қана қоймайды, олардың қоршаған ортаға көңіл аудара білуді, сұлулықты, әдемілікті, түсінуді қалыптастырады, үйге берілген тапсырманы орындауға қызығушылығын арттырады. Сондықтан мұндай тапсырмаларды үйге беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сурет пәнін осылайша басқа пәндермен байланыстыра отырып, сонымен бірге дене шынықтыру, сурет, ән – саз, еңбек сабақтарын көбінесе сабақ кестесінде 3 – сабақта өткізуге тырысамын.
Бұл оқушыларды сергітуде, дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін, еңбекті оймен ұштастыруға әсерін тигізеді. Шығармашылық жұмыстың маңызды бір бөлігі – ертегі, әңгімелерді сахнаға айналдыру. Бұл мәселеге де М. Жұмабайұлы өте қатты көңіл бөлген. Шәкірт бойында әртістік қабілетті ғана дамыта қоймай, сценарий, режиссер сияқты мағлұматтарды ала бастайды. Ұйымдастыру, басқару қабілеттері аңғарылады.
Пәнаралық байланысты дамытудағы негізгі бағытым – барлық пәндерді ана тілімен байланыстыру. Өз ойын дәл, нақты, дұрыс жеткізу, басқа адамның пікірімен санасу, олардың да ойын бөлісу, тыңдай білу деген сияқты қарапайым ұғымдарды үйрету. Өзіндік пікірі бар, бірақ өзгені де сыйлай білетін, өз ойын нақты жеткізетін, өзін дамытып отыратын жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін ана тілі пәнін барлық пәндермен халықтық педагогика ілімін қолдану арқылы жақсы байланыстыруға болады
Бастауыш сыныптардың басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.
Өздеріңіз көріп отырғандай жазба жұмысын зерделеп, саралап отыру, оқушының әрбір тақырыптан алған білім сапасы мен әлі де болса қайталауды қажет ететін тақырыбын айқындайды. Бұл саралау кестесі, мұғалімнің жұмысын айқындап, анықтай түседі. Ол үлкен жетістікке әкеледі. Оқушының жазба жұмысын диагностикалау – олардың білім сапасын көтереді.

Ек3нш3




    1. Шығармашылық жазба жұмыстары -тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт – бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл күй, ой-толғам болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты.Осыған орай кейде ой-толғау түрінде оқушыларға «Мен кіммін?»,«Who l am?»деген тақырыпты жазуға тапсырма беремін.

Менің бұл арадағы ұстаздық міндетім – жұмбақ дүние сырын меңгеру бары-
сында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына да-
рыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жа-
қындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.Оқушылардың ағылшын тілінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Біріншіден, түсінгенін дұрыс айта білу( сөйлемді дұрыс құрастыру,жеке дыбыстарды, буынды, сөзді, сөз тіркестерін дұрыс оқу).Екіншіден тақтадан, кітаптан, мұғалім айтқанынан сөз, сөз тіркестері, сөйлемдерді сауатты көшіре білу.
Тілдерді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, салауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.
Жалпы білім беретін мектептерде5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.
Әріп диктанты. 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты- ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Мысалы:a,e,i,o,u,y,t,d,n,m,b,v әріптерінен келетін сөздерді жаздыру.
Сөздік диктант- барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі жаңа грамматикалық тақырып, мәтін, сурет,түрлі жаттығу жұмыстарынан кейін өтілген материалдарды пысықтаудың ең тиімді жолыболып есептеледі.
Мысалы:living room, bed room, study, dining room, ground floor, flat, house, window, door.
Шығармашылық дикатант.Диктанттың бұл түріне сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бұзылып,шашыранды сөз түрінде берілген сөйлемдер алынады.Бұл сөздердің әр тобынан оқушылар өздігінен сөйлем құрастырады.

  1. Usually , watch, I,TV, on Sunday.

  2. Always, she, piano, plays, at home, the.

1. He, sweets, cakes, jam, likes.
2. The shop, closes, at 5o’clock.
1. A lot, in, winter, here, it, rains.
2. Very, she, visits, her, it rains.
Бақылау диктанты- барлық сынаптарда оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында өткізіледі.Диктанттың бұл түрі белгігі бір тақырып өтілгеннен кейін жүргізіледі. Бақылау диктантын жазуға төселудің шарты- оқылған сөйлемдерді , сөздерді, бірден ұғып алып, жадында сақтап жазуға үйрету.

  1. Жеміс пен көкеністі екі топқа бөлу.

Fruit vegetable
Bananas, apples, tomatoes, onions, carrots, cabbages, apricots, oranges.

  1. Киімдерді үш топқа бөлу.

Boy’s wear Girl’s wear Either
Boots raincoats pajamas pants tights dresses trousers pullovers shirts gloves.

  1. Сөз таптарына байланысты үш топқа бөлу.

Nouns Verbs Adjectives
Dog, play, farm, hand, river, cry, small, eat, clean, hunter, boring, write.
Оқушылардың білімін сынауға арналған тағы бір жазба жұмысының түрі- сұрақтарға жауап жазу. Сұрақтар алынған мәтінді қайталауға, немесе белгілі бір тақырыпқа берілген суреттер, диафильмдер бойынша қойылуы мүмкін. Жауаптары бағаланғанда оның мазмұнына, сөйлем құрлысының дұрыстығы, орфографиялық сауаттылығы ескеріледі.
Диктант, жазба жұмыс түрлерін оқушылардың жас ерекшілігіне, топтың қабылдау қабілетіне қарай, оқу материалының күрделілігіне байланысты жеңілдетіліп немесе қиындатып отыруға байланысты жеңілдетіп немесе қиындатып отыруға болады.[8]
2.2 Менің ұстаздық міндетім – жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына да-
рыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жа-
қындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру. Бәрі-
мізге белгілі, бір сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Ағылшын тілі 5-сыныптан бастап жүргізіледі, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. 5- сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлы-

ғы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Ал мен оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімделіп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тап-
сырма бере бастаймын.[19]
Мұғалім басқа оқушылар өлең жаттау керек болса, ол оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді,дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.
Орта буынға келгенде, қабілетті дарынды оқушылар сабақтағы жұмыстарға қанағаттанбайды. Осы кезден бастап қосымша сабақтар өткіземін, баланың қабілетін танытуға мүмкіндік туады. 45 минутта қалай үлгеремін демей, жеке өзімен аптасына қосымша сабақ жүргіземін, әр уақытқа оқушыдан бөлемін, себебі екеуіне сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, түсіндіріп отырады, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Бұл жастағы балалар өз мүмкіндіктеріне қарай шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды. Мен көбіне-көп оқушылардың өздеріне орындауға мүмкіндік беремін,келесі сабақта қатесін тауып,қосымша ойлармен толықтырып, әңгімелеп береді, шағын мазмұндамалар жаздырамын. Осындай қосымша сабаққа қатысатын оқушылар мектептегі жарыстарға, апталықтарға белсене араласып ұйытқы бола алады. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжрибесін қорытындылауға үйренеді. Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептеледі. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
-баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
-өзін-өзі дамытатын тұлғалар қалыптастыру.

Қортындылай келе,ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз ететіндігін айтқым келеді.


Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай, алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады.


Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мұғалім оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет