27 Дихан орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы үйірме жетекшісі А.Қансейтованың үйірме жұмысының жылдық есебі. Дихан ауылы 2014-2015



Дата23.12.2021
өлшемі20,93 Kb.
#128166
Байланысты:
00073669-4c14c64c


27 Дихан орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы үйірме

жетекшісі А.Қансейтованың үйірме жұмысының жылдық есебі.

Дихан ауылы 2014-2015

27 Дихан орта мектебінің үйірме жұмыстары туралы мәлімет.





Үйірменің аты

Үйірме жетекшісі

Сағат

Қамтылған сыныптар

Оқушылар саны

1

Тіл дамыту

Өрісбаева Қ

1

1а-сынып

17

2

Тіл дамыту

Қаржаубаева Д

1

1а-сынып

16

3

Музыкалық әлем

Асилбеков Қ

1

2-сынып

13

4

Ақпарат және компютер

Кадырбеков Ж

1

3а-сынып

15

5

Ақпарат және компютер

Кадырбеков Ж

1

3а-сынып

16

6

Жас талант

Есеналиев Т

1

4-сынып

14

7

Стол тенис

Батагоев Ж

1

5-сынып

10

8

Тоғыз құмалақ

Қыстаубаев Т

1

7-сынып

12

9

Пікір сайс

Қырғызбаева Қ

1

8-сынып

12

10

Физика және техника

Өрісбаев М

1

9-сынып

17

11

Физика және техника

Өрісбаев М

1

10-сынып

12

12

Шешендік өнер

Момбаева Р

1

11-сынып

12

Қосымша білім беру педагогы: А.Қансейтова

27 Дихан орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы үйірме жұмысының жылдық есебі.

1 «а»сыныбында 17 оқушы бар. Үйірме сабағының тақырыбы «Тіл дамыту» деп алып 33 сағатқа жылдық жоспар жасап директорға бекітіп, сол тақырыптық жоспар бойынша жұмыс жүргізді. Оқушылармен жұмыс істеу барысында оқушының қабілетіне қарай сабақта тапсырмаларды орындаудағы ерекшілігі мен алғырлығы, оқу мәнері, ізденімпаздылығын бақылап отырды. Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсене, топпен жұмысты жасай отырып, уйірмеге деген қызығушылықтары артты. Үйірмеде балалар берілген дыбыстарға дыбыстық мінездеме бере отырып ,қосымша деректер алып отырды. Топпен жұмыс жасай отырып, оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Қосымша тест алып білім деңгейлерін анықтап отырды. Практикалық сабақтар үлгермей жатқан оқушылармен қосымша тапсырмалар ұйымдастырып отырды.

Жыл бойында үйірмеде жұмыс жасай отырып,оқушылар сатылай кешенді талдау жасауды үйрене бастады. Буындық, дыбыстық талдау жасай алады. Бекітілген жоспарды толығымен орындап шықты.

1 «ә» сыныбында 16 оқушы бар . Үйірме сабағының тақырыбы «Тіл дамыту» деп алып 33 сағатқа жылдық жоспар жасап директорға бекітіп, сол тақырыптық жоспар бойынша жұмыс жүргізді. Оқушылармен жұмыс істеу барысында оқушының қабілетіне қарай сабақта тапсырмаларды орындаудағы ерекшілігі мен алғырлығы, оқу мәнері, ізденімпаздылығын бақылап отырды.Топпен жұмыс жасай отырып ,оқушылар еркін сөйлеп ,өз ойларын еркін жеткізе білді.

Жыл бойында үйірмеде жасай отырып ,оқушылардың үйірмеге деген қызығушылығы артқанын байқады.

Оқу жылының басында оқушылардың өтініштерімен « тоғызқұмалақ» үйірмесі бір топ болып мектеп директорының бұйрығымен ашылды. Жоспар бойынша өткізілді. Бірінші тоқсанда тоғызқұмалақтың тарихын , тақтасын және жүрістерін меңгерді. Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді.Ерекше ойынмен көзге түскен оқушылар Анарбек Нұрболат 7 сынып оқушысы, Нұрмахан Алтынай 7сынып, Тұрсынқұл Аяна 7 сынып, Маратқызы Үміт 6 сынып және Тұрсынқұл Айбек 6 сынып оқушылары.

Екінші тоқсанда жай және табысты жүрістер және тұздық алуды үйренді. Ойынды жазып ойнауды жүрістерді есептеуді жақсы меңгерді.Метепшілік жарыстарда жақсы өнер көрсетті. Мыңбұлақ мектебімен жолдастық кездесу өткізді.

Үшінші тоқсанда байлап ойнау және айырбасқа шақыруды білді. Оқушылар арасында жарыс өткізіліп жеңіске жеткен оқушылар ауданда өтетін жарысқа жолдама алды. Анарбек Нұрболат 7 сынып, Нұрмахан Алтынай 7сынып, Тұрсынқұл Аяна 7 сынып, Маратқызы Үміт 6 сынып және Тұрсынқұл Айбек 6 сынып оқушылары. Сегізінші науырыз мейрамына ұйымдастырылған жарыста Нұрмахан Алтынай және Анарбек Нұрболат 6 сынып оқушылары жүлделі үшінші орынды иеленді. 22-Наурыз мейрамына ұйымдастырылған жарыста Анарбек Нұрболат және Тұрсынқұл Аяна 6 сынып оқушылары жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Төртінші тоқсанда осал отауларға шабуыл жасау және осал отауларды қорғау әдістерін жақсы меңгерген . Өткен сабақтары қайталап шықты. Мектепте оқушылар арасында жарыс өткізілді.Жеңістің 70 жылдығына ұйымдастырылған аудандық жарыста ұлдар арасында үшінші орынды иеленіп Анарбек Нұрболат Громатамен марапатталды. 7 сынып оқушысы, қыздар арасында Нұрмахан Алтынай және ботбайбек Аяулым 11 сынып оқушылары жақсы өнер көрстті. Командалық есепте үшінші орынды иеленіп кубокты жеңіп алды.



«Жас таланттар»үйірмесі жоспарын бекіткізіп жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілді. 4 сыныпқа 1 сағат үйірме беріліп оқушылармен жұмыс атқарды.Оқушылар өнер туралы мағұлыматтар алды.Сонымен қатар бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтары артты.

Бірінші тоқсанда акварельмен сурет салу өнерін меңгерді. «Ертегілер елінде»тақырыбы бойынша аппликация жасады. Оқушылар арасындағы үзлік шықан оқушылар Құрал Бибінұр ,Бақберген Абылай, Анарқұл Қасымжомарт, Пернебек Санжар, және тағы басқа оқушылар.

Ал екінші тоқсанда ермексаз арқылы мүсін жасау өнерін меңгере отырып , өз қиялдарынан мүсін жасауды үйренді.

Үшінші тоқсанда тақырып бойынша қазақтың ою-өрнектері, мозайка, коллаж өнерлерін тиянақты меңгеріп, өз беттерінше сурет сала білді.

Төртінші тоқсанда гуашь,штрих әдістерінпайдалана отырып, сурет сала білді. Гуашпен орындаған Жамалбек Гулфайруздың еңбегі жоғары бағаланып , мұғалімнің марапатына ие болды. Штрих әдісі бойыншшша орындаған Оңғарбаев Нұрлыжанның суретін насихаттауға болады.Үйірмеден оқушылардың шығармашылық қаблеттері дамып , көркем естетикалық көз-қарастары өсті.

Мектеп ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді ат салысып көрмелерге қатыса отырды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аудандық мектеп аралық жарысқа қатысқан Жолдыбай Бақтияр ІІІ орынды иеленіп аудандық білім бөлімінің маққтау қағазымен марапатталды.

Сондай-ақ Әбдіманап Данияр «Туған елдің тұғыры биік» тақырыбында аудандық мектеп аралық жарысқа қатысты, ІІІ орынды иеленіп білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.

«Пікірсайыс»үйірмесі жоспарын бекіткізіп жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілді. 8 сыныпқа 1 сағат үйірме беріліп оқушылармен жұмыс атқарды.Бүгінде пікір сайыс жаңашыл педагогикалық технология ретінде оқыту мен тәрбиелеудің түрлері мен әдістері, оқыту моділі сипатында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік құралдарда қаралып жүр. Пікірсайыста тақырыпты оқушыларға алдын-ала хабарлап білдіру, білдірмеу тақырыпты ауқымдылығына байланысты.

Барлығымыз белгілі Пікірсайыс қарама-қайшы көзқарастыгының қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелер бойынша жүргізіледі. Мұнда тақырыбы бар 3 адамнан 2 топ қатыса алады.

2014-2015 оқу жылындағы 12 ақпан күні мектепшілік « Дұрыс тамақтану»айлығына байланысты 8 сыныптар арасында Пікірсайыс өтті. Сайыстың тақырыбы «Ыстық тамақтың қажеттілігі». Оқушылар екі топқа бөлінді.Жақтаушы топ: «Скиф» 1-спикер Жолдасхан Аяулым

2-спикер Әбдішүкір Нұрасыл

3 спикер Бекен Жанна

Даттаушы топ: «Дат»1 спикер Әділбай Ислам

2 спикер Сайлау Айбек

3 спикер Анарбек Гүлзина

Төрешілер: Бас төреші: Қ.Қырғызбаева

Құлжан Азамат, Қапарбекқызы Алтынай.

Пікірсайыс барысында Скиф тобы ыстық тамақтың ағзаға пайдасы зор екендігін дәлелдеуге тырысты.Буфеттік тамаққа қарағанда мұнда дәрумендердің көп болатындығын айтты. Буфеттік тамаққа қарағанда бағасы сәл қымбат болсада , денің саулығы оданда қымбат екендігін мысал келтірді. Мектептегі асхана тамағы өте дәмді жасалады. 2,3 сабақтардан кейінгі 20 минуттық үзілістерде оқушылардың асықпай тамақтануларына жағдай жасалған деп ақтады.

Дат тобы буфеттік тағамдардың да құрамы жағынан ыстық тағамдардан кем түспейтіндігін дәлелдеп бақты. Пікір сайыс өте қызықты ,тартысты өтті. Пікірсайыс қортындысы бойынша «Скиф»тобы жеңіске жетсе, ең үздік спикер атағна Бекен Жанна ие болды. Алдағы оқу жылында аудандық Пікірсайыс жарысында қатысуға жақсы дайындықтары бар екені көрініп тұр.



«Шешендік өнер» үйірмесі 11 сынып оқушыларына 1 сағат беріліп , жылына 34 сағат берілді. Жыл басында жоспары бекітіліп жоспарға сәйке жұмыс жүргізді. Үйірмеге тіл шешен , өз беттерімен шығарма жазуға ,өлең шығаруға икемдері бар , шығармадағы көркем бинелердің ерекшеліктерін сезініп аша білетін оқушылар тартылады. Үйірменің оқу материлына халық ауыз әдебиеті үлгілрін ( аңыз-әңгімелері, өлең-жыр, шешендік сөздер . Сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. Атап айтсақ ,11-сынып оқушысы Ағабек Лаураның өлең шығаруға қабілеті артқаны байқалды. Ал Артықбай Шырайлым «Тәуелсіздік -тірегім» жазған шығармасы аудан көлемінде «жақсы» деп бағаланды .Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагері Иманбетов Мұсақұл атамыз туралы мақаласы «Жаңа өмір »газетіне жарияланды.

Қосымша білім беру педагогы: А.Қансейтова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет